Мазмұнға өту

Жаңа

Астана: Еуразия жүрегі және Қазақстанның болашақ тұғыры

Биыл бұл мереке Домбыра күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның символдық мәні зор. Қазақтың қасиетті қара домбырасы Ұлы даланың мыңжылдық бірегей мәдени мұрасын әйгілейді. Ал елордамыз Қазақстанның тұрақты әрі қарқынды өсіп-өркендеуін және жасампаз ұлттың жарқын болашаққа ұмтылысын айшықтай түседі.

Бүгінде Астана – еліміздің қоғамдық, саяси және іскерлік ордасы. Дәл осы жерде халқымыздың болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданады, озық идеялар іске асырылып, биік мақсаттар орындалады. Мұнда білімпаздық пен еңбекқорлық құндылықтары берік орнығып, жұртымыздың ынтымағы мен келісімі нығая береді.

Астана Орталық Еуразияның жауһары, заманауи Қазақстанның келбеті саналады. Халықаралық қауымдастық бас қаламызды бітімгершілік бастамаларды жүзеге асырып, жаһандық диалог орнату ісінде ерекше рөл атқаратын бейбітшілік шаһары ретінде біледі.

Елордамыз әрдайым түбегейлі өзгерістер мен ауқымды реформалардың бастауында тұрады. Алдағы уақытта да Астанамыз Әділетті, Таза және Қуатты Қазақстанды құру жолындағы жалпыұлттық жаңғыру жұмыстарына ұйытқы бола береді деп сенемін.

Сүйікті қаламыз өркендеп, гүлдене берсін! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

t.me/aqorda_resmi

0
0
228

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты 85 жасымен мерейтойлық құттықтады

Мемлекет басшысы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты 85 жасқа толуымен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта мерейтой иесінің тарихи рөліне тоқталып, оның жаңа дәуірдегі қазақ мемлекеттілігінің бастауында тұрғанын және Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқанын жазған.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Тұңғыш Президенттің Қазақстан астанасын көшіру туралы шешімі ел экономикасын өркендетуге және мемлекеттің халықаралық беделін нығайтуға айрықша ықпал еткенін атап өткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың деніне саулық тіледі.

t.me/aqorda_resmi
0
0
167

Қасым-Жомарт Тоқаев Алжир Республикасын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббун мен оның отандастарын Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Президент Алжир мемлекетінің өсіп-өркендей беруіне тілектес екенін жеткізді. Сондай-ақ Қазақстан мен Алжир арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген серіктестік екі ел халықтарының игілігі үшін одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

t.me/aqorda_resmi

0
0
177

ШЫҰ Кинофестивалінде Қазақстан киноиндустриясының жетістіктері

2025 жылғы 4 шілдеде Қытайда Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдерінің кинофестивалі аясында кинонарықтың салтанатты ашылуы өтті.

Іс-шараға Беларусь, Иран, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Моңғолия және Қытай секілді барлық мүше елдердің киноиндустрия өкілдері қатысты. Қазақстан бұл алаңда ұлттық киноның жоғары даму деңгейі мен кинематография саласындағы маңызды жетістіктерін көрсетті.

Қазақстан стендінде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы мен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының киножобалары ұсынылды.

Бұл алаң қазіргі қазақстандық киноның жанрлық және тақырыптық әралуандығын айқын көрсетіп, жергілікті аудиториядан бөлек, халықаралық көрерменге де бағытталғанын дәлелдеді. Көрмеде халықаралық аудиторияға арналған бірқатар жобалар ұсынылды. Стендте «Қайтадан», «Осенний бриз», «90+1», «Ұлы дала тынысы», «Капитан Байтасов» және басқа да фильмдердің постерлері бар.

Көрермен Кино орталығы және киностудияның қолдауымен түсірілген көркем, деректі және анимациялық бағыттағы шамамен 25 фильмнің трейлерін тамашалай алады. Іс-шара аясында кино саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер көрмесі де ұйымдастырылды.

