Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Астанада 16 тамызда мектеп тауарларының жәрмеңкесі өтеді

АСТАНА. 15 тамыз. Елордада 16 тамыз күні мектеп тауарлары мен оқу құралдары сатылатын жәрмеңке өтеді. Бұл туралы astana.kz хабарлады.

Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін аталған жәрмеңке сенбіге ұйымдастырылып отыр. Мұнда оқушыға қажетті заттардың барлығы қолжетімді бағамен сатылады.

Жәрмеңке қаланың орталық алаңында өтеді. Онда елордалық кәсіпкерлермен қатар еліміздің өзге өңірлерінен келген іскер азаматтар да өз тауарларын ұсынбақ. «Біз кәсіпкерлерді таңдағанда тауар сапасына аса мән бердік. Сонымен қатар өз бағамызды қоямыз. Өйткені, әр ата-ана сапалы бұйымды қолжетімді әрі тиімді бағамен алуы керек», – дейді Астана қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының қызметкерлері.

Тағы бір айта кетер жәйт, 1 қыркүйекке дейін дәл осындай жәрмеңке тағы бір рет ұйымдастырылады.

 
0
0
309

Осы тақырып бойынша

Астанада 16 тамызда мектеп тауарларының жәрмеңкесі өтеді - Yvision.kz