«ХҚКО» РМК-ның Жамбыл облысы бойынша Мамандандандырылған бөлімі
«Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы» - бұл автокөлікті тіркеу, тіркеуден шығару және жүргізуші куәліктерін беру функцияларын атқаратын «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық Мемлекеттік кәсіпорнының бөлімі. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауы негізіндегі Мамандандырылған ХҚКО ашу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында қазіргі таңда Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтау және Тараз қалаларында Мамандандырылған ХҚКО өз жұмыстарын атқаруда. «ХҚКО» РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының мамандандырылған бөлімі өз жұмысын пилоттық режимде 20.12.2013 ж. бастаған. Бөлім үшін, Тараз қаласы, Төле би 198 «а» көшесі мекен-жайы бойынша орналасқан Жамбыл облыстық Ішкі Істер Департаментінің «бұрынғы милициялық мектеп» ғимаратының бір бөлігі бөлінген. Мамандан…