Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бәсекелеске қабілетті ұлттық экономика – қуатымыз

«Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясат біздің экономикамыздың таяу жылдардағы өсімінің драйвері болады. Тек жол құрылысы арқылы ғана жаңадан 200 жұмыс орны құрылады. Ал бұл халықтың жұмыспен қамтылуын және табыстарының өсуін білдіреді. «Нұрлы Жол» цемент, металл, техника, битум, жабдықтар өндіру мен соған сәйкес қызметтер сияқты экономиканың басқа да салаларына мультипликативті әсер етеді. Жолдар – Қазақстан үшін өмір желісі. Біздің кең байтақ жерімізде жолдар бойында әркезде де өмір пайда болған және дамып отырған. Біз Астанадан барлық жақтарға автомобиль, теміржол және авиациялық магистральдар тарайтындай көлік желісін құруға тиіспіз. Жүректен тарайтын артериялар сияқты. Күннен тарайтын шұғыла сияқты.

Қазақстандықтар салатын жаңа магистральдар біздің экономикамыз бен қоғамымызды жаңартады. Олар біздің еліміздің барлық түкпірлерін орталықпен берік байланыстырады. Жүк тасымалы жеделдейді және ұлғаяды. Ел арқылы транзит көлемі артады. Біздің азаматтарымыз заманауи және сапалы автомагистральдармен жүріп, кез келген өңірге қауіпсіз және тез жететін болады. Әлеуметтік инфрақұрылым жақсарады, жаңа және заманауи мектептер мен ауруханалар жоғары сапалы қызметтер көрсетеді. Нәтижесінде ол әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты мен өмір сапасында көрініс табады. Ал ең бастысы – осының бәрі болашақ ұрпақтың байлығы ретінде біздің жерімізде қалады.

ҚР ИДМ қолдауымен ұйымдастырылып отырған «Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттік» АҚ өткізіп отырған семинар қорытындысында 500 адам инновациялық грантқа тапсыру өтінімін құруды игерді.

«Инновациялық дамуға тарту белсенділігі аз болған облыс орталықтарында кездесулер мен семинарлар ұйымдастырылуда. Қызылорда, Семей, Тараз, Атырау, Астана және Орал қалаларында инновациялық гранттар таныстырылып, салалар мен өңірлер бойынша статистикалар кездестірілді. Семинарлар өткен жылы инновациялық гранттарға ие болған адамдардың қатысуымен өтті», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, инновациялық гранттарға айналған семинармен қатар, агенттік Қазақстан өңірлеріндегі инновациялық менеджмент туралы семинар-тренингтер өткізді. Семинардың қорытындысы бойынша 200 адам заманауи технологиялық менеджментке оқып,  жобалар мен идеяларды жылжыту бойынша ақпарат алды.

Бүгінгі таңда аталған инновациялық гранттарға өтінім аталған өңірлерден келіп түсті.

Айта кетейік, ТДЖҰА  инновациялық гранттардың мүмкіндіктерімен, өтінімдерді қабылдау және сүйемелдеу, сондай-ақ қажетті құжаттарды жинау бойынша кең аудиторияны және әлеуетті грант алушыларды хабардар етумен айналысады.

АӨК саласындағы мәселелі несиелердің көлемін азайту, олардың несиелік салмағын төмендету мен банкроттыққа ұшырау қауіпін барынша төмендету мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыруда, деп хабарлады АШМ.

«Бұл шара агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда.Бағдарламаның негізгі көрсеткіші жалпы берешек сомасы 300 млрд. теңгеге қайтару мерзімін ұзарту және АӨК субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелерінің проценттік ставкасын азайту болып табылады. Бүгінде бұл көрсеткіш толық орындалған.Бүгінге дейін жалпы берешек сомасы 312,9 млрд. теңгеге 292 АӨК субъектілерінің өтінімдері мақұлданды, оның ішінде 126 АӨК субъектілерінің жалпы берешек сомасы 245,3 млрд. теңгеге «ҚазАгро» Холдингтің қорландыру қаражаты арқылы сауықтырылатын болады. Бұған қоса, бағдарламаға 17 қаржы институттары қатысады», - делінген хабарламада.

Сауықтыруға ең көп астық егуші аймақтардың АӨК субъектілері қатысуда.  Сауықтыруға жататын берешектердің негізгі үлесі өсімдік шаруашылығы саласына 86,4 % тиесілі, мал шаруашылығы саласына  - 2,8%, ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілерге - 5%, басқа қызмет түрлеріне - 5,6 %.

Екінші деңгейлі банктерден немесе басқа қаржылық институттардан алған несиелерді қандай да бір себептерге байланысты төлей алмаған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді қаржылай сауықтыру принципі келесідей. «ҚазАгро» Холдингі мәселелі займдар бойынша сыйақы пайызын теңгемен жылдық 3 %-дан артық емес көлемінде орнатады. Осы орналастырылған қаражаттың  мемлекетпен субсидия түрінде 7 % қайтарылады. Қаржылық сауықтыру шеңберінде несиелердің қайтару мерзімі 9 жылға дейін ұзартылып, айыппұл мен төлемақы өсімдері есептен шығарылады.

Жалпы АӨК субъектілерінің берешектері бойынша қаржылай сауықтыру бағдарламасында сыйақы мөлшерлемесінің жалпы сомасын екі есеге төмендету, 25 мыңнан астам тұрақты жұмыс орынын сақтап қалуүшін жағдай жасалынып отыр. Мұнымен бірге, есептен шығарылған айыппұл мен өсім ақыларының көлемі шамамен 2,8 млрд. теңгені құрайды.

Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпаратына сәйкес, АӨК субъектілерінің едәуір бөлігі осы бағдарламаны одан ары жалғастыруда қызығушылық білдіруде. Себебі, АӨК субъектілерінің көбісі бағдарламаға қатысуға үлгермеді.

Сондай-ақ, Қазақстанның қаржыгерлер ассоциациясы мен  қаржы институттарының мәлімдеуінше АӨК субъектілерін сауықтыруда жалпы берешек сомасы 80 млрд. теңгеден астам қосымша сұраныс бар.

Қазіргі уақытта АӨК субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелерін сауықтыру сомасын 400 млрд. теңгеге дейін ұлғайту бойынша «Агробизнес-2020» бағдарламасына қажетті өзгерістер енгізілуде.

«ҚазАгро» АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру мақсатында 2 млрд теңге көлемінде еуробонд тартты. Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингінде ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омарбек мәлімдеді.

«Қазіргі таңда «ҚазАгро» холдингі АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру мақсатында 2 млрд теңге көлемінде еуробонд тартты. Негізгі қарыз ақшаны сауықтыру «ҚазАгро» холдингі қаржы институттарының қорландыруы есебінен жүзеге асырылады. Қаржылық сауықтырудың негізгі мақсаты төлем қабілеттілігін арттыру, несиелік ауыртпалықты азайту мен АӨК субъектілерінің банкроттық қатерлерін барынша төмендету», - дейді Сапархан Омаров.

Оның айтуынша, қарыздардың негізгі үлесі өсімдік шаруашылығына 84,6%, мал шаруашылығына 2,8%, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуге 5%, өзге де қызметтерге 5,6% тиесілі.

