Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Дінтану мамaндығы

Республикамыздағы жаңа және үлкен сұранысқа ие мамандықтардың бірі.

Егер сіз «Дінтану» мамандығын таңдаған болсаңыз, онда жоғарғы кәсіби деңгейде конфессионалдық мәселелерді терең талдауға қабілетті боласыздар.

«Дінтану» мамандығының түлектері келесі мамандықтар бойынша жұмыс істей алады:

-          ІІМ, ҰҚК және прокуратура органдарында кеңес беруші және эксперт маманы ретінде;

-          Ішкі және сыртқы саясат бөлімдерінің қызметкерлері; Діни істер бойынша Комитетте;

-          Мемлекеттік, конфессиялық және қоғамдық ұйымдарда  тәуелсіз эксперт ретінде;

-          Мемлекеттік-құқықтық және мемлекеттік-шіркеулік мәселелерде дінаралық және конфессияаралық қатынастар бойынша кеңесші;

- Жоғары және арнайы орта оқу орындарында оқытушы ретінде.

ü    мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары;

ü    Бітіруші магистратура мен PhD білімін жалғастыра алады және халықаралық жобаларды іске асыруға (БҰҰ, ISESKO, Ашық қоғам институты және т.б.) қатыса алады;

ü    «Халал» стандарттау комитетінің, ҚМДБ қызметкерлері және басқа да мемлекеттік, мемлекеттік емес мекемелер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері;

Бакалаврлар дінтанудың  төмендегідей бағыттары бойынша арнайы дайындықтан өтеді:

  • Дін тарихы
  • Ислам теологиясы
  • Христиан теологиясы
  • Құран және Құран ілімі
  • Дін философиясы
  • Дін әлеуметтануы
  • Дін психологиясы
 

Дінтану және Мәдениеттану кафедрасының шет ел университеттерімен байланысы

1.Қалмақ мемлекеттік университеті (Ресей);

3. Манчестер Университеті (Англия);

4.Оклахома Штаты Университеті (АҚШ);

5. Христиан  және  ислам бағытындағы білім орталығы (АҚШ);

6. Мармар университеті (Түрік);

7.Гуманитарлық және әлеуметтік ғылыми  институты (Оңтүстік Корея),

8.Комплутенсе Мадрид университеті (Испания). т.б.

Дінтанудың зерттеу пәні

Дінтану – бұл діни ілімдер тарихын және діни өмірдің институциялық формасын діни-мәдени мұра, діни өнер, діни жазба ескерткіштерін, діни білім және ғылыми зерттеу қызметі, дінге тән құқықты, діндер тарихының археологиялық ескерткіштерін, түрлі діни ілімдер мен діни ұйымдар арасындағы өзара қатынас тарихы мен қазіргі ахуалын зерттейді. Жоғары кәсіби білім беру жүйесінде дінтану зайырлы тұрғыдан оқытылады.

Дінтану пәні – тарихтың сан ғасырлық мұрасында жинақталған діни тәжірибе, діни мәдениет ескерткіштері, интеллектуалды және рухани мұралар болып табылады.

 
0
0
270

Осы тақырып бойынша

Дінтану мамaндығы - Yvision.kz