Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН: Отандық өнім нарықты қамтамасыз етпек

Сапалы дүниеге әрқашанда сұраныс жоғары. Оңтүстік Қазақстан облысындағы шағын ғана «Ақ жол» ЖШС шығаратын шұжық өнімдері бәсекеге қабілетті. Өз өнімімен ішкі нарықты толықтай жаулап алған кәсіпкер болашақта Астана мен солтүстік өңірлерін отандық ет өнімдерімен қамтамасыз етпек, деп жазады ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оған толық мүмкіндіктері де бар. Кәсіпорынға қажетті шикізат, яғни етті өздері дайындайды. «Халал әрі дәмі тіл үйірер шұжыққа деген сұраныс қазірдің өзінде жоғары», - дейді серіктестіктегілер. Шағын шұжық цехы соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған. Польшалық мамандар жаңа құралдарды басқарудың қыр-сырын жергілікті жастарға толық үйретіп кетіпті.

Ашылғанына жылға тола қоймаған кәсіпорын өніміне қазірдің өзінде сұраныс жоғары. Кәсіпорын 13 түрлі шұжық шығарады. Қуаттылығы - айына 6 тонна. Өнім дәмді әрі сапалы болу үшін қоспалардың сапасын арнайы зертхана қызметкерлері күнделікті тексеріп отырады. Істің көзін тапқан кәсіпкер сұранысқа қарай өнім көлемін де ұлғайтуды жоспарлап отыр. Болашақта дәмі тіл үйірер оңтүстікте жасалған шұжық өнімдерін солтүстіктің жұрты да татып көретін болады.

ҚазАқпарат

0
0
690

Осы тақырып бойынша

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН: Отандық өнім нарықты қамтамасыз етпек - Yvision.kz