Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Астана» радиосының журналисті «Шаңырақ» байқауында жеңімпаз атанды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының этножурналистика саласындағы республикалық «Шаңырақ» шығармашылық байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Аталған салтанатты кешке ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА, этномәдени орталықтардың жетекшілері, БАҚ өкілдері қатысты.

Аталған байқауда «Астана» радиосының журналисті Жанар Мырзағалиева ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Жалпы байқауға 70-тен астам мақала келiп түскен. Олардың iшiнде Татьяна Жангильдина, Ернұр Нұрғалиев, Гүлмира Жандыбаева, Малика Ғалиева, Нұрбек Әмиша түрлі аталымдар бойынша үздiк деп танылды.

 

0
0
292

Осы тақырып бойынша