Ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек ардагерлері марапатталды
Еңбек күніне орай Ауыл шаруашылығы министрлігінде мерекелік шара өтті. Іс-шара барысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков сала қызметкерлерді ведомстволық наградалармен марапаттады. Ауыл шаруашылығы саласының дамуына елеулі үлес қосқан аграрлық сала қызметкерлері «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. «Жасыл Аймақ» РМК Қызылжар орманшылығы орманшысының көмекшісі Абай Ағубаев салада 41 жыл қызмет етуде. Өз еңбек жолын 1973 жылы орман күзетшісі қызметінен бастаған. Абай Қостайұлы екінші буындағы орман өсіруші, Астана маңындағы жасыл аймағын құрушылардың бірі. Сағынтай Жұмажанұлы, «КазАгроИнновация» АҚ «Агрогөнеркәсіп кешеніндегі экономикалық саясатты талдау орталығы» ЖШС жетекші сарапшысы. Қызмет жолын 1969 жылы «Рассвет» ауылында агроном-тұқым өсірушісінен бастап, Жаңаарқа ау…




