«ХҚКО» РМК-ның Жамбыл облысы бойынша Мамандандандырылған бөлімі
«Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы» - бұл автокөлікті тіркеу, тіркеуден шығару және жүргізуші куәліктерін беру функцияларын атқаратын «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық Мемлекеттік кәсіпорнының бөлімі.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауы негізіндегі Мамандандырылған ХҚКО ашу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында қазіргі таңда Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтау және Тараз қалаларында Мамандандырылған ХҚКО өз жұмыстарын атқаруда.
«ХҚКО» РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының мамандандырылған бөлімі өз жұмысын пилоттық режимде 20.12.2013 ж. бастаған. Бөлім үшін, Тараз қаласы, Төле би 198 «а» көшесі мекен-жайы бойынша орналасқан Жамбыл облыстық Ішкі Істер Департаментінің «бұрынғы милициялық мектеп» ғимаратының бір бөлігі бөлінген.
Мамандандырылған ХҚКО-да тұтынушыларды тәжірибелік емтиханнан өткізу мақсатында ауданы 1,2 га құрайтын автоматтандырылған автодром мен 150-170 орындық автотұрақтың соғылуына облыс әкімшілігі тарапынан 64 705 000 тг. көлемінде қаражат бөлінген.
Бөлімде құжаттарды қабылдайтын операциялық зал, күту залы, кеңес беру секторы, электрондық үкімет бұрышы, өз-өзіне қызмет көрсету орындары, салық және айыппұлдарды төлейтін банк кассалары, автокөлік құралдарын кедендік ресімдеуден өткізетін Кедендік бақылау департаменті қызметкеріне арналған орын, дайын құжаттарды беру секторлары орналасқан.
2014 жылға қызметкерлердің штаттық саны 61 адамды құрап отыр. Автокөлікті тіркеу, тіркеуден шығару бойынша жұмыстарды атқару үшін -10 жұмыс орын, жүргізуші куәліктерін беру үшін – 3 жұмыс орны, дайын құжаттарды беру үшін – 3 терезе, кеңес беру үшін 7 орын ( оның ішінде 4 қызметкер айыппұл жөніндегі ақпараттарды тексеру үшін бекітілген), электрондық үкімет бұрышы үшін 1 қызметкер, өз-өзіне қызмет көрсету орындарында кеңес беру үшін 3 қызметкер бөлінген.
Сондай-ақ , кешен аумағында тұтынушыларға жүргізуші куәліктерін алу үшін тәжірибелік емтихан тапсыру мақсатында: «В» категориясы бойынша 3 жеңіл, «ВС» категориясы бойынша 1 жүк және «D» категориясы бойынша 1 микроавтобус автомобилі ұсынылады.
Бизнес-процестерді автоматтандыру, мемлекеттік органдардың деректер базасы мен ақпараттық жүйелерін интеграциялау және бір кешен де аталған қызметтерді алуға қажетті барлық кезеңдерді біріктіру нәтижесінде оларды көрсету уақыты едәуір қысқарды, айталық, теориялық және практикалық емтихандарды сәтті тапсырған жағдайда жүргізуші куәлігін алу және көлік құралын тіркеу әрі кетсе 2 сағатта орындалады.
Өз жұмысын бастағалы бері бұл бөлім арқылы Автокөлікті тіркеу және есептен шығару бойынша 25 453, жүргізуші куәлігін беру бойынша 6 506 құжат және сенімхат бойынша құжаттарды рәсімдеу бойынша 111 құжат қабылданып, барлығы уақытылы орындалды. Жалпы қабылданған құжат саны - 32070.
