Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Теннис: Андрей Голубев «Ролан Гаррос» турнирінің жартылай финалына өтті

Қазақстандық теннисші Андрей Голубев және аустралиялық Сэмюэл Грот жұптық сайыста Францияның ашық біріншілігі — «Ролан Гаррос» турнирінің жартылай финалына өтті.

Ширек финалда олар Лукаш Кубот/Роберт Линстедт поляк-швед жұбын 6:3, 6:3 есебімен тізе бүктірді. Жартылай финалда Голубев пен Грот француз спортшылары Жюльен Беннето мен Эдуард Роже-Васслен және аргентиналық Максимо Гонсалес пен Хуан Монако жұптарының жеңімпаздарымен кездесетін болады.

Еске сала кетейік, үшінші айналымда Голубев пен Грот қарсыластары Джек Сок (США) пен Жоао Соуза (Португалия) жұбын 6:4, 6:3 есебімен жеңген болатын.

Басты сөздер: ӘлемСпорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
416

Осы тақырып бойынша