Мазмұнға өту

Жаңа

«Электронды цифрлық қолтаңба – бүгінгі күнгі заман талабы»

Қазақстан Республикасында «Электронды әкімдікті» құру мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асыру мақсатында елімізде «Электронды үкімет» порталының табысты жұмыс атқарып келе жатқандығына бірнеше жылдың жүзі болды. «Электронды үкімет» порталы дегеніміз – Қазақстан азаматтарының және республика қонақтарының Қазақстан туралы, оның үкіметі, заңнамасы, ұлттық назар аударарлық орындары туралы ресми ақпарат ала алатын, сонымен қатар, онлайн режимде мемлекеттік органдар қызметіне ие болып және айыппұл төлеуге мүмкіндік беретін бірыңғай ресурс. Порталда экономикалық, білім, мәдениет, еңбек, денсаулық, спорт, туризм және адам өмірінің өзге де салалары бойынша бірнеше мәтіндік бөлімдерде 2000 аса ақпарат қызмет түрлері көрсетіледі. «Электронды үкімет» арқылы халыққа көрсетілетін электрондық қызметтердің…

0
0
566

Мемлекеттік тіл мерейім

Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Тіл ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Адам тіл арқылы бір-бірімен қатынаса алады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан, оған бей-жай қарамаймыз. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз»-деген болатын. Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын қатайтты. «Ұлттың сақталуына да, жоғауына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деген Ахмет Байтұрсыновтың қасиетті қағидасы…

0
0
2764

Сыбайлас жемқорлық

Сыбайлас жемқорлық – ғасырлар бойы адамзат тарихында пайда болған халықаралық масштабтағы, тек бір елдің ішіндегі сыбайласқан қылмыс емес. Мұның өзі бір елден екінші елге тамыр жайып байланысып жататын қауіпті құбылыс. Әлемде бір де бір мемлекетте бұл проблеманың орын алмаған жері жоқ, яғни бір де бір қоғамның сыбайлас жемқорлық дертінен құтыла алмағаны баршамызға белгілі.Сондықтан әр мемлекеттік қызметкер өздерінің қызметін пайдаланып, заңсыз қылықтар жасауға жол бермеуі керек. Заңсыз қылықтар, яғни атап айтқанда жеке тұлғадан көрсеткен қызметі үшін ақша немесе басқа да сыйақы қабылдау. Жоғарыда айтылған заңсыз қылықтарды жасаған қызметкер сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық болып табылады. Әрбір қызметкер сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасаған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке…

0
0
440

Мемлекттік тұрғын ұйге мұхтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы №185 қаулысына сәйкес «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты. Мелекеттік көрсетілетін қызмет Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы және электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап 30 күнтізбелік күнді құрайды. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға және тұрғын үйге мұқтаж, тиісті елді мекенде тұрақты тұратын тұтынушылар жатады. Толық ақпараттық мәліметтер мен қажетті құжаттар тізілімін электронды үкімет порт…

0
0
579

Сыбайлас жемқорлық қоғамның жегі құрты!

Біз қоғамда шешімі күрделі мәселердің бірі ол – коррупция. Елімізде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық ,бірақ бұл мәселе толық шешімін тапқан жоқ «Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны «параға сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу ушін халықтын құқықтық сауатсыздығын жоятын ,құқықты түсіндіру жұмысының денгейі мен сапасын арттыру керектігінің манызы зор. Қазіргі танда қоғамымызға төндіріп, орсан кесел келтіретін осынау келенсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр. Елімізде жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыстықпен күресті күшейту шараларына орай «Сыбайлас жемқорлықа қарсы күрес туралы»,…

0
0
439

Электронды үкімет порталы

Электронды үкімет порталы арқылы кез-келген уақытта анықтамаларды алуға,баланы балабақшаға кезекке қоюға,некеге тұруға,сонымен қатар басқа да қызметтерді алуға болады. Ол үшін әрбір тұтынушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы абзал. Ол үшін әрбір тұтынушының www.egov.kz электронды үкімет порталына кіру керек. Онда электрондық цифрлық қолтаңба деген айдар бар.Сол бойынша өтіп шыққан сауалнаманы толтырып,қағазға шығарып,жеке куәлік пен өтінішіңізді алып алып, Халықққа қызмет көрсету орталығына келу керек. Қазіргі уақытта кардридер құралы арқылы жеке куәлікке ЭЦҚ кілтін енгізіп, өз үйінен, Қоғамдық қол жетімділік орны немесе Халыққа қызмет көрсету орталығында орналасқан «Өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары» арқылы кез-келген анықтама ала алады. Сол сияқты бірыңғай байланыс орталығы 1414…

