Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тәкпіршілдік пен жиһад мәселелері

Әлем мұсылмандарының аландаушылығын тудырған жалған сенімді санаға сіндіруге тырысқан «Тәкпіршілер» жамағаты адамдарды сенім мен күпірлік, бірқұдайлық пен серік қосу мәселесіне адастырып, кәпірге шығаруда. Жамағат өкілдері жастарға жарқын болашақты уәде етіп, бүлікке бастайды.

Сенімде шектен шыққан тәкпіршілердің әрекеттері шынайы исламға мүлдем жат. Діни басқарма Сириядағы қарулы қақтығыстарға не үшін білмей баратын жастарды қатыспауға шақырады. Сириядағы зорлық-зомбылық бейбіт жолмен шешілуі керек.

Мемлекеттік органдардың жүйелі және пәрменді қызмет атқаруы тұрғындардың бойында қоғамның тұрақтылығына және өздерінің рухани құндылықтарының қорғалатынына сенімділікті туғызады. Ал, бұл, өз кезегінде, азаматтардың мемлекеттік органдар тарапынан жүргізіліп отырған идеологиялық жұмыстарға кең қолдау көрсетуіне алып келеді. Меніңше, біздің жүргізіп отырған ортақ  жұмысымыздың нәтижесі мен мәні де осында болса керек.

«Кеңес кезінде дінімізді сақтап қалған күш – дәстүріміз болды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өзінің діни қызметі аясында 2014 жылды «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялады. Руханиятымыздағы мұндай үлкен өзгерістердің өмірге келуі – ұлттық болмысымызды қалыптастыру, тарихтың тағылымынан сабақ алу. Имамдарымыз өскелең ұрпақты дәстүрді сақтауға, ана сүтін ақтауға үндеп, өнегелі өмір сүруге шақыруда. «Дін мен дәстүр» жылы аясында жастарды Отанды сүюге, оларға дәстүрлі тәлім-тәрбие беруге басымдық берілуде. Қазақтың ардақты тұлғаларының даналық ойлары мен тәлім мен тәрбиеге толы бай мұрасы насихатталуда», – деді конференцияда Ержан қажы Малғажыұлы.

Қоғамда жағымсыз мағынаға ие болған ұғым – жиһад ұғымы. Оны көптеген адамдар қарулы соғысқа қатысу ретінде түсінеді, алайда шариғатта жазылғандай, имамның, яғни мемлекет басшысының рұқсатынсыз соғыс жариялауға тыйым салынған.

 

0
0
452

Осы тақырып бойынша