Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан Республикасы азаматтарын тіркеу және тіркеуден шығару

Тiркеуге (тiркеуден шығаруға) материалдарды қабылдауды және тiркеу есебінен  шығару (тiркеуден шығару) бойынша ресiмделген құжаттарды Қазақстан Республикасының азаматтарына берудi ішкі істер органдары олардың өтініш берген күні жүзеге асырады. Азаматтардың  тіркелген жерi оның заңды мекенжайы болып табылады

Азаматтарды тiркеу олардың тұрғын үйдi меншiгiне сатып алғанын растайтын немесе оны пайдалануға алғанын куәландыратын құжаттарды негiзiнде, оның iшiнде жалға алу (жалдау), қосымша жалдау туралы келісім-шарттар сондайақ  Қазақстан Республикасының  заңнамасында көзделген өзге де негiздер бойынша оларға тұрғын үйге тұруға құқық берушi (бұдан әрi - тұрғын үйге құжаттар) шарттар бойынша, сондай-ақ тұрғын үй иесiнiң (жалға алушының) жазбаша келiсiмi бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте тұрғын үй иесінің (жалға алушының) отбасы мүшелері болып табылмайтын адамдарды мекенжай бойынша тіркеу тұрғын үйді иемденуге негіз болып табылмайды. Тіркеуден шығару жеке меншікке құқығы бар тұрғын үй-жай иесінің бастамасы бойынша тіркеуден шығарылып жатқан тұлғаның жеке өтінішінсіз және жеке куәлігінсіз ресімделеді. Мұндай жағдайда тұрғын үй иесiнiң өтiнiшi, тұрғын үй құжатының түпнұсқасы (түпнұсқа салыстырылған соң иесiне қайтарылады
Жаңа тұрғылықты жері бойынша тіркеу кезінде Қазақстан Республикасының азаматтарын бұрынғы тұрғылықты жерінен тіркеуден шығару автоматты түрде жүзеге асырылады.

 
0
0
676

Осы тақырып бойынша