Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны арқылы «Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет түрі, www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылды. Бұл мемлекеттік қызмет түрін алу үшін келесі құжаттар топтамасы қажет: көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты, шетелдіктің Қазақстан Республикасына тұруына ықтияр хаты және азматтығы жоқ адамның куәлігі), оралмандар үшін – оралман куәлігі.