Вице-министрдің айтуынша, бағдарламаға 17 қаржы институты қатысады. Өңірлік резервте АӨК субъектілерінің ең көбі солтүстік өңірлерде шоғырланған.

«Қаржылық сауықтыру аясында қарызды ұзарту мерзімін 9 жылға дейін, сонымен қатар сыйақы құны 7% және айыппұлды алып тастау қарастырылған. Жалпы, қаржылық сауықтыру процесіне қатысатын АӨК субъектілері қарызы бойынша жалпы соманың 2 есеге дейін азайтылуы жоспарланған. Сонымен қатар 25 мың тұрақты жұмыс орны ашылмақ», - дейді ол.

Қорыта айтар болсақ, несие мен қарыз бойынша жалпы қарыз коэффиценті 5 есеге азайды, деп мәлімдеді ауыл шаруашылық вице-министрі.

Ақмола облысында агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің инвестициялық субсидиялауға 25 өтінім мақұлданған, деп хабарлады облыс әкімдігі.

«Мақұлданған өтінімдер бойынша жобалардың жалпы құны 2 811,8 теңгеге жуық соманы құрайды. Бүгінгі таңда инвесторларға 184,0 млн. теңге төленді, жобалар бойынша тағы 142,9 млн. теңге субсидия төленетін болады.Субсидиялануы мақұлданған 25 жобаның 11 жоба ірі қара малдың тауарлы фермаларын техникалық жарақтау, 2 жоба сүтті-тауарлы фермаларды кеңейту, 2 жоба етті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара малды өсіру бойынша шаруашылық-репродукторлар кеңейту  жоба жемшөп өндірісі бойынша кәсіпорындар/шаруашылықтар құру, 1 жоба суландыру жүйелерін енгізуге және 2 000 тоннадан бастап жеміс-көкөніс сақтау қоймаларын кеңейту бойынша сонымен бірге 6 жоба астық өнімдерін сақтау бойынша кәсіпорындар кеңейту және де 1 жоба кондитерлік өнімдер өндіретін кәсіпорындарды кеңейту  бағытына жатады», - делінген хабарламада.

Барлық жобалар 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылған: бағдарлама шартына сәйкес инвестициялық субсидиялауға биыл пайдалануға берілген жобалар қатыса алады.

Инвестициялық субсидиялау елімізде биыл алғаш рет «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

«Қазагромаркетинг» АҚ-ның (Астана, Алматы ққ., облыс орталықтары мен 160 ауданда орналасқан) аймақтық желісі мен сall-орталығының негізінде (8 800 080 70 80 нөмірі бойынша) ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін инвестициялық субсидиялауға қатысты түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылған (Қазақстан бойынша стационарлық және ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін).

Қазақстанда аграрлы бизнесті дамыту үшін фермерлер екінші деңгейлі банктермен несие рәсімдеу мүмкіндігіне ие болады, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «ҚазАгро» ҰБХ басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Мақажанов.

«Қазіргі таңда ауылдарда жұмыс істеп жатқан жалғыз қаржы институты «ҚазАгро» институты болып табылады. Белгілі бір деңгейде қиындықтар да жоқ емес. Және де екінші деңгейлі банктерге қатысуды ынталандыру бойынша «Агробизнес-2020» бағдарламасы да жұмыс істеуде. Биыл аргарлы-несиелік корпорациясының біздің бір еншілес ұйымы шаруалардың екінші деңгейлі банктер мен «ҚазАгро» еншілес ұйымдарынан несие алу мүмкіндігіне ие болу үшін екінші деңгейлі 3 банкпен 1,5 млн теңгенің келісімін жасауды жоспарлап отыр», - дейді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, шаруалар «ҚазАгро» секілді үстеме ақылар бойынша несие рәсімдей алады.

«Біз қорландыру мақсатымен оларға арзан несие береміз. Алдағы уақытта шаруаларды банктер қаржыландыратын болады. Бұның барлығы фермерлер жұмысын жандандыруға жол ашады», - дейді Д.Мақажанов.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің несиелік және лизингтік міндеттемелері сауықтыру көлемін 400 млрд теңгеге дейін арттыруға мүдделі, деп мәлімдеді бүгін ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров ОКҚ брифингінде.

«2013 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыруды жүзеге асыру қорытындысы бойынша 292 өтінім бойынша 312,9 млрд теңгенің қарызы сауықтандырылды. 2023 жылға дейінгі несие бойынша төлем екі есеге азайды. Қайтару мерзімі 9 жылға дейін ұзартылып, 2,8 млрд теңге көлеміндегі айыппұл мен үстеме ақы жойылды», - дейді С.Омаров.

Осылайша, вице-министрдің айтуынша, АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру бағдарламасының негізгі көрсеткіштері орындалды.

«ҚазАгро» холдингі талап етілген сомада қаржы институттарын қосымша қорландыруды қолға алуға дайын отыр. Қазіргі таңда ҚР Ауыл шаруашылық министрлігімен 400 млрд теңгеге дейінгі АӨК субъектілерінің несиелік және лизингтік міндеттемелерін сауықтыру көлемін арттыру жұмыстары жүргізілуде», - дейді.

Алайда, оның айтуынша, тауар өндірушілер мен Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан көптеген АӨК субъектілерінің осынау бағдарламаның ары қарай жалғастырыла беруіне деген қызығушылықтың артып отырғаны туралы ақпарат тарауда. Себебі, ауыл шаруашылық өнімін өндірушілердің көпшілігі бұл бағдараламаға қатысып үлгермеген екен.

«Өз кезегінде Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы мен қаржы институттары өкілдері 80 млрд теңгеден астам қарыз көлеміндегі АӨК субъектілерін сауықтыруға қосымша қажеттілікті мақұлдап отыр», - дейді вице-министр.

Жыл басынан бастап 2014 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанның мамандандырылған ХҚКО-ларында 94 892 жүргізуші куәлігі берілді, деп хабарлады инвестициялар және даму министрлігі.

«Жүргізуші куәліктерін беру және автокөліктерді тіркеу бойынша Астана мамандандырылған ХҚКО-сы мен Ақмола облысы Целиноград ауданының ХҚКО-сына Парламент Сенатының депутаттары келіп кетті.Мамандандырылған ХҚКО-да сенаторларға жүргізуші куәліктерін алу және автокөлік құралдарын тіркеу процесі көрсетілді. Бүгінде Қазақстанда жүргізуші куәлігін алуға теориялық және практикалық емтихан тапсыруды ескергенде, орташа есеппен шамамен 2 сағат уақыт кетеді.  Осындай нәтижеге мемлекеттік органдардың деректер қоры мен ақпараттық жүйелерін интеграциялау және бизнес-процесстерді автоматтандырудың арқасында қол жеткізілді. Автокөлікті тіркеу/қайта тіркеу кезінде агрегаттарды салыстырудың Орталықтың аумағында, автокөлік үшін арнайы көзделген ангарда өтуінің арқасында көлік құралын тіркеу уақыты қысқарды», - делінген хабарламада.