Экспозицияда виртуалды түсірілім, цифрлық постпродакшн және дыбыс жазудың инновациялық әдістері сынды заманауи технологиялар ұсынылды. Фестиваль аясында өткен Кино ынтымақтастығы форумы ұйымдастырылды.

Форумға Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы киножобаларды ілгерілету бөлімінің бас менеджері Гүлнұр Қожахметова қатысты. Ол өз сөзінде Орталықтың қызметі мен мемлекет тарапынан киногерлерге көрсетілетін қолдау туралы сөз қозғады. Жас режиссерлерді қолдау, авторлық және жанрлық киноны дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Айта кетейік, соңғы 6 жылда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Кино орталығының қолдауымен 117 киножоба жүзеге асты. Олардың қатарында 72 көркем фильм, 37 деректі және 8 анимациялық жоба бар.

Отандық фильмдер 280 халықаралық кинофестивальге қатысты. Нәтижесінде 157 марапатқа ие болды.

Қазақстанның ШЫҰ елдері кинофестиваліне қатысуы мәдени алмасуды тереңдетуге халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және кинематография арқылы халықтар арасындағы достық пен түсіністікті нығайтуға септігін тигізеді.

0
0
226

ТЖМ азаматтарға судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтауға кеңес береді

Шомылу маусымында судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында ТЖМ қызметкерлері белсенді профилактикалық жұмыс жүргізуде. Құтқарушылар балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударады.

Су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың көпшілігі рұқсат етілмеген және жабдықталмаған су көздерінде болады. Әрбір азамат су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы тиіс.

Еліміздің су айдындарында адамдардың қаза болу фактілерін болдырмау және азайту мақсатында ТЖМ судың жанында болған кезде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады.

🖥 Толығырақ ҚР ТЖМ ресми сайтынан оқыңыз.

0
0
262

Абай облысында 300 келіден астам есірткі заттары тәркіленді

Абай облысында жыл басынан бері заңсыз айналымнан 303 келіден астам есірткі және психотроптық заттар тәркіленді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Абай облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Берікжан Абылғазинов мәлімдеді.

Спикердің сөзінше, ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында облыс аумағында 55 есірткі қылмысы мен 61 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген. Оның ішінде 44 дерек есірткі және психотроптық заттарды өткізуге қатысты болса, 30-ы аса ауыр санаттағы қылмыстарға жатады.

– Тәркіленген заттардың басым бөлігін марихуана, гашиш және синтетикалық есірткілер құрайды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда анықталған деректер саны үш есеге артқан, – деді Берікжан Абылғазинов.

Сонымен қатар, «Қарасора–2025» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде бір айдың ішінде 22 құқықбұзушылық фактісі анықталып, айналымнан 155 келіден астам есірткі заты тәркіленген. Сондай-ақ Шу, Алматы және Павлодар бағыттарынан есірткі жеткізудің үш арналарының жолы кесіліп, 19 тұлға қамауға алынған.

Полиция өкілінің айтуынша, есірткіге қарсы күрес тек қылмыстық іс-шаралармен шектелмей, алдын алу бағытында да тұрақты жүргізілуде.

– Жыл басынан бері облыс аумағында 273 профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Оның ішінде оқу орындарында түсіндіру дәрістері, деректі фильмдер көрсетілімі, сондай-ақ «Спорт – есірткіге қарсы!» ұранымен флешмобтар мен жастармен кездесулер өткізілді, – деп түйіндеді спикер.

0
0
236

Семейге Маңғыстау облысының делегациясы келді

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли өңірімізге Маңғыстау облысынан арнайы келген делегация мүшелерімен кездесті. Кездесуге Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов, облыс әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев, қоғамдық кеңес төрағасы Бекмұрат Жүсіпов және мемлекеттік қызмет ардагері Даржок Сейбағытов қатысты.

Облысымызда Абайдың 180 жылдығына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен «Абайға құрмет» акциясы басталған болатын. Акция аясында еліміздің әр өңірі Абай облысына бір нысаннан тарту етеді.

