Астанада жемқорлықпен күреске бағытталған меморандум бекітілді
Астанада ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ арасында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында тараптар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерінде күш біріктіріп, бірлесе әрекет етуге келісті. Бұл туралы меморандум бекіту барысында «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс » республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Оралбай Әбдікәрімов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Біздің бірлестіктің мақсаты, ең алдымен, Президенттің сыбайлас жемқорлықты еңсеру бойынша бастамасын қолдау болып табылады. Бұл ең маңызды міндеттердің бірі. Елбасы жемқорлық дертіне қарсы күреске тек органдарды ғана емес, қоғамның өзін де қатысуға үндейді», – деп…

