Шахматшы қыздарымыз Бүкіләлемдік олимпиадада үздік ондықтың қатарына енді
Шахматтан Қазақстанның әйелдер құрамасы Тромседе аяқталған Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасының қорытындысы бойыншы үздік ондықтың қатарына енді, — деп хабарлайды Vesti.kz. Олимпиаданың соңғы күнінде отандастарымыз Чехия құрамасын 3:1 есебімен жеңді. Кездесу барысында Гүлісхан Нахбаев Кристина Хавликоваға жеңілсе, Динара Сәдуақасова Каролин Олсарованы, Жансая Әбдімәлік Ольга Сикорованы, ал Гүлмира Дәулетова Тереза Олсарованы жеңді. Бұл олимпиада барысындағы Қазақстан әйелдер құрамасының сегізінші жеңісі. Осылайша қоржындарына 17 ұпай салған қыздарымыз Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасының алтыншы орынына жайғасты. Әйелдер арасындағы бірінші орынды Ресей құрамасы (20 ұпай: 10 жеңіс, 1 жеңіліс) алса, екінші орынға Қытай құрамасы (18 ұпай: 8 жеңіс, 2 тең нәтиже, 1 жеңіліс) жайғасты. Үшінші орын а…