Мазмұнға өту

Жаңа

«Заң мен тәртіп» апталығы. Мемлекет қазынасына қанша актив қайтарылды?

Маусым айының соңғы аптасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласындағы департаментінде «Заң мен тәртіп» апталығы өтті. Аталған шара оңтүстік шаһарға қайтарылған активтер бойынша болды.

Агенттік дерегінше, 2022 жылдан бері 1,152 трлн теңгеден астам мүліктік активтер мен ақшалай қаражат ел қазынасына қайтарылған. Оның ішінде 329,4 млрд теңге тікелей бюджетке өтелді.

Қайтарылған активтердің қатарына бизнес орталықтар, әкімшілік ғимараттар, коммерциялық нысандар, үйлер, пәтерлер, аяқталмаған құрылыс нысандары, жер телімдері, люкс санаттағы автокөліктер мен ақшалай қаражаттар кіреді.

Шетелден 670,5 млн доллар қайтарылды. Оның ішінде: Австриядан – 82,1 млн доллар, Лихтенштейннен – 260,5 млн доллар, БАӘ – 14 млн доллар, Түркиядан – 13,92 млн доллар.

Алматы қаласында 4 ірі нысан қайтарылып, ғылыми-зерттеу және оқу орындарына, атап айтар болсақ, қаладағы бір ғимарат Т.Жүргенов атындағы өнер академиясына (құны 800 млн теңге), «Kaisar Tower» БО Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне (құны 8 млрд теңге) және «Maisat» БО «География және су қауіпсіздігі» институтына берілді.

Фото: BES.media

Қайтарылған қаражаттың бір бөлігіне Алматыда 61 мектеп салынған. Ал қаланың қымбат аудандарының бірінде орналасқан жалпы 12,5 га аумақтағы 4500 шаршы шақырымды құрайтын басты ғимарат жеке жай жыл бойы жұмыс істейтін балаларға арналған демалыс лагеріне айналмақ. Аталған орталықта 55 мың баланы қамту жоспарланып отыр. Оның ішінде әлеуметтік осал топтардағы, ерекше күтімді қажет ететіндер мен республикалық, халықаралық олимпиада жүлдегерлері де бар.

Фото: BES.media

«Алматы дарыны» орталығы директорының орынбасары Майра Белгібаеваның сөзінше, мұнда тек Алматыдан ғана емес, өзге өңірлердің де балалары қамтылады.

0
0
249

2025 жылы 16 кино жоба мемлекеттік қолдау алады

2025 жылы 16 кино жоба мемлекеттік қолдауға ие болады. Ведомствоаралық комиссия іріктеуді Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының Сараптамалық кеңесінің қорытындысы бойынша жүргізді.

Комиссия мүшелері отандық киноиндустрияны дамытуға және ұлттық құндылықтарды насихаттауға үлес қоса алатын әлеуеті жоғары жобаларды таңдады.

Айта кетейік, конкурсқа анимация, деректі, көркем фильмдері санаты бойынша 444 өтінім тіркелген. Сараптама кеңесінің қарауына 357 жоба жолданды. Бағалау нәтижесінде 128 сценарий мен сценарийлік жоспар екінші кезеңге өтті. Бұл кезеңде қатысушылар толық құжаттар пакетін ұсынды. Нәтижесінде 99 жоба питчингке жолдама алды.

9-12 маусым аралығында Алматы қаласында конкурстық іріктеудің екі кезеңінен сәтті өткен кино жобалардың питчингі өтті. Питчинг Кино орталықтың ресми YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілді. Бұл конкурстың ашықтығы мен әділеттілігіне деген ұстанымды көрсетеді.

Іріктелген жобалар тізімімен келесі сілтеме арқылы танысуға болады:

https://drive.google.com/file/d/1wbsWgPCsTRWlCZm8sAB8ntIYdvinOuwJ/view?usp=sharing

Кино жобаларды қаржыландыру туралы соңғы шешімді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі қабылдайды.

0
0
278

Улытауская область внедряет пилот по выдаче ваучеров на газ жителям

Газовая плита - Sputnik Казахстан, 1920, 01.07.2025

Пилотный проект по выдаче ваучеров на товарный газ через "Социальный кошелек" решили масштабировать на весь Казахстан.

