І және ІІ топтағы мүгедектерне мемлекеттік қызмет көрсетуге ХҚКО-ның қолжетімділігі
Бүгінгі таңда, халыққа қызмет көрсету орталығында мүгедектерге арнайы қызмет көрсететін терезелер бар. «ХҚКО» қызметкерлері мүгедектерге пандус арқылы қолайлы кіріп шығуына қызмет көрсетуде. Сонымен қатар, мүмкіншіліктері шектеулі 1-2-топтағы мүгедек азаматтардың құжаттарын өткізу ыңғайлылығын арттыру мақсатында бірыңғай байланыс ораталығы арқылы 1414 СаІІ орталығына қонырау шалып, тапсырыс берген соң ХҚКО қызметкерлері үйге шығу санаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Халыққа қызмет көрсету орталығы мүгедектерге қызмет көрсетудің жан-жақты үлгісін іске асырып келеді. Орталық қызметкерлерінің арасында мүгедек азаматтарды жұмысқа тарту жұмыстары тұрақты жүгізілуде. Сондай-ақ , мүгедектерге барлық тиімді жағдайлар туғызу мақсатында І және ІІ топтағы мүгедектердің үйіне мобилді топ барып қызмет көрсетеді. Бұл жүйе де өз тиімділігін көрсетуде. Қазіргі таңда мүгедектерге «Электронды үкімет» веб-порталын өз бетінше пайдалануды оқытудамыз. Себебі, мүгедек азаматтар электронды құжаттарды «ХҚКО»-ға келіп жатпай, қажетті қызметті үйіне отырып-ақ «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы алу мүмкіншіліктеріне ие болады.
