«Метро — бала көзімен» тақырыбына оқушылар арасында көркемөнер жұмыстарының байқауы
Құрметті достар! Алматы қаласының метрополитені «Қаламгер Азамат» жас журналистердің РФ және «www.myprofession.kz» сайтымен бірлесіп «Метро – бала көзімен» атты 1—11-сынып оқушылары арасында байқау өткізеді. Байқауға Алматы қаласының жалпы білім беру мекемелерінің барлық оқушылары қатыса алады. Байқаудың мақсаты – оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, олардың білімін құрылыс тарихы, бекет интерьерінің дизайны бойынша және метрополитенді қолдану ережелері жөнінде жақсарту. Жұмыстар жинақталып және қазылар алқасы бағасын бергеннен кейін байқау жеңімпаздарын салтанатты, ресми марапаттау өткізіледі және арнайы дипломдар мен сыйлықтар тапсырылады. Барлық байқау жұмыстары метро бекеттерінде арнайы көрме шеңберінде қойылады, 50 ең үздік сурет «www.myprofession.kz» сайтында жарияланады.…