О расширении проекта правительство заявляло еще в апреле, тогда Западно-Казахстанская область и город Шымкент стали пионерами.

Теперь очередь дошла до Улытауской области. Акимат разместил постановление, согласно которому ваучеры на газ выдадут получателям адресной социальной помощи.

В этом же документе прописана норма по ваучеру, домохозяйство с отопительным котлом, газовой плитой и водонагревателем получит:

месячная норма в отопительный сезон - 880 кубометров;

вне отопительного сезона - 148 кубометров.

Как отметили в Минэнерго Казахстана, получившие ваучеры жители стали более дисциплинированными по части потребления газа. Вовремя платят по счетам и бережно его расходуют.

Положительные результаты подтолкнули инициаторов к идее внедрения ваучеров на остальной территории республики.

0
0
188

Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады

Кентау қаласында 2025 жылы жалпы құны 10,3 млрд теңгені құрайтын 16 жоба іске асырылмақ. Нәтижесінде 492 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Оның ішінде, өнеркәсіп саласында 4 ірі жоба жыл соңына дейін жұмысын бастайды. Бұл жайында Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов брифингте мәлімдеді.

«Биыл ашылатын төрт ірі жобамыздың екеуі арнайы экономикалық аймақта, қалған екеуі индустриалды аймақта орналасқан. Атап айтар болсақ, «KentauRedStar»ЖШС-і – кірпіш өндірісімен айналысады. 2023 жылы құрылысы басталған нысанның жоба құны - 1,5 млрд теңге. Биыл мамыр айында іске қосылған зауытта 80 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өндіріс орны жылына 45 млн дана кірпіш өндіруге қауқарлы. Бұдан бөлек, «TURAN SHENHUA» ЖШС-і газ қазандықтарын және тұрмыстық техникалаларды өндіруді қолға алмақ. 2025 жылдың қараша айында жұмысын бастайды деп жоспарланған өндіріс орнында 120 адамға жұмыс табылмақ. Жоба құны – 2,4 млрд теңге. Сондай-ақ, биыл аяқталуы тиіс жобалар қатарында металл бұйымдарын өндіруге бағытталған «АйдарСтройГрупп» ЖШС-і және «Сапар Құрылыс-С» ЖК металл өндірісі цехы бар»- деді спикер.

Жалпы шаһарда 2025 жылдың 5 айында өңірлік өнім көлемі 33,1 млрд теңгені құраса, негізгі капиталға 5,2 млрд теңге инвестиция тартылған. Ал, өнеркәсіп өнімінің көлемі 23,6 млрд теңгеге жетіп, облыста 4-орынға жайғасты. Сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібінде 20,1 млрд теңгенің өнімі өндірілсе, ауылшаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 2,1 млрд теңгені құрап отыр. Сонымен қатар, қалаға қарасты аумақтарға туристерді тарту жұмыстары да қарқынды. Жыл басынан бері өңірге келушілер саны 16,6%-ға артқан. Бұл көрсеткішті жақсарта түсу мақсатында Хантағы ауылында 13 га жерге 15 заманауи модульді капсулалармен жабдықталған «KHANTAU» демалыс аймағын ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жыл соңына дейін аяқталуы тиіс жобаның құны 400 млн теңгеге бағаланып отыр. Сондай-ақ, «Қаратау» қорығы аумағынан визит-орталығын салу көзделуде. Жалпы аумағы 300 шаршы метр аумақты алатын нысан 100 000 келушіні күтуге қауқарлы.

Сонымен қатар, өңірдегі құрылыс саласында да жаңалықтар жетерлік. 2025 жылдың шілде айында 5 қабатты 60 пәтерлі әлеуметтік-несиелік тұрғын үйдің құрылысы аяқталмақ. Сондай-ақ, шаһардағы 288 көпқабатты тұрғын үй қазіргі таңда толықтай жаңартылған. Өңірдегі инфрақұрылым саласында да бірқатар жұмыстар атқарылуда. Жалпы бүгінгі таңдағы өңірдің газмен қамтылу көрсеткіші 85%-ға жеткен. Ал, Кентау қаласы мен оған қарасты ауылдар 100% ауыз сумен қамтылған. Сондай-ақ, қала көшелерінің жарықтандырылуы 98%-ды құраса, өңірдегі қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесі 87,7%-ға жетіп отыр.

