Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан, Украина және Беларусь ядролық қарудан қалай бас тартты

Қазақстан, Украина және Беларусь ядролық қарудан қалай бас тартты

"Ядролық қарудан бас тартқаны үшін Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың құрметіне ие болып, ірі көлемде экономикалық көмек алды. Ал Беларусь қарудан тегін бас тартты, Украина өзінің тарихи мүмкіндігінен қапы қалды"

Сеулде наурыздың 26-27-сі күндері дүниежүзілік ядролық қауіпсіздік мәселесі бойынша екі күндік саммит өтті. Осы жиын аясында АҚШ президенті Барак Обама Қазақстан мен Украина президенттері Нұрсұлтан Назарбаев және Виктор Януковичпен де кездесті. 

Саммитте сөйлеген сөзінде Обама "СССР күйреген соң ядролық қарудан бас тартып, ядролық материалдарды қауіпсіз жерге сақтауға өткізген Қазақстан, Украина және басқа елдердің еңбегін" айтып өтті.

ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДАН БАС ТАРТУ

Президент Нұрсұлтан Назарбаев наурыздың 26-сы күні New York Times газетінде жарияланған мақаласында Қазақстанның ядролық қарудан ерікті түрде бас тартуы "ядролық қауіпсіздік жолындағы күрестің үлгісі" екенін жазды.

Сеул саммиті қарсаңында Украина өз аумағында қалған, жоғары байытылған уранның 20 килограмын Ресейге жөнелтіп, осыдан екі жыл бұрын өткен Вашингтон саммитінде алған міндеттемелерін орындады.

Ресейдің халықаралық қауіпсіздік, қарулану және қарусыздануды бақылау саласындағы жетекші маманы Алексей Арбатов «СССР-дің бұрынғы үш республикасы ядролық қарудан бас тартқандарының төлеуіне Ресей тарапынан көлемді экономикалық көмек алды. Одан да үлкен көмекті НАТО мен АҚШ көрсетті» деп есептейді.

Совет Одағы тараған соң ядролық материалдардың төрт бөлікке бөлініп кетпеуіне АҚШ пен НАТО аса мүдделі болды. Сондықтан АҚШ әсіресе Қазақстан және Украинамен жүргізілетін келіссөздерге белсене қатысты

Украинаның армия, конверсия және қарусыздану орталығы директорының орынбасары Михаил Самусь «Украина ядролық қарудан бас тартқаны үшін біраз  пайда тапты» деген пікірмен жартылай келісетінін айтты. Алайда бұл дивидендтердің  қаншалықты пайдалы болғаны, оның ойынша, әзір байқалмайды. Ол Украина көрген ең үлкен пайда «ядролық клуб» елдерінің Чернобыль мәселесін шешуде жәрдем бергені деп біледі.


Михаил Самусьтің пікірінше, 1994 жылы қабылданып, Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік берген Будапешт меморандумы - шын мәнінде Украинаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кепілдеме емес, тек қарарлық құжат.

- Ал Беларусь өзінің тактикалық және стратегиялық ядролық қаруын Ресейге ешбір төлемсіз, тегін өткізді, - дейді Беларусь жоғарғы кеңесінің ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс және қылмыспен күрес жөніндегі комиссиясының бұрынғы төрағасы Мечислав Гриб.

Ол Беларуське Ресей тарапынан да, АҚШ тарапынан да үнемі көмек көрсетіліп келгенін жоққа шығармайды.

Алайда АҚШ-тың көмегі кәдімгі қару-жарақты жою жөніндегі Нанн-Лугар заңын орындаумен ғана шектелгенін айтады.

 
0
2
1575

Осы тақырып бойынша

Қазақстан, Украина және Беларусь ядролық қарудан қалай бас тартты - Yvision.kz