Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Электронды үкімет порталы арқылы қызметтерді алу

Бүгінгі таңда облысымызда және аудандарда Халыққы қызмет көрсету орталықтарында «электронды үкімет» бағдарламасы кеңінен насихаттау мақсатында «электронды үкімет» бұрышы ашылған. Бұл орталықтың қызметкерлері әрбір келушілерге электронды сандық кілттерді беру мен оны қалай пайдалану керек екендігі жайында жан-жақты түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуде. ХҚКО электронды қызмет күн өткен сайын  жанданып келеді. Электронды үкімет порталы арқылы құжатты рәсімдеу үшін ЖСН ғана керек,коммуналдық қызмет ақылары мен айыппұлдарды онлайн жүйесінде төлеуге де болады,ол үшін банк картасы талап етіледі. Электронды укімет порталы арқылы бизнесті  өз бетінше тіркеуге, анықтамалар алуға , кез- келген уақытта баланы балабақшаға кезегіне тұрғызуға және сол кезегін көруге, некеге тұруға немесе мемлекеттік қызметкерлерге арналған тестілеуге жазылуға және басқа да көптеген қызмет турлерін алуға болады.

ХҚКО № 4 бөлім

Инспекторы: Қ.Сыздыков

 
0
0
3073

Осы тақырып бойынша

Электронды үкімет порталы арқылы қызметтерді алу - Yvision.kz