0
0
280

Қазақстан БҰҰ алдында адам құқықтары бойынша үшінші ұлттық баяндамасын таныстырды

Женевада БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінің 144-сессиясы аясында Қазақстанның Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактті жүзеге асыру бойынша Үшінші ұлттық баяндамасы талқыланды. Қазақстан тарапынан соңғы жылдардағы негізгі реформалар ұсынылды.

Халықаралық алаңда ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов бастаған делегация қатысты. Ол гендерлік заңнаманы жетілдіру жұмыстары туралы айтып, әйелдер құқықтарын қорғау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін сөз қозғады. Атап айтсақ, әйелдерге 30% квота енгізілді. Бүгінде мемлекеттік қызметте 55,8%-ы әйелдер еңбек етеді, Парламенттегі үлесі — 19,6%. Гендерлік сараптама енгізілді, сондай-ақ елде гендерлік бағдарланған бюджетті жоспарлау мәселесі қарастырылып жатыр.

Соңғы жылдардағы басты реформалардың бірі – тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту. Қазақстан бұл заңды қатаңдатып қана қоймай, алдын алу шараларын да енгізді. Отбасын қолдау орталықтарының жұмысы оңтайландырылып, жүйеленді, қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды анықтайтын мобильді топтар құрылды, агрессорға қатысты міндетті психологиялық шаралар енгізілді.

Е. Кочетов сөз бостандығы мен азаматтық қоғамды қолдау мәселесін де атап өтті. «Масс медиа туралы» және «Онлайн платформалар туралы» заңдар қабылданды, жала жабу қылмыстық іс болып есептелмейді сонымен қатар epetition.kz платформасы іске қосылды. Қазақстанда 17 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді.

Айта кету керек, азаматтық қоғамның белсенділігі комитет тарапынан ерекше атап өтілді. Қазақстан адам құқықтары саласындағы стандарттарды нығату және ашық диалогқа дайын екенін растады.

0
0
219

Қазақ ұлттық хореография академиясы – 2025 жылдың үздік білім ордасы

2025 жылғы Ұлттық рейтинг нәтижесінде өнер және спорт саласы бойынша білім беретін жоғары оқу орындары арасында Қазақ ұлттық хореография академиясы үздік деп танылды. Рейтингті Білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA) әзірлеген.

Бұл – елдегі жоғары білім беру саласындағы беделді көрсеткіштердің бірі. Рейтинг жоғары оқу орындарының академиялық беделі, білім беру сапасы, ғылыми-зерттеу қызметі және түлектердің еңбек нарығындағы сұранысы сияқты негізгі критерийлер бойынша жасалады.

Аталмыш көрсеткіш – Академия ұжымы мен білім алушыларының қажырлы еңбегі мен кәсіби шеберлігінің нәтижесі. Соңғы жылдары Академия ұлттық және халықаралық деңгейде бірқатар шығармашылық және ғылыми жобаларды табысты жүзеге асырып, заманауи білім беру бағдарламаларын енгізу арқылы тұрақты түрде көшбасшы мәртебесіне ие.

Академия білім алушылары беделді халықаралық байқауларда жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарды еншілеп жүр. Оқу орнында тек Қазақстаннан ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен келген балалар білім алып, кәсіби тұрғыда шыңдалуда. Шәкірттер үшін жан-жақты дамуға жағдай жасалып, хореография және өнер саласындағы әлемдік деңгейдегі мамандармен тұрақты түрде шеберлік сабақтары ұйымдастырылады, сондай-ақ шетелдің үздік университеттерінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы арқылы білімдерін жетілдіру мүмкіндігі бар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен креативті арт-индустрия саласы елімізде қарқынды дамып келеді. Осы орайда Қазақ ұлттық хореография академиясы 2025–2026 оқу жылына жаңадан ашылған «Креативті арт-индустрия» білім беру бағдарламасы бойынша құжат қабылдауды бастады. Аталған бағдарлама аясында еліміздің осы саладағы жетекші мамандары білім алушыларға дәріс береді.

