Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Айқын Төлепберген де «жұлдызшалар» сенің көмегіңе зәру екенін растайды!

Дүниеге есігін уақытынан ерте ашқан сәбилерге, шала туылған нәрестелерге, кішкентай «жұлдызшаларға» көп күтім қажетіні сөзсіз. Бір өкініштісі, сондай балалардың 30-35%-ы ретинопатия ауруына шалдыққан, яғни олардың көздеріне шұғыл түрде ота қажет. Ал отаны жасау үшін заманауи медициналық жабдық болу керек. Сондай жабдықтың бірін «Құс Жолы» қайырымдылық қоры «Періште» жобасының шеңберінде Қазақстандағы перинатальды орталықтарына жеткізбекші.

Өткен аптада алматылық перинатальды орталықтардың бірінде жаңа лазермен бірінші рет ота жасалған болатын. Операция сәтті аяқталып, енді үстіміздегі аптада тағы бір отаның кезегі келіп тұр. Кішкентай сәбилеріміздің көз жанарын аман сақтап қалатынына сенеміз.

«Періште» қайырымдылық жобасы Казком клиенттері мен серіктестерінің арқасында көпшіліктің ортасына жол тартқан болатын. Бір қуанатыны, қайырымдылық жасаушылардың саны күннен күнге артып, олардың қатарына елімізге танымал адамдар да қосылуда. Мәселен, әнші әрі біздің жебеуші періштелеріміздің бірі Айқын әрдайым қайырымдылық шаралардан шет қалмауға тырысады. Айқынның қатарына қосылу үшін бар-жоғы Казкомға барып, қайырымдылық картасын ашып, сол картамен сауда-саттық орындарында төлем жасасаңыз жеткілікті.

1
0
1069

Осы тақырып бойынша

Айқын Төлепберген де «жұлдызшалар» сенің көмегіңе зәру екенін растайды! - Yvision.kz