Электрондық сандық қолтаңба – болашағыңыздың кілті!
Электрондық сандық қолтаңба – бұл мағыналы құжаттамалармен алмасу үшін өте ыңғайлы қазіргі заман құралы, электрондық қолтаңба механизмін енгізу арқасында Қазақстан өңірінің шекарасы экономикалық қызметтер үшін шектеулі болмайды. ЭСҚ қалай қолданады? Қолтаңбаны қолдану өте оңай. Ол үшін ешқандай арнайы білімнің, дағдының және іскерліктің керегі жоқ. Электрондық құжаттамамен алмасуға қатысатын әрбір ЭСҚ пайдаланушыға ашық және жабық (құпия) криптографиялық кілттер беріледі.
Басты элемент құпия (жабық) кілт болып келеді, оның көмегімен электрондық құжаттарды шифрлеу жүргізіледі және электрондық сандық қолтаңба қалыптасады. Сондай-ақ құпия кілт пайдаланушыда қалады және оған жеке тасымалдаушыда беріледі. Ол дискета, смарт-карта немесе флеш-карта болуы мүмкін. Оны басқа да жүйені пайдаланушылардан құпия сақтау керек.
ЭСҚ шынайылығын тексеру үшін ашық кілтті қолданады. Қазақстан Республикасы Куәландыру орталығында ашық кілттің дубликаты бар, ашық кілттердің тіркеу куәліктерінің кітапханасы құрылған. Куәландыру орталығы ашық кілттерге тіркеу және бұрмалау мен жасанды түрлерін жасаудан сенімді сақтауды қамтамасыз етеді.
Ашық кілт тек жабық кілтпен бірге ғана жұмыс істейді.