Академияның басты мақсаты — хореография, өнертану, арт-менеджмент және креативті арт-индустрия бағыттары бойынша білікті кадрлар даярлап, отандық мәдениет пен өнер саласына жаңа серпін беретін кәсіби мамандардың жаңа буынын қалыптастыру. Бүгінде Академия – тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азияда хореография өнері саласындағы жетекші жоғары оқу орны.

0
0
254

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы: жас таланттарды қолдау мүмкіндігі

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы - ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында ұсынылады.

Байқау «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада», «Халық шығармашылығы» атты 10 номинация бойынша өтеді.

Сыйлық алуға халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен түрлі шаралардың лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал еткен Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейінгі азаматтары үміткер бола алады.

«Дарын» жастар сыйлығын алуға кандидатураларды орталық, жергiлiктi және өзге де мемлекеттік органдар, қоғамдық бiрлестiктер және Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген өзге де заңды тұлғалар жүргізеді және мынадай құжаттарды қағаз және электрондық түрде жібереді:

  1. кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  2. осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алуға арналған тіркеу өтінімі;
  3. өтінішхат пен сыйлық алуға ізденушінің жетістіктері туралы анықтама;
  4. марапаттау дипломдарының, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері (болған жағдайда);
  5. кандидаттың немесе кандидат туралы мақалалардың, жарияланымдардың көшірмелері (болған жағдайда);
  6. банктік шоттың болуы туралы анықтаманың көшірмесі;
  7. кандидаттың жетістіктері туралы растайтын материалдар (болған жағдайда).

Жеңімпаздарға «Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі және олар дипломмен, төсбелгімен сондай-ақ қаржылай сыйлықпен марапатталады.

«Дарын» жастар сыйлығы 1992 жылы тағайындалған. Әр жылдары аталған сыйлықты түрлі саладағы 360-дан астам азамат иеленген болатын.

Конкурсқа қатысуға құжаттар 2025 жылғы 26 маусымнан 27 тамыз аралығында (қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі (қағаз нұсқа) мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» ғимаратының 14-кіреберісінде, ал (электрондық нұсқа) [email protected] поштасы арқылы қабылданады.

Анықтама телефондары: 8 (7172) 74-05-25, 8 (7172) 74-18-43, 8 701 170 46 54(жұмыс күндері, сағ. 9:00-ден 18:30-ға дейін).

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының қағидасы:https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/861853?lang=kk

0
0
283

Ауылдарға интернет жеткізуге 84 млрд теңге бөлінеді – Мәдиев

2027 жылға дейін 1 123 ауылға кең жолақты интернет тартылады. Жоба 2,3 млн-нан астам тұрғынды қамтымақ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қазақстанда ауылдарды сапалы интернетпен қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды жоба басталады. Мәжілісте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев тиісті жобаны таныстырды. Инициатива Халықаралық қайта құру және даму банкімен (Дүниежүзілік банк) арадағы келісімді ратификациялауды көздейді.

Біздің мақсат қарапайым, бірақ талабы зор: интернет әр ауылда, әр үйде болуы керек. Бұл тек магистральді желі тарту емес, нақты тұтынушыға дейін интернет жеткізу мәселесі, – деді Жаслан Мәдиев.

Жоба туралы не белгілі?

Жалпы бюджеті – 84 млрд теңге;

Қаржыландырудың жартысы –нарық есебінен, жартысы – жеңілдетілген сыртқы несие (Дүниежүзілік банк);

Байланыс операторларына арналған субсидия көлемі – 250 млн теңгеге дейін;

Қатысу үшін талап: кемінде 350 абоненті бар және тұрақты көрсеткіштерге ие операторлар ғана жобаға жіберіледі.

Мақсат – әр үйге интернет жеткізу

Жоба аясында 2027 жылға дейін 1 123 ауыл интернетпен қамтылып, 2,3 миллионнан астам тұрғынға цифрлық қызмет қолжетімді болады. 

Сонымен қатар:

1 000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылады;

Шағын бизнеске серпін беріледі;

Бюджетке 2 млрд теңгеден астам салық түседі деп жоспарлануда.