«ХҚКО қызметкерлері құжаттар қабылдауға ғана, ал әкімшілік полиция қызметкерлері көлік құралдарын тіркеу куәліктері мен жүргізуші куәліктерін дайындау процесіне қатыстырылады. Осылайша, мамандандырылған ХҚКО-да міндеттерді қатаң бөлу қолданылады, бұл азаматтардың құжаттарды дайындаумен айналысуға жауап беретін орындаушылармен тікелей байланысқа түсуіне жол бермейді, нәтижесінде бұл сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алады», - деді  ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасы Сәкен Сәрсенов.

Сарсеновтың айтуынша, ағымдағы жылдың қазан айынан  бастап Астана қаласының мамандандырылған ХҚКО-сында психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлердің анықтамаларын алуға болады. Осылайша, психологтар мен наркологтар барлық қызмет етіп жатқан мамандандырылған ХҚКО-ларда жұмыс жасауда. Бүгінгі күні Қазақстанда осындай 5 орталық жұмыс жасайды, жылдың соңына дейін тағы да 4 қалада – Қызылорда, Петропавл, Павлодар және Талдықорған қалаларында ашылатын болады.

Бұдан басқа, экскурсия барысында сенаторларға өткен жылы барлық 260 ХҚКО-да орналастырылған Connection Point өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы көрсетілді, бұл жерде  азаматтар кезек күтпей электрондық үкімет порталы арқылы өздігінен электрондық қызметтер ала алады.

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Алина Алдамберген мен Павлодар облысы әкімі Қанат Бозымбаев Павлодарда өткен «Ертіс инвест» инвестициялық форумында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды холдинг.

«Тараптар үш бағыт бойынша ынтымақтастыққа келісті: индустриялды-инновациялық және инфрақұрылымдық жобаларды қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту мен тұрғын үй құрылысы, соның ішінде 2020 жылға дейінгі өңірді дамыту бағдарламасы аясында жүргізілетін құрылыстар бойынша», - делінген хабарламада.

Форумда «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Алина Алдамберген холдинг пен оның еншілес компаниялары қызметтерінің басым бағыттары туралы айтып, Павлодар облысы әкімдігімен бірлесе қолға алған жобаларын таныстырды.

«Павлодар облысы елдің ірі өнеркәсіптік өңірі болып табылады және холдингтің үлкен қызығушылығына ие. «Бәйтерек» отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жобаларды осында орындауға мүдделі. Атап айтар болсақ, холдингтің еншілес құрылымы Қазақстанның Даму Банкі жалпы құны 1 млрд теңгенің 3 инвестициялық жобасын қаржы бөлді. Атап айтар болсақ, олар каустикалық сода өндіретін «Каустик» ЖШС кәсіпорны, алюминий өндіретін «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ мен жүк вагондарын өндіретін «Қазақстан вагон құрастыру зауыты» АҚ», - дейді Алина Алдамберген.

Оның айтуынша, 2013 жылы Павлодар облысының инновациялық белсенді кәсіпорындары үлесі 8,5%-ды құрап, республика бойынша бұл көрсеткіш 8 пайыз деңгейінде болды. Облыс шығарылған инновациялық өнім көлемі жағынан республика бойынша үшінші орында. Сонымен қатар «Даму» қорының мақұлданған жобалары бойынша облыс бірінші орында тұр. Мұнда жалпы құны 110 млрд теңгенің 451 жобасы субсидияланып, 1 млрд теңгеден астам қаражат 54 жобаға гарантия ретінде берілген. Ал 20 бастауыш кәсіпкер 60 млн теңгенің грантын алып отыр. Операторы «Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі мен Қазақстандық ипотека компаниясы болып табылатын «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында халықты үймен қамту жұмыстары жүргізілуде.

Айта кету керек, «Ертіс инвест» инвестициялық жобасы аясында 2015 жылғы инвестициялық жобаларды іске асыру туралы «Қазақстанның Даму банкі» АҚ мен Павлодар облысы әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы жеке меморандум құрылды.

Экономикалық реформа және аймақтық даму комитеттің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша Үкіметке бірқатар ұсыныстар берілді.

«ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және аймақтық даму комитеті  техникалық реттеу бойынша барлық функцияларды бірыңғай өкілетті  органға берді», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ҚР инвестиция және даму министрлігіне тіркелген субъектілердің және сарапшы –аудиторлардың өнімнің сәйкестігін растайтын жұмысы бойынша жауапкершілікті күшейту ұсынылды.

Сонымен қатар, бағалау саласындағы сәйкестікті мақұлдау органдарын тіркеу тетігінің ашықтығын құру жоспарлануда.

Мұнымен қоса «Сәйкестікті бағалау саласындағы тіркеу туралы» ҚР Заңына тіркеу кеңесінің құрамы мен қызметі тәртібі, құзіреті мен мәртебесін анықтау ұсынылуда.

Комитет сәйкестікті  мақұлдау органдарының жауапкершіліктері мен шешімі негізінде үшінші елдердің сынақ зертханаларының материалды-техникалық базасын пайдалану тетігін құруды көздеп отыр. «Сонымен қатар индустриялды дамудың қосымша басым шарттарын құратын және отандық нарықты тарифсіз сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін көрсеткіштерді міндетті енгізудің ұлттық стандарттар базасын дамыту күшейтілмек», - делінген хабарламада.

«Семипалатинский мясокомбинат» ЖШС мен «ТаразКожОбувь» ЖШС-ның «ҚазАгроӨнім» АҚ қатысуымен кластерлік жүйе бойынша жұмыс істеуі оң нәтиже көрсетті, деп хабарлады «ҚазАгро».

««Семипалатинский мясокомбинат» ЖШС-ға Қоғамның қаржылай қолдауы  1,0 млрд теңгеге жуық қаражатты құрады. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде кәсіпорынның өнімі 2009 жылғы 600,0 млн теңгеден, 2013 жылы 2 500,0 млн теңгеге дейін өсті. Қазіргі таңда комбинат тұрақты жұмыс істеп келеді, тіпті Ресей Федерациясының тұтынушыларының байланыс орнатылған. 2013 жылы  235,0 тонна ет пен етөнімдері экспортталса, 2014  жылы оны 450,0 тоннаға дейін жеткізу көзделген», - делінген хабарламада.

Мал шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу бойынша бірыңғай кластер «ТаразКожОбувь» ЖШС Қоғам тарапынан былғары шикізатын сатып алуға және өңдеу үшін  1,0 млрд теңгеден астам қаржыны тартуға септігін тигізді.

Бүгінгі таңда «ТаразКожОбувь» ЖШС елімізде былғары жартылай фабрикаттар мен  таза былғары өнімдерін дайындайтын жетекші кәсіпорын.

Осы жылы былғары тауарларының экспорты 751 584,6 мың теңгеге жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы «ҚазАгроӨнім» АҚ қатысуымен және жергілікті билік органдарының араласуымен «Семипалатинский мясокомбинат» ЖШС мен  «ТаразКожОбувь»ЖШС базасында мал шаруашылығы кластері жұмыс істей бастады.

Астана қаласы әкімдігі ұйымдастырған «Астана Startup Weekend 2014» үш күндік шарасына 230 жас кәсіпкер -инноватор қатысты.

