Мазмұнға өту

Жаңа

«Астана» радиосының журналисті «Шаңырақ» байқауында жеңімпаз атанды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының этножурналистика саласындағы республикалық «Шаңырақ» шығармашылық байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Аталған салтанатты кешке ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА, этномәдени орталықтардың жетекшілері, БАҚ өкілдері қатысты.

Аталған байқауда «Астана» радиосының журналисті Жанар Мырзағалиева ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Жалпы байқауға 70-тен астам мақала келiп түскен. Олардың iшiнде Татьяна Жангильдина, Ернұр Нұрғалиев, Гүлмира Жандыбаева, Малика Ғалиева, Нұрбек Әмиша түрлі аталымдар бойынша үздiк деп танылды.

0
0
309

«Дала дауысы» радиофестивалінің жеңімпаздары марапатталды

28 қараша күні Астанадағы «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында Қазақ радиосының төл жобасы – ІІІ Халықаралық «Дала дауысы» радиофестивалінің гала-концерті өтті. Салтанатты шарада «Дәстүрлі ән», «Академиялық орындаушы», «Эстрадалық ән», «Этноэстрадалық ән», «Жаңа есім» аталымдары бойынша ән додасында бақ сынап, жеңімпаз атанған 20 орындаушы марапатталды. Айта кетейік, «Дала дауысы» – қазақ музыкасы арқылы ана тілімізді әлем халықтарының арасында барынша насихаттайтын радиофестиваль. Алғаш 2012 жылы басталған болатын. Мақсат - қазақ әнінің замануи бәсекеге қабілетті төлтумалық дыбысын насихаттау, жылдың үздік әндерін анықтау және жаңа таланттарды табу, ұлттық музыкалық және поэтикалық тілді насихаттау, сіңіру. Биыл радиофестивальге Қытай, Ресей, Украина, Беларусь, Татарстан, Қырғыз Ре…

0
0
686

Адам өміріндегі сарқылмас байлық

Адам өміріндегі сарқылмас байлық Сенім Сенім Сенім жеңіске апарады , ал күмән - жеңіліске деп айтылған дана сөз бар. Күмәнданған адам жиі жеңіліске ұшырайды, себебі оның іс – әрекеті әлсіз және шешімі жоқ болады. Сенім адамды толықтай шабыттандырады Сондықтанда Жаратқанға сену, өзіңе, басқаларға және тағдырыңа сену қажет. Дегенмен де сенім көзсіз болмауы тиіс. Сенім көбінше түсінікпен байланысты. Менің бойымда қандай жақсылық бар және мен ерекше бір іс – әрекет істей аламын деген адамда ой болуы керек. Сенім – ол тек айтып немесе түсініп қана қоймай, тұлғаның ішкі жан дүниесінде терең ниет ықылас болуы шарт. «Мен істей аламын!». «Мен міндетті түрде жеңіске жетемін!» Нақты көз жеткізу, илану жанның іс әрекетте және қарым-қатынаста жақсы жағынан алға қарай қозғалуына тамаша күш беретін құра…

1
0
746

Жоғарғы Сотта сот өндірісін жетілдірудің ағымдағы мәселелері бойынша селекторлық кеңес өтті

Бүгін Жоғарғы Сотта сот өндірісін жетілдірудің ағымдағы мәселелері бойынша өңірлермен селекторлық кеңес өтті.

http://sud.gov.kz/kaz/news/zhogargy-sotta-sot-ondirisin-zhetildirudin-agymdagy-mseleleri-boyynsha-selektorlyk-kenes-otti

0
0
283

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы

Астана. 2014 жылғы 28 қарашада Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Кеңес жұмысына Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, республикалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты. Мемлекеттік хатшы өз сөзінде Ассамблея Кеңесі мемлекеттік және ұлттық мерекелер – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздігі күні қарсаңында өтіп отырғанын атап көрсетті. Қазақстан үшін Тұңғыш Президент және Тәуелсіздік бір-бірінен ажырағысыз киелі ұғымдар, олар еліміздің жаңа тарихының жаңа кезеңін айқындайды. Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың есімімен байланысты Тә…

0
0
462

Бәсекелеске қабілетті ұлттық экономика – қуатымыз

«Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясат біздің экономикамыздың таяу жылдардағы өсімінің драйвері болады. Тек жол құрылысы арқылы ғана жаңадан 200 жұмыс орны құрылады. Ал бұл халықтың жұмыспен қамтылуын және табыстарының өсуін білдіреді. «Нұрлы Жол» цемент, металл, техника, битум, жабдықтар өндіру мен соған сәйкес қызметтер сияқты экономиканың басқа да салаларына мультипликативті әсер етеді. Жолдар – Қазақстан үшін өмір желісі. Біздің кең байтақ жерімізде жолдар бойында әркезде де өмір пайда болған және дамып отырған. Біз Астанадан барлық жақтарға автомобиль, теміржол және авиациялық магистральдар тарайтындай көлік желісін құруға тиіспіз. Жүректен тарайтын артериялар сияқты. Күннен тарайтын шұғыла сияқты. Қазақстандықтар салатын жаңа магистральдар біздің экономикамыз бен қоғамымызды жаңартады…

0
2
757