Кездесуде облыс әкімі Маңғыстау облысының игі бастамаға алғаш болып қолдау танытқаны үшін алғысын жеткізді.

«Маңғыстау облысы әкімдігі акцияға қолдау білдіріп, облыс орталығы Семей қаласына Достық үйін салып беру үшін арнайы делегация жіберіп отыр. Өздеріңізбен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Бүгінгі кездесу еліміздің қос қиырының бірлігі мен ұлттық бірегейлігінің жарқын көрінісі деп білемін. Маңғыстау мен Абай облысы батыс пен шығыс шекарада жатқан шалғай аймақ болса да, ниеті ортақ, тілеуі бір екенін көрсетті. Маңғыстау халқына, Мемлекет басшысының бастамасын алғашқы болып қолдаған Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Игілікұлына айрықша алғыс айтамыз» деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі «Абайға құрмет» акциясын еліміздің барлық өңірлері қызу қолдап жатқанын, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Павлодар, Жетісу, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау, Жамбыл, Ақмола облыстары мен Шымкент, Алматы, Астана қалалары тиісті жұмыстарды бастап кеткенін айтты.

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов мұнайлы өлке жұртының сәлемін жеткізді.

«Көршісі шаруа бастап жатса, қасынан құр өтіп кетпейтін қазақпыз ғой. Әр облыстың тарту жасауы өте дұрыс қабылданған шешім деп есептейміз. Өйткені бұл нысандар халықтың игілігіне жұмыс істейтін болады. Игі бастамаларыңызға сәттілік тілейміз» деді ол.

Кездесуден кейін маңғыстаулық делегация 75 мың тұрғынға арналған «Semey Smart City» шағын ауданы салынатын құрылыс алаңына барды. Облыс әкімі қонақтарға жаңа ықшам ауданның жобасын таныстырды.

«Бұл жаңа ықшам ауданды 17 мамырда облыстың алдағы даму жоспарын жариялағанда таныстырғанбыз. Маңайы қарағайлы орман, таза ауа, Ертіс өзенінен 44 метр биіктікте орналасқан. Жаңа ықшам аудан Семей қаласының жаңа келбеті болатыны анық. «Абайға құрмет» акциясы аясындағы ғимараттар негізінен осы ауданда салынады. Қазіргі таңда дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Киелі Маңғыстау жерінен, Бекет ата елінен келген азаматтардың бірінші болып келіп, құрылыс алаңын көріп жатқанын жақсылыққа жорып тұрмыз» деді аймақ басшысы.

Мың гектардан астам аумақты қамтитын ықшам ауданда тұрғын үй кешендері, 40-тан астам әкімшілік, коммерциялық және әлеуметтік нысандар, саябақтар бой көтереді. Жоба аясында болашақта жастар сарайы, Жекпе жек сарайы, ғалымдар үйі, медиа орталық, көрме орталығы, Достық үйі, Инвесторлар орталығы, музыкалық мектеп, филармония, этносаябақ, стадион, колледж, музей, балабақшалар, қонақүйлер мен сауда кешендерін салу жоспарланып отыр.

0
0
211

ШЫҰ елдерінің халықаралық кинофестивалі: Қазақстан өнерінің жарқын сәті

2025 жылдың 3-7 маусым аралығында Қытайдың Чунцин қаласындағы Юнчуань ауданында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің халықаралық кинофестивалі басталды. Бұл мәдени іс-шара ШЫҰ елдері арасындағы гуманитарлық байланыстарды дамытуға және кино саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.

Іс-шараға Қазақстандық делегация ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы өкілдері, сондай-ақ еліміздің танымал продюсерлері мен режиссерлері қатысуда.

Биылғы фестивальдің «Алтын Камелия» атты негізгі байқау бағдарламасына 10 елден 20 фильм енді. Әр елден екі туынды ұсынылған.

Қазақстандық «Набат операциясы» мен «Ағайындылар» фильмі қытай көрерменіне көрсетіледі.

