ХОККЕЙ НАҒЫЗ ЕРЛЕРДІҢ ОЙЫНЫ: «Барыстың» кішкентай ойыншылары
«Барыс» хоккей клубы жас Астананың символына айналғаны қашан. Бүгінде «Барыс» — мыңдаған жанкүйерлердің командасы ғана емес, барша Қазақстанның мақтанышы, бетке ұстары.
Астана тұрғындары иығына өзінен үлкен спорттық сөмкені іліп, екінші қолына хоккей таяғын алып, «Қазақстан» спорт кешеніне бара жатқан жап-жас жеткіншектерге көзін үйреткені рас. Сондай сәттерде балақайларға көмектескің келетіні де анық, бірақ оның көзіндегі жанып тұрған отын көргенде, бойында сенімділік пен өз мақсаттарына деген бекемділігін сезгенде оларға көмектің қажетсіздігін түсінесің. Әрине, бұл біреуіне ермек болуы мүмкін, ал басқаға — өмірінің мәні, болашақ арманына жетудің бастапқы қадамдары.
«ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі жас «Барыс» ойыншыларының жаттығуынан фоторепортаж ұсынады. Суреттегі кішкентай хоккейшілердің есімдерін жадыңызға сақтап қойыңыз, кім біледі, болашақта олардан Жайлауовтар мен Антроповтар шығуы әбден мүмкін.



