Жас Отан және АСК белсенділерімен кездесу
2015 жылдың 5 мамыр күні сағ.17:00-де «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері және Қазақстан студенттер альянсының көшбасшыларының қатысуымен «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» насихаттауға арналған дөңгелек үстел оздырылды. Дөңгелек үстел барысында алдағы уақытта өтетін шаралар талқыланды. Соның ішінде «Таза сессия» акциясы, «Жастар жемқорлыққа қарсы» флешмобы, «Сіз жемқорлық туралы не ойлайсыз?» сауалнамалары туралы ой-пікірлер айтылды. «Жас Отан» жастар қанатының белсенді мүшесі А.Сатаев «Тәрбие отбасынан басталады, демекші, жанұяда адамгершілік мәселесіне көп көңіл бөлу қажет. Қазіргі уақытта білім алу басты назарда. Сондықтан, мектептерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыратын сабақты енгізу жөн деп санаймыз» деп…







