FIFA рейтингінде Қазақстан құрамасы бес саты төмен түсті
Бүгін FIFA-ның футболдан бүкіләлемдік ұлттық құрамалар рейтингі жаңарды. Онда Қазақстан ұлттық құрамасы 127-ші орыннан 132-орынға сырғып, 5 саты төмен түскен.
Өткен айда ұлттық құрамамыз 127-орында тұрған болған. Алайда одан бері 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сыны аясында Қазақстан құрамасы екі ойын өткізіп, Нидерланды және Чехия құрамасына жол бергені себепті таблодағы орны төмендеген.
Жаңа кестенің төрінен 1669 ұпаймен Германия құрамасы орын алса, 1565 ұпайы бар Аргентина құрамасы екінші орында. Ал Колумбия 1420 ұпаймен үздік үштікті түйіндеп тұр. Үздік үшеу алдыңғы айдағы орындарын сақтап қалған, ал бұл жолы өткен айда 4-орында тұрған Белгия мен 5-орында тұрған Нидерланды өзара орын ауыстырыпты.
Ал әлемнің басқа елдерінің құрамалары қай орынға ойысқанын www.championat.com сайтынан толығырақ білуге болады.