Қазір Қазақстанда 6 256 ауыл бар. Олардың:

2 606-сы оптикамен қамтылған;

3 039 ауылға мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында талшықты интернет тартылып жатыр;

Ал шамамен 1 900 ауылда оптика тек шет аймақтарға дейін жеткізілген. Жаңа бастама осы ауылдарға бағытталған.

Шалғай ауылдарға – спутниктік шешім

Оптиканы тарту қиын өңірлер үшін баламалы технологиялар қарастырылған. Бұл – шалғайдағы мектептерге, пойыздарға және кішігірім елдімекендерге спутниктік байланыс орнату арқылы жүзеге асады.

Еске салайық,  бұған дейін Жаслан Мәдиев 1 млн қазақстандыққа ЖИ қолдануды үйрететінін айтқан.

0
0
246

Ауылдарға интернет жеткізуге 84 млрд теңге бөлінеді – Мәдиев

2027 жылға дейін 1 123 ауылға кең жолақты интернет тартылады. Жоба 2,3 млн-нан астам тұрғынды қамтымақ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қазақстанда ауылдарды сапалы интернетпен қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды жоба басталады. Мәжілісте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев тиісті жобаны таныстырды. Инициатива Халықаралық қайта құру және даму банкімен (Дүниежүзілік банк) арадағы келісімді ратификациялауды көздейді.

Біздің мақсат қарапайым, бірақ талабы зор: интернет әр ауылда, әр үйде болуы керек. Бұл тек магистральді желі тарту емес, нақты тұтынушыға дейін интернет жеткізу мәселесі, – деді Жаслан Мәдиев.

Жоба туралы не белгілі?

Жалпы бюджеті – 84 млрд теңге;

Қаржыландырудың жартысы –нарық есебінен, жартысы – жеңілдетілген сыртқы несие (Дүниежүзілік банк);

Байланыс операторларына арналған субсидия көлемі – 250 млн теңгеге дейін;

Қатысу үшін талап: кемінде 350 абоненті бар және тұрақты көрсеткіштерге ие операторлар ғана жобаға жіберіледі.

Мақсат – әр үйге интернет жеткізу

Жоба аясында 2027 жылға дейін 1 123 ауыл интернетпен қамтылып, 2,3 миллионнан астам тұрғынға цифрлық қызмет қолжетімді болады. 

Сонымен қатар:

1 000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылады;

Шағын бизнеске серпін беріледі;

Бюджетке 2 млрд теңгеден астам салық түседі деп жоспарлануда.

Қазір Қазақстанда 6 256 ауыл бар. Олардың:

2 606-сы оптикамен қамтылған;

3 039 ауылға мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында талшықты интернет тартылып жатыр;

Ал шамамен 1 900 ауылда оптика тек шет аймақтарға дейін жеткізілген. Жаңа бастама осы ауылдарға бағытталған.

Шалғай ауылдарға – спутниктік шешім

Оптиканы тарту қиын өңірлер үшін баламалы технологиялар қарастырылған. Бұл – шалғайдағы мектептерге, пойыздарға және кішігірім елдімекендерге спутниктік байланыс орнату арқылы жүзеге асады.

Еске салайық,  бұған дейін Жаслан Мәдиев 1 млн қазақстандыққа ЖИ қолдануды үйрететінін айтқан.

0
0
287

Тоқаев Қатар Әмірімен саяси диалог жүргізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргідей қиын-қыстау жағдайда еліміз Қатар халқын қолдайтынын жеткізді.

Президент Қатар Әмірі шейх Тәмим бен ХамадӘл Тәнидің саяси көрегенділігінің арқасында шиеленістің одан әрі ушықпағанын атап өтті. Сонымен қатар парасатты басшысы бар Қатар елі аймақтағы ең күрделі мәселелерді шешуде айрықша рөл атқаратынына назар аударды.

Мемлекеттер басшылары жоғары деңгейдегі байланыстарды жалғастыруға уағдаласып, Қатар Әмірінің алдағы уақытта елімізге жоспарланған сапарын талқылады.

t.me/aqorda_resmi

0
0
173