Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстанның футбол құрамасы Тәжікстан командасымен кездеседі

Қазақстанның футбол құрамасы Тәжікстан командасымен кездеседі
Қазақстанның футбол құрамасы Тәжікстан командасымен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

Еуро-2016 чемпионатына дайындық ретінде өткізілгелі отырған матч 12 тамыз күні Алматының Орталық стадионында болады. Басталуы — Астана уақыты бойынша сағат 19:30-да.

Қазақстан футболшылары осы уақытқа дейін Тәжікстан құрамасымен үш рет ойнағандығын айта кеткен жөн. Екі кездесу қазақстандықтардың пайдасына шешілсе, бір матчта тең ойын тіркелді.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстан құрамасы 5-13 тамыз күндері Талғарда оқу-жаттығу жиындарын өткізбек. Команда Еуро-2016 чемпионатының іріктеу сынына дайындалуы тиіс. Құраманың бас бапкері Юрий Красножанның кеңейтілген тізімінде 41 футболшы бар.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Жасұлан Жолдыбаев
 
0
0
231

Осы тақырып бойынша