Шараның мәні сонда, қатысушылар мұнда идеямен келгенімен, қазыларға өз идеяларын таныстыра отырып өнімнің логотипі, алғашқы бизнес жоспар мен үш күндік шараның жемісі ретінде 54 сағаттық жұмыс істеп, айтарлықтай дүниені игеріп алды.

Қазылардың алдына 92 идея тасталды. Кейін соның ішінен 73-і іріктеліп шықты.

«Астана Startup Weekend 2014» шарасына сарапшы ретінде менторлар, өз ісінің шебері саналатын кәсіпкерлер шақыртылды. Үш күн бойы олар командамен жұмыс істеп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Бірінші кезектегі стратегия дайындау, алдан шығуы мүмкін кедергілер туралы әңгімелеп, кәсіпкерліктің қыр-сырын үйретті.

Осынау кезеңдерден өте отырып ақтық сынға 20 ең үздік жоба өткізілді. Солардың арасынан бірінші орынға «Oina box» жобасы жетті. Жобада 5 жасқа дейінгі балалардың қорап жинау ойыны көрсетілген. Олар 500 000 теңгелік сыйақы алып, екінші орынға «Ұлттық өнер тауарларын өндіретін шеберлерді дамыту» жобасы табан тіреді. Командаға 300 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық берілді. Ал үшінші орын «Тамшылар» жобасына тағайындалды. Бұл аутизммен ауыратын балаларды қалпына келтіру жолын қарастыратын жоба. Оларға 200 000 теңге көлемінде сыйақы берілді.

«Ал «Feedspy.net» жобасы бас жүлдені ұтып алса, оларға «EMC» халықаралық компаниясының тағайындаға 670 000 теңге сыйақы тағайындалды», - делінген хабарламада.

ШҚО-да «Тенгизшевройл» ЖШС мұнай, газ бен шикізатты өндіру компаниясы делегациясының жұмыс сапары аясында ынтымақтастық мәселесі талқыланды, деп хабарлайды ақпараттық орталық.

«Компанияның бас директоры Тим Миллердің айтуынша, «Тенгизшевройл» қызметінің басым бағыттарының бірі отандық тауар өндірушілерді қолдау болып табылады. Бұл туралы ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев компания делегациясымен кездесуінде сөз болды», - делінген хабарламада.

Т.Миллердің айтуынша, компания стратегиясының 4 негізінің бірі қазақстандық қамту үлесін арттыру. Оның мәліметінше, осы себепті компания делегациясы ШҚО-ға ат басын бұрып, өңірдегі кәсіпкерліктің даму жолдарын қарастырмақ.

«Сіздердің компания Батыс Қазақстан экономикасына ғана атсалысып қоймай, елдің дамуына да елеулі үлес қосуда. Тәуелсіздіктің алғаш кездерінен бастап мемлекеттің аяққа тұруына күш салды. 20 жыл ішінде «Тенгизшевройл» мемлекет экономикасына 100 млрд АҚШ долларын салған. Сонымен қатар компанияның мұнай, газ бен шикізат өндіріп қана қоймай, бұдан бөлек экологиялық шараларға да ат салысып жатқаны көпшілікке аян», - деді әкім.

Сонымен қатар, делегация Шығыс Қазақстанның ауқымды жобаларын аралады.

5 қарашадан бастап халықтық IPO бағдарламасы аясында «KEGOC» АҚ акцияларының сатып алуға өтініштер қабылдана бастайды. Бұл туралы бүгін «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

«Үкімет қаулысына сай Қазақстандық қор биржасына акциялардыың 10 пайызы салынады. Әр акция құны 505 теңгеден. Акция сатып алуға өтінімдер 5 қараша мен 3 желтоқсан аралығында бір ай бойы қабылданады. Ал 19 желтоқсаннан бастап еркін айналым басталады. IPO кезінде ҚР азаматтары, жеке тұлғалар мен жекелеген инвесторлардың қатысуына басымдылық беріледі», - дейді.

Сонымен қатар басқарма төрағасының айтуынша, өтінімдер шектеусіз қабылданады. 14 мың акцияға дейін өтінім берген барлық бөлшек инвесторлар толықтай қанағаттандырылады, егер сұраныс ұсыныстан асып кетпесе.

«Өтінім құнына қарамастан акцияларды беру әрбір инвесторға тиісінше беріледі. Егер сұраныс жоғары болса, барлық бөлшек инвесторлар арзан сомамен өтінім беріп, әрқайсысы қанағаттаныдырылатын болады», - дейді Б.Қажиев.

Б. Қажиевтің айтуынша, компания акциялары инвесторлардың өз бизнестерін арттыруға, сонымен қатар ел экономикасын көтеруге мүмкіндік береді.

«Біздің ойымызша, тұрақтылықты негізге алып бекітілген акция құны инвесторлардың салған қаражатының тұрақты өсуіне мүмкіндік беріп, Қазақстанды дамыта түспек», - дейді.

2014 жылдың 6 айында «KEGOC» АҚ 588 млн теңге таза пайда тапты. Бұл туралы бүгін «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

«Биыл компания тұрақтылығынан таймады. 2014 жылдың 6 айында «KEGOC» АҚ 588 млн теңге таза пайда тапты. Мемлекет басшысы тапсырмасын іске асыру аясында елдің энергетикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мен жаңа ірі жобаларды жүзеге асыру үшін еңбектеніп жатырмыз. Күн тәртібінде қазір 15 ірі жобамыз бар. Біздің халықаралық қаржы институттармен бірлесе инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда үлкен тәжірибеміз бар», - дейді.

Сонымен қатар, оның айтуынша, «KEGOK» АҚ Қазақстанның бірыңғай энергетикалық жүйесінің жүйелі операторы ретінде ұлттық энергетикалық желінің жұмыстарын қамтамасыз ету бойынша тұрақты түрде тұтынушыларды мемлекеттің электр энергиясымен қамамасыз тапсырмасын сәтті жүзеге асырып келеді.

«Компания активінде 24,5 мың км электр линиясы бар. Ол 220 кВт-тық жоғары сыныпты электр қуаты. Сонымен қатар, 36,4 гигавольт ампер болатын 74 тірек станция бар. Елдің электр желілік бас компаниясы бола отырып біз желіні дамыта отырып тұтынушылардың тұрақты энергия алуын қамтамасыз етеміз», - дейді басқарма төрағасы.

Сонымен қатар, Б. Қажиеватың айтуынша, «KEGOK» АҚ инвестициялық тартымдылығының бірі 1 млрд АҚШ доллары көлеміндегі ірі инфрақұрылымдық жобаны іске асыру тәжірибесі болып табылады.

«Осынау жобаларды іске асыру үшін 1 млрд доллардан астам қаражат салынды. Ел экономикасы мен халықтың тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша бірқатар ірі жобаларды іске асырдық.  Атап айтар болсақ олар Солтүстік-Оңтүстік транзит құрлысы. Біз ұлттық желі құрылысын да аяқтадық», - дейді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 31 қазандағы № 1156 Қаулысымен «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің «Халықтық IPO» бағдарламасы аясында  «KEGOC» АҚ акцияларын Қазақстандық қор биржасына орналастыру бағасы, саны мен құрылымы туралы шешімі мақұлданған болатын. «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің мақұлданған шешіміне сай бірінші реттік орналастыру аясында «KEGOC» АҚ-ның 25 999 999 қарапайым акция салынады. Бір қарапайым акция құны 505 теңге. Акция сатып алу мерзімі 2014 жылдың 5 қарашасы мен 5 желтоқсан аралығы.

