Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу

Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін жиын төлемі (жеке тұлғадан бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерді құрайды (бұдан әрі - АЕК), заңды тұлғадан бес АЕК құрайды) жергілікті бюджетке тіркелу жүзеге асырылатын жерде төленеді.

Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттiк қызметті алушы мыналарды ұсынады:
1) куәлікті алу үшін:
жазбаша өтініш, оның ішінде көрсетілетін:
ипотеканың кепiл берушісінiң аты мен мекен-жайы;
ипотеканың кепіл ұстаушысының аты мен мекен-жайы немесе оның ұсынушыға белгiленгенi туралы мәлiметтер;
екi немесе одан да көп шағын көлемдi кемелерге ипотека белгiлеген кезде ипотекамен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң барынша жоғары мөлшерi; тараптардың бұл туралы келiсiмi болған кезде, мiндеттемемен жеке-жеке әрбiр шағын көлемдi кеме қамтамасыз етілетiн мөлшер;
шағын көлемдi кеме ипотекасының аяқталу күнi;
шағын көлемді кеме ипотекасы туралы келісімшарттың көшірмесі, осы келісімшартта көрсетілген құжаттармен бірге (салыстырып тексеруге түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда, нотариалды куәландырылған);
шағын көлемді кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу және куәліктің телнұсқасын беру үшін алым сомасын төлемін бюджетке төленгенін растайтын құжат (шағын көлемді кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақты алуға алым алынбайды).
2) куәлікке қосымша парақты алуға:
еркін түрдегі өтініш;
шағын көлемді кеме ипотекасы туралы келісімшарттың нотариалды куәландырылған көшірмесінің қосымша келісімшарт, осы қосымша келісімшартта көрсетілген құжаттармен бірге.

0
0
294

Осы тақырып бойынша

Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу - Yvision.kz