Қызылорда облысында өзбек, қырғыз елдерінің балуандары қатысқан республикалық турнир аяқталды
Қызылорда облысы Қармақшы ауданында 17-19 қазан аралығында 1995-97 жылдары туылған жастар арасында дзюдодан ауданның құрметті азаматы Болатбек Сүлейменов атындағы дәстүрлі республикалық турнир өтті. Биыл он төртінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Алматы қаласы, Алматы, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарынан және Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен 21 команда, 200-ге жуық спортшы қатысты. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Турнирдің мақсаты — Қармақшы ауданының құрметті азаматы Болатбек Сүлейменовті еске алу, салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында дзюдо күресін кеңінен насихаттау, жас палуандардың шеберлігін шыңдау.
Болатбек Сүлейменов 1938 жылы Қармақшы ауданының Алдашбай ахун ауылында дүниеге келген. Көп жылдар бойы шаруашылық, партия органдарында қызмет жасап, ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуына елеулі үлес қосқан азамат.
Үздіксіз қызметіндегі қол жеткен табыстары үшін «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен, Қазақ ССР-нің Жоғары кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Қармақшы ауданының мәслихатының қаулысымен 1998 жылы «Қармақшы ауданының Құрметті азаматы» атанды.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер спортшылар:
55 келі:
I орын — Сүйіндік Жұманов (ОҚО)
II орын — Мағжан Шамшадин (Қызылорда облысы)
III орын — Данияр Қабылбек (ОҚО)
III орын — Қанат Сейілхан (Атырау облысы)
60 келі:
I орын — Даниор Сұлтонбаев (Өзбекстан)
II орын — Нұржан Тілеуберген (Қызылорда облысы)
III орын — Қуаныш Тілеулес (Қызылорда облысы)
III орын — Нұрсұлтан Серәлі (Қызылорда облысы)
66 келі:
I орын — Нұрсұлтан Иса (Қызылорда облысы)
II орын — Ерболат Омарқұл (ОҚО)
III орын — Азамат Матякубов (Өзбекстан)
III орын — Ислам Шагиров (Алматы қаласы)
73 келі:
I орын — Сабыр Өмірзақ (Қызылорда облысы)
II орын — Нурпис Мамир (Өзбекстан)
III орын — Бағдат Иса (ОҚО)
III орын — Баходир Панжиев (Өзбекстан)
81 келі:
I орын — Бақытжан Әлімжанұлы (Алматы қаласы)
II орын — Ақылбек Сағидолла (ОҚО)
III орын — Ибадулла Бердиев (Өзбекстан)
III орын — Ернат Мырзаханов (ОҚО)
90 келі:
I орын — Мейрамбек Жаңабай (Маңғыстау облысы)
II орын — Олжас Сүлейменов (БҚО)
III орын — Ертуған Бақыткелдіұлы (Алматы қаласы)
III орын — Жасур Шукуров(Өзбекстан)
100 келі:
I орын — Арман Қалиев (Атырау облысы)
II орын — Бексұлтан Тілеулесов (Қызылорда облысы)
III орын — Темірлан Көлбай (БҚО)
III орын — Ернар Бекайдар (Қызылорда облысы)
+100 келі:
I орын — Нұрбек Әмірәлі (ОҚО)
II орын — Нұрдәулет Жарылғапов (Маңғыстау облысы)
III орын — Мағжан Сейітхан (Қызылорда облысы)
III орын — Мәди Құдайбергенов (Алматы қаласы)
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының диплом медальдарымен, демеушілердің бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

