Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы
Астана. 2014 жылғы 28 қарашада Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Кеңес жұмысына Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, республикалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.
Мемлекеттік хатшы өз сөзінде Ассамблея Кеңесі мемлекеттік және ұлттық мерекелер – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздігі күні қарсаңында өтіп отырғанын атап көрсетті.
Қазақстан үшін Тұңғыш Президент және Тәуелсіздік бір-бірінен ажырағысыз киелі ұғымдар, олар еліміздің жаңа тарихының жаңа кезеңін айқындайды.
Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың есімімен байланысты Тәуелсіздікке қол жеткізу тарихи жоғары әділеттілік пен нағыз еркіндікке қол жеткізудің, халықтың өз тағдырын дербес шешудегі егемендік құқығының қарышты қадамына айналды.
Қазақстан Елбасының басшылығымен Қазақ мемлекеттілігінің көпғасырлық дәстүрін жалғастыра отырып, тарихи өлшем бойынша қысқа мерзімде жаһандық өзгерістің орасан зор жолын жүріп өтті.
Сан тарапты транзиттік жағдай барысында халықаралық қоғамдастықпен танылған, белортасында заңды түрде Қазақстан халқы Ассамблеясы тұрған, бейбітшілік пен келісімнің бірегей моделі құрылды.
Мемлекет басшысы халықтың бірлігі мен мемлекеттік биліктің, Конституцияның мызғымастығының, адам мен азаматтың құқығы мен еркіндігінің символы мен кепілі ретінде – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы болып табылады.
Бүгінде Қазақстан Республикасы қуатты нарықтық экономикасы, дамыған азаматтық қоғамы бар, 100-ден астам этнос өкілдері бірлік пен келісімде өмір сүріп жатқан қалыптасқан демократиялық мемлекет саналады.
Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан тарихындағы роліне баға жетпейді, өлшеусіз әрі аса орасан.
Елбасы:
- қазіргі заманғы Қазақстан мемлекеттігінің негізін қалаушы;
- табысты жобаның авторы: Қазақстан Республикасы өңірлік маңызды геосаяси және геоэкономикалық ойыншы.
- жаһандық брендтер мен бастамалардың құрушысы әрі сәулетшісі: Қазақстан жолы, Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен келісім моделі, Астана, ШЫҰ, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі, ЕҚЫҰ және ИЫҰ және басқа да көптеген ұйымдарға Төрағалық.
Осының барлығы жаһандық саяси әрі экономикалық дамудың өзекті тенденциялары мен трендтерін қаперде ұстайтын Елбасының сарабдал, салиқалы әрі көреген саясатының арқасында мүмкін болды.
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық бағыты Қазақстан халқының мүдделері мен үміттеріне барынша сай келеді, ХХІ ғасырдың жағымсыз қыр көрсетулерінің алдын алу мен жоюға негізделген және халықтың материалдық әл-ауқатын арттыруға бағытталған.
Бүгінде барша Қазақстан Елбасының әлемнің ең дамыған 30 мемлекетіне кіру жөнінде ел алдына қойған басты мақсатқа қол жеткізу жолында біртұтас мақсаткерлік екпінмен өмір сүріп, еңбек етуде.
Бұдан кейін, Мемлекеттік хатшы Ассамблеяны институционалдық нығайту бойынша биылғы жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, Мемлекет басшысы «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» деп жариялаған 2015 жылы мемлекеттік этносаясатты одан әрі жетілдіру және Қазақстан халқының бірлігін нығайту жөніндегі негізгі міндеттерді айқындап берді.
«Бірлік пен қоғамдық келісім еліміздің «Қазақстан-2050» даму бағыты мен «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатының стратегиялық міндеттерін іске асырудың негізгі шарты болған, болып келеді және бола да бермек. Ассамблея жылы, ең алдымен, этносаясатты одан әрі нығайтуға бағытталған», – деп атап өтті Мемлекеттік хатшы.
Отырыс барысында ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының, Алматы облысының әкімі – өңірлік ассамблеяның төрағасы А.Баталовтың, «Идел» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің жетекшісі Р.Валиевтің ақпараттары тыңдалып, «Қазконтент» АҚ ҚХА интернет-сайтының жаңа дизайнын таныстырды, ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Кеңес аясында «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоры» ҚҚ Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуметтік маңызды жобаларының көрме-жәрмеңкесін өткізді (45 жоба).