Қазақстан экономикасына шетелдік тікелей инвестиция ағымы 2014 жылдың 1-ші жарты жылдығында 12,4 млрд теңгені құрады.

Осы уақыт  аралығында Нидерланды, АҚШ, ҚХР, Швейцария, Франция, Ұлыбритания негізгі инвесторлар болды, деп хабарлайды ҚР Инвестиция және даму министрлігі.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында алға қойған тапсырмасы бойынша Қазақстан экономикасына шетелдік инвестиция ағымын қамтамасыз етілуде. Қазақстанда осы мақсатта барлық жағдай жасалынған.

Қазақстан экономикасына шетелдік тікелей инвестиция ағымы 2014 жылдың 1-ші жарты жылдығында 12,4 млрд теңгені құрады. Бөліп айтар болсақ, аталмыш қаражаттың 5 млрд доллары кен өндірісі саласына, 3 млрд доллары кәсіптік, ғылыми және техникалық қызметтерге, 1,5 млрд доллары өңдеуші өнеркәсіпке, тағы 1,5 млрд доллары көтерме және бөлшек сауда, автокөлік жөндеу саласына және 1,4 млрд доллары өзге салаларға тиесілі.

Сонымен қатар, өңдеуші өнеркәсіпке биылғы жылдың бірінші жартысына салынған шетелдік тікелей инвесиция көлемі 1,5 млрд АҚШ долларын құрады.

Қазақстанда «Технологияларды коммерцияландыру» жобасына республикалық бюджеттен 61,6 млн доллар жұмсалды және тағы 13,4 млн долларды Дүниежүзілік банк қарызға берді. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ҚР БҒМ жоғары, жоғарғы оқу орыннан кейінгі білім мен халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Жасұлан Шаймарданов хабарлады.

«Қазақстанда «Технологияларды коммерцияландыру» жобасына республикалық бюджеттен 61,6 млн доллар жұмсалды және тағы 13,4 млн доллар Дүниежүзілік банктен қарызға алынды», - деп атап өтті ол.

Шаймарданов атап өткендей, жоба 3 базалық құрамнан  тұрады.

Департамент директоры хабарлағандай, 2011-2013 жылдар аралығында  33 инновациялық жоба 4,5 млрд. теңге көлемінде қолдау тапты, және Қарағанды Мемлекеттік Техникалық университеті негізінде материал жасау халықаралық орталығы ашылды. Технологияларды коммерциялау үрдісі толықтай Білім және ғылым министрлігінің жанындағы жобаларды басқару тобының бақылауында.

««Технологияларды коммерцияландыру» гранттық бағдарламаның бірінші кезең нәтижесі бойынша 710 млн.теңге көлемінде 16 жоба іріктелді. Екінші кезең нәтижесі 2014 жылғы желтоқсан айының басында жария етіледі.  «Технологияларды коммерцияландыру орталығының қызметі мен қолдауының арқасында Қазақстандағы кез-келген ғалым немесе жасампаз өзінің жобасын әрі қарай жүзеге асырып, бизнес өнімге айналдыруы үшін грант алу мүмкіндігіне ие болады», - деп толықтырды  Ж. Шаймарданов.

Естеріңізге сала кетейік, «Технологияларды коммерциялау» түсінігі Қазақстанда бертін пайда болды. Негізі  ғылыми жобаларды өндіріске енгізуді білдіреді. Коммерцияландырудың  мақсаты  - бірегей технологияларды жасаудан  бастап бизнес-өнімге дейін қолдау.  Қазақстанда «Технологияларды коммерцияландыру» жобасы 2008 жылдан бері Қайта жөндеу және дамыту халықаралық банкі (Дүниежүзілік банк)  займы туралы Келісім аясында жүзеге асуда.

Азия Даму Банкі (АДБ) «Даму» Кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ мен қатысушы банктер арқылы Қазақстанда ШОБ-ті дамытуға 122 млн АҚШ доллары көлемінде қаржы бөледі, деп хабарлайды Даму қоры.

«Әсел Шыңғышева мен «Даму» Кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова арасында Астанада қарыз беру туралы келісімге қол қойылды. АДБ қарыз беру туралы келісіне сай «Даму» қорына ҚР Үкіметінің кепілдігімен 5 жылға дейін қаражат бөледі. Өз кезегінде, «Даму» қоры шағын және орта кәсіпкерліктерге несие беру мақсатында екінші деңгейлі банктерге қаражат бөледі», - делінген хабарламада.

Аталмыш қарыз 2012 жылдың қыркүйек айында АДБ Директорлар кеңесінің мақұлдаған 500 млн АҚШ долларына шағын және орта кәсіпкерліктерді қаржыландыру бойынша инвестициялық бағдарламаның көптраншты тетігі аясында екінші транш түрінде беріледі.

«Қаржыландыруға қолжетімділікті арттыру қосымша инвестиция тартып, жұмыспен қамту деңгейін арттырып, нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерліктер меншігінің кірісін ұлғайтпақ. Жоба аясында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мен өңірлердегі шағын және орта кәсіпорындарды несиелеуге ерекше көңіл аударылатын болады», - дейді АДБ Қазақстандағы өкілдігінің директоры міндетін атқарушы Әсел Шыңғысова.

Үкімет пен «Даму» қорының мәліметінше, шағын және орта кәсіпкерлік экономиканы әртараптандыру мен экономикалық өсімді қамтамасыз етудің басты көзі болып табылады.

Айта кету керек, АДБ мақсаты экономикалық өсім, экологиялық тұрақтылық пен өңірлік интеграцияны арттыра отырып Азия-Тынық мұхиты өңірінде кедейлік деңгейін төмендету болып табылады. Банктің 67 қатысушы мемлекеті бар. Солардың 49-ы осы өңірлердің мемлекеттері. 2013 жылы АДБ портфелі 6,6 млрд доллар көлеміндегі бірлесе қаржыландыру қаражатын қосқанда 21 млрд долларды құрады.

«Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек – будущее без барьеров» жобасы аясында «Жас Отан» Жастар қанаты «Әлеуметтік нысандардың қолжетімділігі картасы» мобильді қосымшасын әзірледі, деп хабарлады «Нұр Отан» партиясы.

«Бұл мобильді қосымшаның ерекшелігі – ол краудсорсинг ұстанымы бойынша республиканың түрлі қалаларының тұрғындарынан келіп түскен ақпараттар негізінде құрылады. Қолжетімділік картасы мүгедек жандарға көмектесумен қатар, оларды қала инфрақұрылымындағы қолжетімді нысандар туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге бағытталған», - делінген хабарламада.

