Интернет 5 жыл ішінде менің өмірімді қалай өзгертті?
Алғаш рет компьютерге 2001 жылы отырдым. Ал, интернетке шамамен 2002 жылы болуы керек. Компьютерде басында ойын құмартушы едім, кейін олардан жалыққан соң шұқылап, басқа қажеттілерін іздену қызықты бола бастады. 2006 жылдан бастап Visual Studio тілімен кейбір бағдарламалардың локализациясына өзгерістер енгіздім. Ал, 2007 жылы "AIMP Classic" бағдарламасының автормен байланысып, ресми түрде аталған бағдарламаға қазақ тілін енгіздім. Қазір AIMP3 (www.aimp.ru) деп аталатын нұсқасына дейін қазақ тілінің интерфейсі бар. Кейін, осындай қарқынмен Ashampoo компаниясының Burning Studio, Music 3 сияқты бірнеше бағдарламаларын аудардым.
Ccleaner, PowerISO, gBurner, 7-Zip тағы да 50 шақты бағдарламалармен қазақшалаумен қатар, Facebook әлеуметтік желісін қазақшалауға өз үлесімді қостым.
Әрине, бұл жетістіктер (егер жетістік деуге болатын болса) интернеттік көмегімен жүзеге асып отыр. 2007 жылдан бері 5 жылдан көп уақыт кетті, бірақ осы уақыттың ішінде интернет, менің өмірімді толық патриот етіп өзгертті деп айта аламын