0
0
1182

Электронды үкімет порталы арқылы қызметтерді алу

Бүгінгі таңда облысымызда және аудандарда Халыққы қызмет көрсету орталықтарында «электронды үкімет» бағдарламасы кеңінен насихаттау мақсатында «электронды үкімет» бұрышы ашылған. Бұл орталықтың қызметкерлері әрбір келушілерге электронды сандық кілттерді беру мен оны қалай пайдалану керек екендігі жайында жан-жақты түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуде. ХҚКО электронды қызмет күн өткен сайын жанданып келеді. Электронды үкімет порталы арқылы құжатты рәсімдеу үшін ЖСН ғана керек,коммуналдық қызмет ақылары мен айыппұлдарды онлайн жүйесінде төлеуге де болады,ол үшін банк картасы талап етіледі. Электронды укімет порталы арқылы бизнесті өз бетінше тіркеуге, анықтамалар алуға , кез- келген уақытта баланы балабақшаға кезегіне тұрғызуға және сол кезегін көруге, некеге тұруға немесе мемлекеттік қыз…

0
0
3079

«Әке тілі, мыңдаған жылдар тілі, өзіңе серт, ораламын мен бір түбі»

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын! Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын! «Олжас мүлт кетті ме?». Қайрат Мәтреков. Аналитика - 365info.kz . Олжас Сүлейменов қазақ баспасөзінің сынына ұшырады. Оның «Толық тәуелсіздік – Қазақстан үшін зор қатер» сөзі көптеген адамдар тарапынан жақтырмаушылық тудырып жазушыны сынаған мақалалар көбеюде. Қазақ халқының белгілі тұлғасы бір-ақ сәтте жағымсыз кейіпкерге айналған тәрізді. Неге? Мұны түсіну үшін Сүлейменовтың сыншыларын мұқият тыңдау қажет. Бұл ол пікірлермен біз келісеміз деген сөз емес, бірақ ол пікірлер тыңдауға тұрады... Белгілі журналист Қазыбек Исаның qazaquni.kz интернет газетінде жарияланған мақаласының аудармасын ұсынамыз: «Толық Тәуелсіздік – үлкен қатер» - деу үшін де Толық мидың… керегі жоқ шығар… Алжас Амарович! Амал жоқ,…

-3
0
1058

Элон Маск: «Болашақта адамзат үшін көлік жүргізу заңсыз болып саналады»

Tesla Motors компаниясының бас директоры Элон Маск болашақта көліктерді тек роботтар басқаратынын айтады. Ал адамның көлік жүргізуі заңсыз болып саналмақ. Масктың айтуы бойынша, автомобильдерді бірегей роботтар басқаратын болса, жол апаттарының саны нөлге дейін азаяды.

«Автономды тәртіпте қозғалатын көліктерден қауіптенудің қажеті жоқ. Бұл тура жеделсаты сияқты. Бұрын жеделсатыны бақылаушылар болған. Ал қазір белгілі бір жүйемен автономды жұмыс істей береді. Көліктер де солай басқарылмақ», — дейді америкалық миллиардер NVIDIA компаниясының бас директоры Джен-сун Хвангқа берген сұхбатында (жалғасы мұнда: iskernews.kz).

0
0
395

Sharp Corp. корпорациясы 6 мыңдай қызметкерін жұмыстан шығармақ

Sharp Corp. корпорациясы 6 мыңдай қызметкерін жұмыстан шығармақ

Жапонияның Sharp Corp. корпорациясы қайта құру аясында 6 мың жұмыс орнын немесе қызметкерлердің 10%-ын қысқартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Вести.

Компаниядан мәлімдегендей, жұмыстан шығатын қызметкерлердің 3 мыңы Жапонияда, ал қалған жартысы шетелде екен. Өткен жылдың соңында алпауыт компанияда 50 мыңға жуық адам еңбек еткен (жалғасы мұнда: iskernews.kz).

0
0
300