Қазақстан мен Қырғызстанның ішкі істер министрліктері ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Құжатқа екі елдің министрлері Қалмұханбет Қасымов пен Абдулда Сұраншиев қол қойды.
Екіжақты кездесуде тараптар қылмыспен күрес бойынша ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Атап өтсек, Шолпан-Ата қаласында 4-6 қыркүйек аралығында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ішкі істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтіп жатыр.
ІІМ басшыларының отырысында ынтымақтастықтың басым мәселелері, қылмысқа қарсы күрес бойынша мемлекетаралық бағдарламаларды іске асыру барысы, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдаланып жасалған қылмыстармен күресуде бірлесіп әрекет ету мәселелері қаралуда. http://mvd.gov.kz/
