Светлана Подобедова Алматыда өтетін әлем чемпионатына қатыспайды
Әлемнің екі дүркін чемпионы және Лондон Олимпиадасының чемпионы Светлана Подобедова жарақатына байланысты ауыр атлетикадан Алматыда өтетін әлем чемпионатына қатыспайтын болды, — деп хабарлайды Vesti.kz. Журналистерге бұл туралы Қазақстан құрамасының бапкері Алексей Ни мәлімдеді. Оның айтуынша, Подобедова 5 қарашада жарақат алған. Ал оған дейін оның жағдайы жақсы болған және өз категориясында ауыр атлетикадан 2014 ӘЧ-да жеңуге үміткер болды. Дәрігерлер оған сол жамбасының үстіңгі бұлшықеті жарым-жартылай үзілген деген диагноз қойды. Енді ол қайта қалпына келу үшін бір ай шамасында күтуі керек. Подобедованы кімнің алмастыратыны жайлы толығырақ мына жерден оқи аласыздар. Сонымен қатар, Қазақстанның атынан шығатын Майя Манеза жаңа салмақ категориясында қатысады — 69 келіге дейін. Бұл туралы т…