IOS және Android арқылы республиканың кез келген өңірінің тұрғыны нысанды суретке түсіп, оны бағалап, ол туралы пікірін жазып, мәліметтерді Қолжетімділік картасына жібере алады. Мобильді қосымшаны қажет еткен адам Play Market  және App Store арқылы тегін көшіре алады. Аталмыш қосымша партиялық «Электронды партия» жобасының аясында әзірленді.

Қолжетімді карта санаттарына кірген нысандар саны әртүрлі, олар - мемлекеттік мекемелер, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік, спорттық нысандар, арнайы бағдаршаммен жабдықталған жол қиылыстары, көлік тұрағы және тағы басқалары.

Жобаның әзірлеуші - «Жас Отан» Жастар қанаты.

«Қазіргі таңда жаңа технологиялар мен гаджеттерді әсіресе жастар белсенді түрде пайдаланатыны мәлім. Сондықтан, осы іс-шараға атсалысуға біз жастарды тартып отырмыз.  Солардың жасампаздықтарының арқасында Қолжетімділік картасы қоғамда керекті құралға айналатынына сеніміміз зор», - дейді «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысы Нұрлан Сыдықов.

«Әлеуметтік нысандардың қолжетімділігі картасы» мобильді қосымшасына тәуелсіз сарапшылар да өз бағасын берді.

Қазақстанда 2014 жылы МЖС жобаларын жүзеге асыруға 500 млрд теңге жұмсау жоспарлануда, деп мәлімдеді ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.

«Инсвестиция жағынан алғанда үлкен мүмкіндіктерді көріп отырмыз, Ұлттық қордан 1 трлн теңге бөлінеді, оның 500 млрд теңгесі осы  жылы игерілсе, қалғаны 2015 жылы жұмсалатын болады. Жақын арада әкімдіктер тарапынан жаңа бастамалар топтамасы беріледі»,-  деп хабарлады Е. Досаев.

Ұлттық экономика министрі атап өткендей, Қазақстанда МЖС танымал түрі - концессия. Ол ресми түрде 2006 жылы «Концессия туралы» заң қабылданған соң қалыптаса бастады. «Бүгінде бізде жұмыс істеп жатқан 3 концессиялық жоба бар. Олар бойынша белгілі бір жағымды және жағымсыз тәжірибе жинақталған. Олар «Шар-Өскемен станциясы» теміржол желісі, «Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы» электрэнергия беру желісі мен Ақтау қаласындағы әуежайдың жолаушылар терминалы», - деп толықтырды ол.

«Жеке сектор тиімді болды және солай қала береді. МЖС жобалары біздің инвестицияларымыз бен инфрақұрылымдарымыз үшін қосымша қосылған құн алып келе алады»,- деп атап өтті Е. Досаев.

Сонымен қатар, ведомство басшысының айтуынша, Қазақстанда бұданда жылдам нәтижеге қолжеткізуге мүмкіндік беретін институт, механизм құру керек. «Мемлекеттік жеке серіктестік аясында жобаларды іске қосу үшін біз 9 айдан артық уақыт жұмсамауымыз керек», - деп есептейді министр.

Ведомствоның мәліметі бойынша, бүгінде түрлі дайындық кезеңінде жалпы құны 3,5 мрд долларды құрайтын 44 жоба бар. Аталмыш жобалардың негізгі бөлігі, атап айтар болсақ 44 жобаның 39-ы аймақтарға тиесілі және олардың жалпы құны 2,2 млрд доллардан кем емес.

Қостанай облысында «Тобол» ӘКК инвестициялық портфелінің құрамына 47 инвестициялық жоба кіреді, оның құны 5,5 млрд теңгеге тең, деп хабарлады әкімдік.

«Облыс әкімі Нұралы Сәдуақасовтың төрағалығымен өткен кеңесте «тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының стратегиялық даму басымдықтары мен ұзақмерзімді жоспары талқыланды.  Акционерлік қоғам басқарма төрағасы Арман Алиев «Тобыл» ӘКК даму жоспарының алдағы 10 жылдық болжамымен таныстырды», - делінген хабарламада.

Жақын арадығы онжылдықта ӘКК инвестициялық портфель көлемін 6,9 млрд теңгеге жеткізуді жоспарлауда.

Әкімдікте хабарлағандай, бүгінде корпорацияның инвестициялық жобасы 5,5 млрд теңге тұратын 47 инвестициялық жобаны қамтиды. Корпорация серіктестерінен тартылған көлем 27,8 млрд теңгені құрайды.

ӘКК басшылығы Торғай бассейні кен орнында көмір өндіру кластерін дайындауды ұсынуда. Сондай-ақ, «Соколовка» ЖШС бірлесіп тағы 10 кен өндіру орынында аталмыш үрдісті жүргізу қарастырылған. Бұл мега-жобалардың жалпы құны 5,6 млрд доллар.

Сондай-ақ, ӘКК қызметіне мемлекеттік және жеке меншік жобаларды енгізу қарастырылуда. Дуальды оқыту бойынша типтік бағдарламалар қарастырылуда.

«Тобыл» ӘКК қызметі» 2010 жылы басталған болатын. Осы жылы 165 млн теңге таза өнім пайда көру болжанып отыр», - деді А.Алиев.

Қазақстанда 21 млрд доллардың 130 инвестжобасы жүзеге асырылды. Бұл туралы «KAZNEX INVEST» ұлттық экспорт және инвестиция агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әсел Ерғазиева Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

«Бүгінге дейін Қазақстанда өңдеуші салада 21 млрд доллардың 130 инвестжобасы жүзеге асырылды», - деді Әсел Ерғазиева.

Оның айтуынша, KAZNEX INVEST портфелінде 36 млрд доллардың 70 жобасы бар. 2005 жылдан бастап 2014 жылдың бірінші жартысына дейін Еуроодақ елдері 95 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйған. «Ал Америка Құрама Штаттары мен Қытай 19 және 11,8 млрд доллар инвестиция салды», - дейді төраға орынбасары.

А.Ерғазиеваның айтуынша, биылғы жылдың маусым айында инвестиция туралы заң қабылданып, соның аясында Қазақстан экономикасына 20 млн доллардан артық инвестиция салатын ірі инвесторлар салықтық жеңілдіктерге ие болады.

«Атап айтар болсақ, инвесторлар 10 жылға дейінгі салықтық каникул түріндегі ынталандыру әдістерін пайдалана алады. Сонымен қатар, аталмыш инвестор елге салған өз капиталының 30 пайызын қайтарып ала алады. Және де бір жылға дейін Қазақстанға өзіндік жұмыс күшін әкелу мүмкіндігіне қол жеткізбек», - дейді А.Ерғазиева.

Сонымен қатар, оның айтуныша, инвестиция туралы заң аясында мемлекет белгілі бір инвестициялық келісімдерге кепілдік береді. «Яғни, салықтық төлемдер инвестициялық нормаларға алмастырылып, кепілдік келісімде көрсетілетін болады. Қазақстан мега өңірдің бір бөлігі ретінде көрінуде. Әлеуетті инвесторлар Қазақстанға Еуразиялық экономикалық одақ ретінде қарап отыр», - дейді.

Осы жылы 37,1 млрд. теңгеге 68 инвест.жобаның іске асырылуы жобаланып отыр, қазіргі уақытта оның 56 инвестициялық жобасы іске қосылған, бұл туралы ОКҚ брифингінде Ұлттық холдингтің басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов мәлімдеді.