«Набат операциясы» (режиссер Рашид Сүлейменов) – Қазақстан құқық қорғау органдары жүргізген ірі арнайы операция туралы шынайы оқиғаға негізделген драма. Фильм «Қазақфильм» киностудиясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстанның Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілген.

«Ағайындылар» (режиссер Дархан Төлегенов) – 15-тен астам халықаралық жүлдеге ие болған фильм. Картина Германияда өткен Oldenburg халықаралық кинофестивалінде Spirit of Cinema марапатын алған. Фильмді Golden Man Media студиясы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірген.

Фестивальдің қазылар алқасына ШЫҰ елдерінен 9 белгілі кинематограф енген. Олардың ішінде қазақстандық продюсер Тасболат Мерекенов те бар. Қазылар алқасының төрағасы – Қытайдың танымал продюсері әрі сценаристі Жэнь Чжунлунь.

Жеңімпаздар 10 номинация бойынша анықталады. Атап айтсақ, «Үздік фильм», «Үздік режиссер», «Үздік сценарий» және актерлік шеберлік номинациялары бар.

Кинофестиваль аясында 11 негізгі іс-шара жоспарланған, олардың қатарында байқау фильмдерінің көрсетілімдері, ынтымақтастыққа арналған форумдар, кинотехнология көрмесі мен Гала-концерт бар.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

0
0
249

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстанның көлік-транзит әлеуетін арттыру стратегиясы

Мемлекет басшысы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевты қабылдады

Кездесу барысында еліміздің көлік-транзит әлеуетін одан әрі арттыру шаралары талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан аумағы арқылы жүк тасымалын ұлғайту үшін автомобиль жолдары мен авиахабтар желісін белсенді дамыту маңызды екеніне назар аударды. Сонымен қатар теміржол саласындағы ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы жүзеге асыру мәселесіне айрықша мән берілді.

Көлік-логистика секторының ІЖӨ-дегі үлесін ұлғайту мақсатында министрге кедергі келтіретін факторларды сараптап, саланы дамыту тәсілдерін қайта қарау міндеті жүктелді.

Мемлекет басшысы көлік дәліздерінің өткізу мүмкіндігін кеңейтіп, Қазақстанның Еуразиядағы негізгі сауда-логистика торабы ретіндегі рөлін нығайту үшін жан-жақты әрі тиімді шаралар қабылдауды тапсырды.

t.me/aqorda_resmi

0
0
262

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: Экономика дамуы мен инвестициялар жөніндегі нақты тапсырмалар

➤ Қасым-Жомарт Тоқаевқа елімізде орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған экономиканы әртараптандыру және құрылымдық жаңғырту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берілді.

➤ Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында жалпы инвестиция көлемі 2,3 триллион теңгеден асатын әрі шамамен 20 мың жұмыс орнын құруды көздейтін 45 ірі өнеркәсіптік жоба іске асырылып жатыр.

➤ Премьер-министр Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында көлік саласын дамытуға қатысты Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді орындау бойынша қолға алынған жұмыстар жөнінде баяндады.

➤ Президентке вегетациялық кезең туралы мәлімет ұсынылды. Егістікті су ресурстарымен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы мәселелері тұрақты бақылауға алынып, су үнемдеу технологиялары енгізілуде. Өңірлік штабтар жұмыс істеп жатыр.

➤ Мемлекет басшысына егіс науқанының аяқталуы және жиын-терім жұмыстарына дайындық барысы жөнінде айтылды. Еліміздегі жалпы егіс алқабы 23,7 миллион гектарды құрады. Шаруаларға толық көлемде қолдау көрсетілуде. Жыл басынан бері ауыл, орман және балық шаруашылығындағы өнімдер мен қызметтердің жалпы көлемі 4 пайызға өсті. Барлық өңірде оң динамика тіркелді.

➤ Сонымен қатар энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, цифрлық трансформациялау жөнінде ақпарат берілді.

❗️ Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев экономикада институционалдық өзгерістер жасауға, өңірлерді дамытуға және инвестиция тартуға қатысты бірқатар тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi

0
0
174