«ЭКСПО-2017» -нің дайындық жұмыстарына көмектесуге арнайы жастар клубы құрылды.

Бүгін С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Халықаралық көрме «ЭКСПО-2017» -нің дайындық жұмыстарына көмектесуге арнайы жастар клубы құрылды. Шараны ұйымдастырған Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы, Әлеуметтік – волонтерлық орталық және С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті. Шара барысында еріктілердің орталығымен С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ынтымақтастық жайлы меморандумға қол қойды.
«Волонтерлар - қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жақсы білу қажет. Өз жұмысына жауапкершілікпен қарайтын азаматтардың болғаны абзал» - деп университет ректоры Арын Өрсариев айтты.
