Ерлік еленіп, адал еңбек өтелді
2014 жылдың 26 қыркүйегінде Шиелі кентінде букмекерлік кеңседен қаруланған белгісіз азаматтың ірі сомада ақша ұрлағаны жайлы хабарлама берілген болатын. Аталған хабарлама бойынша Шиелі аудандық ішкі істер бөлінісінің басшылығы және жеке құрамы қылмыскерді құрықтау үшін тез арада топ жасақтап, қолға түсіру операциясын жүргізді. Қызметкерлердің ұйымдасқан, ұтқыр әрекеттерінің арқасында қылмыскер ұсталып, букмекерлік кеңсе қожайындарына қолды болған ақшалары қайтарылды. Бүгін, яғни 2014 жылдың 24 қазанында Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің үлкен мәжіліс залында жоғарыда аталған құрықтау операциясында қырағылығымен, ұтқырлығымен көзге түсіп, жанқиярлық көрсеткен тәртіп сақшылары марапатталды. ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі М.Шохатаев ҚР ІІМ-нің марапаттау жайлы бұйры…