Осы  жылы 37,1 млрд. теңгеге 68 инвест.жобаның іске асырылуы жобаланып отыр, қазіргі уақытта оның 56 инвестициялық жобасы іске қосылған. Жылдың аяғына дейін тағы да 12 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарлануда.

«Инвестициялық жобалар бүкіл облыстарда, соның ішінде 75,1% аудандарда, 76,9% облыс маңызындағы қалаларда және 25,9%  аудан маңызындағы қалаларда іске асырылуда (ағымдағы жылдың 9 айы ішінде 24 аудан инвестициялық жобалармен қамтылды)», - деді  ол.

Оның айтуынша, облыстар ішінде инвестициялық жобаларды іске қосудағы көшбасшылар болып табылатындар: Ақмола облысы - 63 жоба (немесе іске қосылған жобалардың жалпы санының 18,1%), СҚО – 40 жоба (немесе 11,5%), Алматы  облысы – 39 жоба (немесе 11,2%), Қостанай облысы – 37 жоба (немесе 10,6%) және ОҚО – 30 жоба (немесе или 8,6%).

Холдингтің инвестициялық қоржынында жалпы құны 298,6 млрд. теңгеге  (14,7 мың жұмыс орнының құрылуымен) 464 жоба бар, жалпы құны 207,5 млрд. теңгеге (11,5 мың жұмыс орнының құрылуымен) 348 жоба немесе  75% іске қосылған, оның 213 жобасы жобалық қуатқа 70%-ға және одан да жоғары пайызға шықты.

Астанада «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» (ТДҰА) АҚ және Қазақстандағы Британ Кеңесімен (British Council) арасындағы кездесу барысында білім саласындағы өзара қарым-қатынас пен ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды.

Ұлттық компания мен кәсіпорын  өкілдері шақырылған кездесуде балалар инновациясын қолдау және дамыту болашағы талқыланды.

ТДҰА-да хабарлағандай, қол қойылған Меморандумға сәйкес елдер Қазақстандағы инновациялық климаттың табысты дамуын қолдау және ықпал ету туралы келісті.  Меморандум аясында екі ел арасында Ұлыбританияның тәжірибесімен таныса отырып, оны кейін Қазақстанға бейімдеуді ескеріп, білімімен  алмасу жоспарлануда. Атап айтсақ, білім, жаратылыстану ғылымдары, инженерлік іс, технология және математика  саласында   STEM (Science, Technology, Engineering, Mathematics) білім беру бағдарламасын жүргізу жоспарлануда.

Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік басқармасы төрағасының орынбасары Жұматай Салимов атап өткендей, аталмыш ынтымақтастықтың мақсаты - болашақ инноваторлардың, инженерлердің, техниктердің  техникалық  шығармашылығы мен кәсіптік бағдарын дамыту бойынша Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін орындау.  «Елорданың оқушылар сарайында   STEM бағдарламасын жүзеге асыру жоғары класс оқушыларына өнеркәсіптік кәсіпорын базасында қысқа мерзімді тәжірибеден өтуге мүмкіндік береді, ал үздік инновациялық жоба  байқауының жеңімпаздары Ұлыбританияға барып, білімін ұштап қайту мүмкіндігіне ие болады» - деп атап өтті ол.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні қарсаңында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да бірқатар салтанатты шаралар өтті, деп хабарлады БҒМ.

«Университетте «Астана – Елбасының ерлігі» атты көрме ашылды, онда ЖОО-ның сәулет және құрылыс факультеті студенттері жасаған Астана мен Өскеменнің заманауи сәулет құрылыстарының макеттері қойылды. Сондай-ақ Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстан құрылысына сіңірген баға жетпес  үлесі мен Елбасына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды», - делінген хабарламада.

Президент күні аясында ҚР Президентінің стипендиаттарына сертификаттар және басқа атаулы стипендиялар иелеріне сертификаттар, «Инновация – 2014» Таңдаулы инновациялық жоба» дәстүрлі байқауының жеңімпаздарына университет ректоры Нұрлан Темірбеков марапаттар тапсырды. Байқауда бірінші орын алған ауыл шаруашылық ғылымдарының магистрі Сергей Лутай «Алтын грифонға» ие болды.

ШҚМТУ-дың магистранты Алина Ким «Автомобиль жолдары мен тротуарларды мұз бен қардан тазарту үшін қондырғыны жетілдіру» инновациялық жобасы үшін дипломмен және «Күміс грифонмен» марапатталды. «Қола грифонның» иесі – магистрант Дидар Қасым. Ол техногенді қалдықтарды кесу шін қондырғы ойлап тапқан.

Хабарда шараны «ҚАЗРОБОФОР-2014» 1-ші Қазақстандық робот-техникалық форумы мен Қ.И.Сәтбаев ат. ҚазҰТУ Технопаркімен және  Алматы өңірлік технопаркімен әріптестікте Қазақстанның студент-кәсіпкерлерінің 2-ші Ұлттық конкурсының ұйымдастырушылық комитеті өткізетіні аталып өткен.

Жарыстың негізгі мақсаты - жоғары технологиялық кәсіпорын - үздік робот-техникалық ЖООлар - үздік колледждер - үздік мектептер тізбегінде әріптестік қарым-қатынасты орнату.

«Чемпионат сондай-ақ, жетекші халықаралық олимпиадаларға қатысуға дайындау үшін Алматының үздік студенттерін, мектеп пен колледж оқушыларының дайындығын тексеріп, оларды іріктеуге мүмкіндік береді», - делінген хабарда.

Оған қоса чемпионаттың күзгі сессия бағдарламасына шамамен 30 робот-техникалық команда енгізілген.     Тіркелгендер арасында көш бастап тұрғандар -   Ш.Смағұлов ат. дарынды балаларға арналған Алматы облыстық мамандандырылған физико-математикалық  орта мектеп-интернаты,  №5 мектеп-гимназиясы мен Әл-Фараби ат. ҚАЗҰУ, С.Бегалин ат. МБК робот техникасы үйірмесі     (Shevroninc қолдауымен), халықаралық бизнес және байланыс колледжі,  ОАОК және т.б.

«Ақтау құйма зауыты» АҚ Иранға 77 млн АҚШ долларына болат прокатын жеткізуге экспорттық мәміле жасады, деп хабарлады KAZNEX INVEST ұлттық агентігінінің баспасөз қызметі.

«Жол картасын» жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдың қараша айында ҚР ИДМ «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестиция жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Тегеранда қазақстандық өндірушілердің өңделген өнімдерінің сауда миссияларын ұйымдастырды. Бизнес-форум аясында болат прокатының қазақстандық өндірушісі ирандық трейдерлермен келіссөздер жүргізді.    Кездесу қорытындысында Қазақстаннан болаттың салқын илемдері  прокатының 180 мың тоннасын жеткізу туралы мәміле жасалды», - делінген хабарда.

