2015 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 21,5 млн. га жерде орналастыру жоспарланып отыр, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 71 мың гектарға көп. Көктемгі егіс 18,5 млн. гектар жерге орналастырылмақ. Дәнді дақылдар 15,2 млн. гектарға, оның ішінде 2,2 млн. га – майлы дақылдар, 3,7 млн. га – азықтық дақылдар және 413,6 мың га – көкөніс дақылдарымен картоп. 8 маусымдағы жағдай бойынша дәнді дақылдардың жаздық егісі 14,7 млн. га жоспармен 14 млн. гектар алқапта жүргізілді немесе жоспардың 96% орындалды. Майлы дақылдар 2 млн. гектар алқапқа егілді (жоспардың 93% орындалды). Бүгінде Қазақстанның оңтүстігінде егін егу науқаны аяқталды. Мамыр айында көп жылдық орташа нормадан 3 есеге артық жауған жауын-шашыннан солтүстік, орталық және батыс аймақтарда егін егу науқаны жалғасуда. Қолданыстағы егіс техникас…