Мазмұнға өту

Жаңа

Ақтөбе облысында ағымдағы жылғы 12 қазанда осы облыс тұрғынының үстінен тіркеуде

жоқ мотокөлікті пайдалана отырып, тіркеуде жоқ тегіс ұңғылы аңшылық қаруымен 2 киікті заңсыз ату фактісі бойынша  Қылмыстық кодекстің 288-бабымен (заңсыз аң аулау) қылмыстық іс қозғалды. http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_news/%D0%98%D0%BD%D1%84%D0%BE%D1%80%D0%BC%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F%20%D0%B4%D0%BB%D1%8F%20%D0%A1%D0%9C%D0%98%20%D0%BE%20%D1%80%D0%B5%D0%B7%D1%83%D0%BB%D1%8C%D1%82%D0%B0%D1%82%D0%B03

0
0
229

Алғашқы медреселер арабтарда емес, бізде пайда болған

Алғашқы медреселер арабтарда емес, бізде пайда болған. Бұл туралы филология ғылымдарының кандидаты, араб әдебиеті (құрантану) бойынша ғылым магистрі Айнұр Әбдірәсілқызы бірнеше деректерді алға тартады.

Ең алғашқы ислами орта оқу орындары болған медреселердің ІХ ғасырда Түркістан өлкесінде, нақтырақ айтқанда қазіргі Өзбекстан аумағында пайда болғаны туралы тарихи дереккөздерінде айтылады. Мұның басты себебі тілдік фактордың әсері болып табылады. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

0
0
962

Ағымдағы жылғы 10 – 19 қазан аралығында Ішкі істер министрлігі ел аумағында заңсыз аң аулау, ағаш кесу, су жануарларын аулау, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымы фактілерін анықтауға бағытталған «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Жалпы жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 2,3 мыңнан астам табиғатты қорғау заңнамасы. 2 126 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сомасы 2,6 млн. теңгеден астам айыппұл өндірілді. 186 әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды. http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_news/%D0%98%D0%BD%D1%84%D0%BE%D1%80%D0%BC%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F%20%D0%B4%D0%BB%D1%8F%20%D0%A1%D0%9C%D0%98%20%D0%BE%20%D1%80%D0%B5%D0%B7%D1%83%D0%BB%D1%8C%D1%82%D0%B0%D1%82%D0%B03

0
0
235

Бүгін әкемтеатрдың 89 маусымы ашылады

Бүгін М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры 89 маусымын ашады. Бұған дейін театр ұжымы Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпан» пьесасымен ашылып келген еді. Енді бұл үрдіс екі жылдан бері өзгеріпті. Театр басшылығы биылғы маусымды премьерамен ашпақ. Дулат Исабековтің «Жүз жылдық махаббат» атты екі бөлімді драмасы жаңа маусымның тұздығы болады. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

0
0
1291

Тәкпіршілдік пен жиһад мәселелері

Әлем мұсылмандарының аландаушылығын тудырған жалған сенімді санаға сіндіруге тырысқан «Тәкпіршілер» жамағаты адамдарды сенім мен күпірлік, бірқұдайлық пен серік қосу мәселесіне адастырып, кәпірге шығаруда. Жамағат өкілдері жастарға жарқын болашақты уәде етіп, бүлікке бастайды. Сенімде шектен шыққан тәкпіршілердің әрекеттері шынайы исламға мүлдем жат. Діни басқарма Сириядағы қарулы қақтығыстарға не үшін білмей баратын жастарды қатыспауға шақырады. Сириядағы зорлық-зомбылық бейбіт жолмен шешілуі керек. Мемлекеттік органдардың жүйелі және пәрменді қызмет атқаруы тұрғындардың бойында қоғамның тұрақтылығына және өздерінің рухани құндылықтарының қорғалатынына сенімділікті туғызады. Ал, бұл, өз кезегінде, азаматтардың мемлекеттік органдар тарапынан жүргізіліп отырған идеологиялық жұмыстарға кең…

