Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларын электр желілеріне қосуға рұқсат беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы себептері көрсетіліп, дәлелді жауап беру болып табылады.
Мемлекеттік қызметті алушы (не сенімхат бойынша өкілі) мемлекеттік қызметті алу үшін департаментке мынадай құжаттар тапсырады:
1) еркін нысанда жасалған өтініш;
2) салыстыру үшін тұпнүсқаларын ұсына отырып, тұтынушылардың электр қондырғыларын қосуға арналған техникалық шарттардың көшірмелері;
3) салыстыру үшін тұпнүсқаларын ұсына отырып, қабылдау-тапсыру сынақтарының және өлшеулердің хаттамалары немесе актілерінің көшірмелері;
4) салыстыру үшін тұпнұсқаларын ұсына отырып, орындалған электрлік құрастыру, іске қосу-баптау, электрлік өлшеу жұмыстарының тапсыру-қабылдау актілерінің көшірмелері;
5) салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, электр техникалық персонал және электрлік қондырғы үшін жауапты тұлға туралы мәліметтер (тағайындау туралы бұйрықтардың, электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат беру тобы туралы біліктілік куәліктерінің, дипломдардың көшірмелері) немесе мамандандырылған ұйыммен электрлік қондырғыларды пайдалануға жасалатын шарт;
6) салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, энергия беруші ұйымның тұтынушылардың электр қондырғыларын қолданыстағы желілерге қосу дайындығы туралы қорытындысы.
Мемлекеттік қызметті алуға арналған құжаттар құжаттар тізімдемесі бар папкада, тігілген, нөмірленген және мөрмен бекітілген уәкілетті тұлғаның және/немесе қолымен куәландырылады.