«Иран Қазақстанның экспорттық стратегиясына сәйкес отандық өнімді өткізуге тиімді 12 ел  қатарына кіреді. Мысалы, биыл  осы елдің нарығына қазақстандық өндірушілерді шығаруға алғашқы қадам жасалды. Бұл жұмыс келесі жылы да жалғасын табады. Оның үстіне бұған «Қазақстан-Түркіменстан-Иран» темір жолының ашылуы да ықпал етеді, оны ағымдағы жылдың 3 желтоқсанында біздің ел Президенті Н.А.Назарбаевтың қатысуымен аіске қосу жоспарлануда», - деп атап өтті ұлттық агенттіктің басқарушы директоры Асқар Арынов.

Жалпы, сегіз айдың қорытындысы бойынша металлургиялық өнімнің Иранға экспорты былтырғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 2,5 есе өскен (140 млн АҚШ долларынан 360 млн долларға дейін) немесе физикалық көлемде 1,2 млн тоннадан 1,5 млн тоннаға дейін, өсім 25%.

Қазақстандық инвестицияның 65%-ы Нидерланды арқылы өтеді, деп ағынан жарылды «Қазмұнайгаз»ҰК»АҚ Топтық орталық бойынша басқарма төрағасы Данияр Берлібаев.

«Статистика бойынша Голландия  Қазақстандағы нөмері бірінші инвестор. Сонымен қатар Қазақстанда инвестор болып табылады, оның шетелдік инвестициясының 65%-ы Голлландия арқылы өтеді. Көбіне біз бірлесіп мұнай және сервистік компанияларды дамытамыз», - деді Д.Берлібаев.

Сонымен қатар ол, Нидерландыдан келген серіктестеріне Қазақстан жылына 81 млн тонн мұнай өндіретінін және жақын арада бұл көрсеткішті жылына 120 млн тоннаға жеткізуді көздеп отырғанын айтты.

«Біз әлем бойынша бизнесімізді жүргізіп келеміз. Бизнес - ол сенім ісі. Біз Қазақстанға сенеміз, ол саяси және экономикалық тұрғыда тұрақты мемлекет. Біз мұнда сату үшін емес немесе сатып алу үшін емес, ұзақмерзімді ынтымақтастыққа қол жеткізу үшін келіп отырмыз», - деді Нидерландының экономика министрі Хенк Камп.

Айта кетерлік жайт, голландиялық бизнес делегацияның құрамында белді 20 компанияның өкілі бар. Олар  мұнай, газ экнергетика, инфрақұрылым металургия көлік және коммуникация салаларынан.

Қазақстанда біріңғай геоақпараттық жүйе (БГЖ) құру керек, дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрам Бегентаев.

Депутат қолжетімді түрдегі электронды картаның жоқтығын айтып отыр. «Дамыған елдердің барлығында белгілі бір жерге қалай жету керектігін көрсететін навигатор болатынын айтты. Біздегілердің көпшілігі пираттық көшірмелер. Бұл жүйені өзімізде де қолдана алмаймыз», - дейді Бегентаев «Нұр Отан» партиясы фракциясының жанындағы экономикалық саясат кеңесінің бірлескен отырысында.

«Жұмыстарды тиімді жоспарлау мен бюджеттік қаражатты қолданудағы олқылықтардың алдын алу үшін неоақпараттық жүйе деп аталатын біріңғай мемлекеттік карта құру қажет. Оның басты мақсаты басты аймақтар мен ғимараттарды көрсетіп, онда фактографикалық ғимараттар мен нысандар орналастырылады. Бұл қолданушыларға сапалы ақпарат алуға мүмкіндік береді», - дейді депутат.

Мұндай жүйе, оның айтуынша, көптеген салалардағы географиялық ақпараттарды талап ететін түрлі деңгейдегі бірқатар мәселелерді шешуге жол ашпақ. «Бірінші кезекте бұл көлік инфрақұрылымы, жылжымайтын мүлік нысандары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты», - дейді депутат.

Сонымен қатар мемлекеттік органдарда мұндай электронды карталар бар, дегенмен өзара олар байланыс құрмағанын айтты депутат.

Ауылдарға ғаламтор жүргізу үшін 48 млрд теңге жеке инвестиция тарту жоспарлануда, деп хабарлады инвестиция және даму вице-министрі Асқар Жұмағалиев «Нұр Отан» фракциясы жанындағы Экономикалық саясат кеңесінің отырысында.

«Ауылдағы ахуалға сай ғаламтор пайдаланушылардың саны 56,4 пайызды құрады. Елдімекендерге ғаламтор қызметін ұсыну жағынан біз EVDO стандартының 3G қызметін көрсетіп отырмыз.  Біз шалғайдағы ауылдарда теллекоммуникация қызметін дамыту керектігін түсінеміз»,- деді А.Жұмағалиев.

Вице-министр  елдімекендерді талшықтық-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз ету жүйесі енгізілетінін еске салды. «Жоба капиталы айтарлықтай үлкен, мемлекеттік бюджет есебінен емес, жеке инвестицияларды тарту арқылы жүргізіледі. Оның құны 48 млрд теңге, екінші кезеңде сәйкесінше есептеулер жүргізілуде»,- деп толықтырды ол.

Бірінші кезекте 1300 астам ауылды, екінші кезеңде тағы да 1300 ауылды ғаламтормен қамтамасыз ету жоспарланған.

«Осылайша біз ауыл халқының 89,7 пайызын сапалы ғаламтормен қамтамасыз ете  аламыз»,- деп сендірді А.Жұмағалиев.

Астанада төтенше жағдайларды ғарыштан мониторингтеу және болжау бірлескен жүйесін құру жөніндегі қазақстан-ресей жұмыс тобының кезекті сараптамалық кездесуі өтті, деп хабарлады ТЖ комитеті.

«Кездесу бірінші кезектегі міндеттер мен екіжақты қатыныстарды анықтайтын екі елдің интерграциялық процесстерін кеңейтуге бағытталған стратегиялық құжат - Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының 2013-2014 жылдарға арналған бірлескен іс-әрекеттер жоспарын іске асыру аясында өтті», - делінген хабарламада.

Екі күн бойы тараптар төтенше жағдайлардың ғарыш мониторингі және оларды болжау бірлескен жүйесін құру жөніндегі қазақстан-ресей іс-әрекеттер жоспарының кешенді іс-шараларын орындау барысын егжей-тегжейлі қарады.

Сонымен бірге ғарыш мониторингі саласында бірлескен регламенттерді енгізу, тараптардың жерді қашықтықтан зондтау радиолокалокациялық ғарыш мәліметтерінің қажеттіліктерін анықтау, табиғи өрттерге баға берудің бірлескен әдістемелерін жасау, жедел ақпарат алмасуды қамтамасыз ету, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың басқа өзекті мәселелері қаралды және олар бойынша бірқатар басқару шешімдерін қабылдауға дайындық жүргізілді.

Аталмыш іс-шаралар төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласында ресей-қазақстан қатынастарын дамытуға қосымша қарышты қарқын, қаралып жатқан  Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі және Ресей Федерациясы Федеральды ғарыш агенттігі саласында айтарлықтай тәжірибе береді.

Стратегия "Қазақстан 2050"

 

0
2
730

Осы тақырып бойынша

Бәсекелеске қабілетті ұлттық экономика – қуатымыз - Yvision.kz