0
0
470

ИНЧХОН-2014: Қазақстандық паралимпиадашыларда — сегіз медаль

Оңтүстік Кореяда басталған Параазиада ойындарында Қазақстан құрамасы сегіз медаль алып үлгерді. Әзірге құрамадағы алтын саны біреу болғанымен, спортшылар ел қоржынына тағы бірнеше жеңіс әкелуден үмітті. Айта кетейік, Параазиада ойындарына қазақстандық 84 спортшы қатысуда. Құрама команда үшін алғашқы жүлдені суда жүзушілер әкелді. Тірек-қимыл аппаратының мүмкіндігі шектеулі спортшылардың арасында 50 метр қашықтықты жүзіп өткен Дмитрий Ли үшінші болып келіп, қола жүлдені еншіледі. Ал Әнуар Ахметов көру мүмкіндігі шектеулі жүзушілер арасында екі мәрте екінші орын алды. 400 метрге жүзуде ол Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды. Бұл жеңістер біздің спортшылардың басқа елдерден келген қатысушыларға лайықты бәсекелес екенін көрсетті. Дзюдодан өткен жарыста Әнуар Сәрсиев Тайпей спортш…

0
0
444

Әйелдер хоккейінен қазақстандық команда Еуропалық чемпиондар кубогының келесі кезеңіне өтті

Қазақстанның «Айсұлу» әйелдер командасы Түркияның Анкара қаласында шайбалы хоккейден Еуропалық чемпиондар кубогының (EWCC) іріктеу турниріне қатысты. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады. Бұл турнир 2005 жылдан бері өткізіліп келеді. 2014 жылғы жарыс маусымының форматы 3 кезеңмен өткізіледі. Бірінші кезеңде еуропалық 16 команда 4 командадан 4 топқа (A, B, C, D) бөлінді. Қазақстан чемпионы — «Айсұлу» командасы Түркияның («Миллениум Анкара»), Словакияның (HK Poprad») және Румынияның («HSC Csikszereda») командаларымен қатар А тобында өнер көрсетті. Екінші кезеңге өз топтарының жеңімпаздары және екінші орынды иеленгендер шығады. Кубоктың финалы 2015 жылғы ақпанда ұйымдастырылады. Турнирдің іріктеу ойындары 2014 жылғы 17-19 қазан аралығында өткізілді. Іріктеу сынының жабылу салтанат…

0
0
235

Батысқазақстандық спортшы әлем кубогының жүлдегері атанды

Перудің Лима қаласында өткен қоян-қолтық күрестен әлем кубогы үшін жарыста БҚО ішкі істер департаментінің қызметкері Темірлан Ихсанғалиев жүлдегер атанды.

Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш сайысқа әлемнің көптеген ерлерінен ең таңдаулы спортшылар қатысып, бақ сынады. Темірлан 75 келі салмақта үшінші орынды иеленді.

Т.Ихсанғалиев қоян-қолтық ұрыс және әскери самбодан бұдан бұрын да талай додада топ жарған болатын.

   
ОРАЛ. ҚазАқпарат
0
0
216

Қызылорда облысында өзбек, қырғыз елдерінің балуандары қатысқан республикалық турнир аяқталды

Қызылорда облысы Қармақшы ауданында 17-19 қазан аралығында 1995-97 жылдары туылған жастар арасында дзюдодан ауданның құрметті азаматы Болатбек Сүлейменов атындағы дәстүрлі республикалық турнир өтті. Биыл он төртінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Алматы қаласы, Алматы, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарынан және Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен 21 команда, 200-ге жуық спортшы қатысты. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Турнирдің мақсаты — Қармақшы ауданының құрметті азаматы Болатбек Сүлейменовті еске алу, салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында дзюдо күресін кеңінен насихаттау, жас палуандардың шеберлігін шыңдау. Болатбек Сүлейменов 1938 жылы Қармақшы…

0
0
496

Теннис: Кремль кубогынан кейін М.Кукушкин Базельде өнер көрсетпек

Өткен аптада теннистен Кремль кубогы үшін халықаралық жарыста шебер ойын өрнегін көрсеткен қазақстандық Михаил Кукушкин тағы бір ірі турнирге қатыспақ. Айта кетейік, М.Кукушкин Мәскеудегі додада финалға бергісіз жартылай финалда әлемнің үздік теннисшілерінің бірі, хорват Марин Чиличке қана есе жіберді. Михаилдың озық өнерін осы турнирдің жеңімпазы атанған М.Чиличтің өзі де жоғары бағалады. Енді қазақстандық теннисші Базельде 20-26 қазан аралығында өтетін халықаралық турнирде бағын сынап көрмек. Мұның Кремль кубогына қарағанда, бәсі де биік, жүлде қоры да (1,458 млн. астам АҚШ доллары) қомақты. Оның үстіне бірінші айналымдағы қарсыласы да аса мықты. Ол — әлемнің төртінші ракеткасы, швейцариялық Станислас Вавринка. Өз елінде ойнайтын С.Вавринка барын салатыны анық. Осы турнирде әлемнің екін…

0
0
281