Мазмұнға өту

Жаңа

Сандықтау ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «АДАЛ ЖОЛ – ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» облыстық марафоны қарқынды өтуде

Сандықтау ауданының мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен 2015 жылдың 19 маусымында Балкашин селосындағы «Урожай» стадионында «АДАЛ ЖОЛ – ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық марафон аясында жеңіл атлетикалық жүгіру ұйымдастырылды. Іс-шара басталмас бұрын жиналғандардың алдында «Нұр Отан» партиясының Сандықтау аудандық филиалы төрағасының орынбасары А.А. Есімбаев сөз сөйледі. Ол өз сөзінде бұл іс-шараның халықты салауатты өмір салтын ұстанып, адал өмір сүруге баулуға бағытталғанын айтып, әрбір мемлекеттік қызметшіде сыбайлас жемқорлыққа қарсы берік «иммунитет» болуы керек екендігін ескертті. Сонымен қатар, аудандағы әрбір мемлекеттік қызметші өз ісіне адал, әрі кәсіби білікті екендігіне сенім білдіріп, сайыста сәттілік тіледі. Жеңіл атлетикалық жүгіру сайысына шамамен 200 ме…

0
0
399

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара

2015 жылғы 23 маусымда Ш.Құсайынов атындағы қазақ драма театрында Мемлекеттік қызметші күні құрметіне салтанатты жиын өтті. Бұл мейрам біздің елімізде жуырдан бастап мерекеленеді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 716 Жарлығымен «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Жарлығына толықтырулар енгізілді. Осылайша, 23 маусым «Мемлекеттік қызметші күні» деп жарияланды. Салтанатты іс-шараға мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекеттік қызметтің ардагерлері шақырылды. Іс-шара мемлекеттік қызметшілердің салтанатты түрде ант қабылдау рәсімінен басталды. Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен облыс әкімі Сергей Кулагин құттықтады, мемлекеттік қызметтің дамуына…

1
0
2380

Әскери оқу орындарға қалай қабылдануға болады?

Биыл елімізде 124 379 оқушы мектеп бітірді. Қаншама жеткіншек арманына қанат байлап, жаңа өмірге қадам басты. Ресми деректерге сәйкес биыл түлектердің 70 пайызы ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті. Мектеп бітірушілер үшін нағыз сындарлы сәт енді басталады. Әртүрлі сала маманы атануды көздеген жастарымыз құжаттарын арқалап, «еліміздің қай жоғары оқу орынын таңдасам екен, қай мамандықты меңгерсем» екен деп толғанып жүр. Түлектердің арасында әскери мамандық меңгеруге құлықты жастар да бар екенін ескеріп, Қазақстанда әскери білім беретін қанша ЖОО бар, әскери білім мекемесіне қалай оқуға қабылдануға болады деген сауалдарға жауап іздеп көрдік. Алдымен Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери институттарға тоқталып өтейік. Бүгінгі таңда қорғаныс саласына қажетті әскери мамандарды оқытатын үш негізгі…

2
0
13668

В городском Доме культуры Кызылорды имени Аскара Токмагамбетова прошло торжественное мероприятие «Сыр сақшылары – 2015».

В торжественной обстановке приказом министра МВД РК генерал-полковника полиции Касымова награждены 7 наиболее отличившихся за минувший год сотрудников кызылординских ОВД.

0
0
1052

сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті облыс аумағындағы этномәдени бірлестіктермен сыбайлас жемқорлыққа сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта кездесулерді бастады.
Осыған сәйкес 2015 жылғы 23 маусымда «Ахыска» түрік этномәдени орталығының өкілдерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.
Отырыс барысында Қазақстан Республикасының «2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының» басым бағыттары талқыланды.
Енді мұндай іс-шаралар әр аптаның сәрсенбісі күні сағат 15.00-де Тараз қаласындағы «Қоғамдық келісім» үйінде өткізіліп тұратын болады.

0
0
358

IBF күзде Головкин — Лемье жекпе-жегін өткізуге қарсы емес — Том Леффлер

АСТАНА. ҚазАқпарат —  WBA (Super), WBC (Interim) және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Халықаралық бокс федерациясына байланысқа шықты.

Ондағылар қазақстандық боксшы мен канадалық Давид Лемьенің алдағы уақытта жекпе-жекке шығуларына еш кедергі жоқтығын айтты, деп хабарлады Аllboxing.ru.

«Халықаралық бокс федерациясы Головкин мен Лемьеның кездесуін ұйымдастыруға ешқандай кедергі жоқтығын растады, — деп мәлімдеді Леффлер. — Мықтылар мықтылармен айқасуы тиіс. Golden Boy,  ендеше жекпе-жекті ұйымдастырайық».

0
0
374

ФУТБОЛ: Қазақстан мен Испания жолдастық кездесу өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстан мен Испанияның ұлттық құрамалары 2016 жылы жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясы ҚФФ бас менеджері Асқар Уранхаевқа сілтемемен.

Бұл туралы Vesti.kz жазады.

Уранхаевтың айтуынша, Қазақстан мен Испания құрамалары арасында жолдастық матч өткізу туралы келісім бар. Бас менеджер Қазақстан футболшылары бұрын-соңды бұндай деңгейде кездесу өткізіп көрмегенін айтады. Алайда ол бұл ойынның нақты қай күні болатынын айтпаған.

«Бұл келісімнің басты артықшылығы — біз осы ойын үшін бір тиын да төлемейміз. Алайда бұндай деңгейдегі кездесу үшін әдетте кемі 3 млн. еуро төлейді», — деді А.Уранхаев.

ҚФФ бас менеджерінің сұхбатын толығырақ мына сілтеме бойынша оқуға болады

0
0
390

Астана күніне арналған бұқаралық веложарыс өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат — Елордада 2015 жылдың 28 маусымында Астананың 17 жылдығына орайластырылған веложарыс өтеді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің спорттық-бұқаралық шаралар дирекциясының баспасөз қызметі. Шара таңертеңгі сағат 10-00-де Салтанат сарайының алдындағы алаңнан басталып, «Астана-Арена» стадионының алдында мәреге жетеді. Бағыттың ұзындығы 4600 метр. Веложарысқа елімізді әлемге танытып жүрген велошабандоздар, белгілі спортшылар, эстрада жұлдыздары, мәдениет қайраткерлері, қоғамдық құрылымдардың өкілдері қатысады. Додаға Астана мерекесін атап өтуге атсалысқысы келген барлық азаматтар, қала тұрғындары, қонақтар қатыса алады. Велосипедтерді жалға алуға болады. Көрермендер мен жарысқа қатысушыларға арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Бағыт бойында медициналық көмек көр…

0
0
490