Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Электронды үкімет порталы

Электронды үкімет порталы арқылы кез-келген уақытта анықтамаларды алуға,баланы балабақшаға кезекке қоюға,некеге тұруға,сонымен қатар басқа да қызметтерді алуға болады. Ол үшін әрбір тұтынушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы абзал. Ол үшін әрбір тұтынушының  www.egov.kz электронды үкімет порталына кіру керек. Онда электрондық цифрлық қолтаңба деген айдар бар.Сол бойынша өтіп шыққан сауалнаманы толтырып,қағазға шығарып,жеке куәлік пен өтінішіңізді алып алып, Халықққа қызмет көрсету орталығына келу керек. Қазіргі уақытта кардридер құралы арқылы жеке куәлікке ЭЦҚ кілтін енгізіп, өз үйінен, Қоғамдық қол жетімділік орны немесе Халыққа қызмет көрсету орталығында орналасқан «Өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары» арқылы кез-келген анықтама ала алады. Сол сияқты бірыңғай байланыс орталығы 1414-ке телефон шалу арқылы тұтынушы электронды үкімет порталы туралы тегін кеңес,сұрақтарына жауап және барлық өтініштерін білдіре алады.Жалпыға бірдей ыңғайлы жүйе.

ХҚКО №4 бөлім

Инспекторы : М.Оразбаева

   
0
0
1171

Осы тақырып бойынша

Электронды үкімет порталы - Yvision.kz