Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Стэн Вавринка «Ролан Гаррос» жеңімпазы атанды

Швейцариялық теннисші Стэн Вавринка Франция ашық чемпионатында әлемнің бірінші ракеткасы сербиялық Новак Джоковичті ұтып, жеңімпаз атанды, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.

Вавринка алғашқы сетте 4:6 есебімен ұтылғанымен, қалған үшеуінде 6:4, 6:3, 6:4 есебімен Новактан басым түсті. Бұл швейцариялық теннисшінің

«Үлкен шлем» турниріндегі екінші жеңісі. 2014 жылы Австралия ашық біріншілігінде ол ешкімге дес бермеген болатын.

Ал Джокович үшін «Ролан Гаррос» тағы да «Үлкен шлем» турнирлеріндегі алынбас асуы болып қала бермек.

Басты сөздер: Спорт
 
0
0
177

Осы тақырып бойынша

Стэн Вавринка «Ролан Гаррос» жеңімпазы атанды - Yvision.kz