Табиғатты қорғайық
12-ақпан күні Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, «Сырым жастары» жастар қоғамдық бірлестігі, «Жас Отан» Жастар қанаты Сырым аудандық филиалы еріктілерінен құралған бір топ жастар Өлеңті өзеніне барып экологиялық акция жасады. Акцияның негізгі мақсаты – аудан орталығындағы су тоғандарының балық ресурсы көздерін сақтап қалу. Аталмыш шараға Сырым колледжі студенттері, Аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері белсене қатысты. Акцияға қатысушылар мұз астында тіршілік ететін су жануарларына ауа жетуін қамтамасыз ету үшін мұзға ойықтар жасады. Табиғатқа деген жанашырлығы нақты ісінен айқын көрінген белсенді жастар экологиялық тәрбиенің, қамқорлық шараларының әр маусымда жалғасын табуына сеп болатындарына сенім білдірді. Акция барысында жастар Өлеңті өзенінің 1км қашықтық аралығын қамтып 35-тей мұз ойықтарын жасап балықтарға ауа жіберді.Мұздықтардың қалын қатуына байланысты қыс кезінде мұзды ойып,қамыс түтікшелер арқылы балықтарға ауа жіберу балықтарды құтқару жұмыстары алдағы уақытта жүргізіліп тұрады.
Бұндай шаралар Теректі, Жәнібек, Тасқала аудандарында да жүзеге асты




