Мазмұнға өту

Жаңа

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты 85 жасымен мерейтойлық құттықтады

Мемлекет басшысы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты 85 жасқа толуымен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта мерейтой иесінің тарихи рөліне тоқталып, оның жаңа дәуірдегі қазақ мемлекеттілігінің бастауында тұрғанын және Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқанын жазған.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Тұңғыш Президенттің Қазақстан астанасын көшіру туралы шешімі ел экономикасын өркендетуге және мемлекеттің халықаралық беделін нығайтуға айрықша ықпал еткенін атап өткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың деніне саулық тіледі.

t.me/aqorda_resmi
0
0
131

Қасым-Жомарт Тоқаев Алжир Республикасын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббун мен оның отандастарын Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Президент Алжир мемлекетінің өсіп-өркендей беруіне тілектес екенін жеткізді. Сондай-ақ Қазақстан мен Алжир арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген серіктестік екі ел халықтарының игілігі үшін одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

t.me/aqorda_resmi

0
0
145

ШЫҰ Кинофестивалінде Қазақстан киноиндустриясының жетістіктері

2025 жылғы 4 шілдеде Қытайда Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдерінің кинофестивалі аясында кинонарықтың салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға Беларусь, Иран, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Моңғолия және Қытай секілді барлық мүше елдердің киноиндустрия өкілдері қатысты. Қазақстан бұл алаңда ұлттық киноның жоғары даму деңгейі мен кинематография саласындағы маңызды жетістіктерін көрсетті. Қазақстан стендінде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы мен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының киножобалары ұсынылды. Бұл алаң қазіргі қазақстандық киноның жанрлық және тақырыптық әралуандығын айқын көрсетіп, жергілікті аудиториядан бөлек, халықаралық көрерменге де бағытталғанын дәлелдеді. Көрмеде халықаралық аудиторияға арналған бірқатар жобалар ұсынылды. Ст…

0
0
196

ТЖМ азаматтарға судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтауға кеңес береді

Шомылу маусымында судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында ТЖМ қызметкерлері белсенді профилактикалық жұмыс жүргізуде. Құтқарушылар балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударады.

Су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың көпшілігі рұқсат етілмеген және жабдықталмаған су көздерінде болады. Әрбір азамат су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы тиіс.

Еліміздің су айдындарында адамдардың қаза болу фактілерін болдырмау және азайту мақсатында ТЖМ судың жанында болған кезде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады.

🖥 Толығырақ ҚР ТЖМ ресми сайтынан оқыңыз.

0
0
233

Абай облысында 300 келіден астам есірткі заттары тәркіленді

Абай облысында жыл басынан бері заңсыз айналымнан 303 келіден астам есірткі және психотроптық заттар тәркіленді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Абай облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Берікжан Абылғазинов мәлімдеді.Спикердің сөзінше, ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында облыс аумағында 55 есірткі қылмысы мен 61 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген. Оның ішінде 44 дерек есірткі және психотроптық заттарды өткізуге қатысты болса, 30-ы аса ауыр санаттағы қылмыстарға жатады.– Тәркіленген заттардың басым бөлігін марихуана, гашиш және синтетикалық есірткілер құрайды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда анықталған деректер саны үш есеге артқан, – деді Берікжа…

0
0
215

Семейге Маңғыстау облысының делегациясы келді

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли өңірімізге Маңғыстау облысынан арнайы келген делегация мүшелерімен кездесті. Кездесуге Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов, облыс әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев, қоғамдық кеңес төрағасы Бекмұрат Жүсіпов және мемлекеттік қызмет ардагері Даржок Сейбағытов қатысты. Облысымызда Абайдың 180 жылдығына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен «Абайға құрмет» акциясы басталған болатын. Акция аясында еліміздің әр өңірі Абай облысына бір нысаннан тарту етеді. Кездесуде облыс әкімі Маңғыстау облысының игі бастамаға алғаш болып қолдау танытқаны үшін алғысын жеткізді. «Маңғыстау облысы әкімдігі акцияға қолдау білдіріп, облыс орталығы Семей қаласына Достық үйін салып беру үшін арнайы делегация жіберіп отыр. Өздеріңізбен…

0
0
187

ШЫҰ елдерінің халықаралық кинофестивалі: Қазақстан өнерінің жарқын сәті

2025 жылдың 3-7 маусым аралығында Қытайдың Чунцин қаласындағы Юнчуань ауданында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің халықаралық кинофестивалі басталды. Бұл мәдени іс-шара ШЫҰ елдері арасындағы гуманитарлық байланыстарды дамытуға және кино саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған. Іс-шараға Қазақстандық делегация ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы өкілдері, сондай-ақ еліміздің танымал продюсерлері мен режиссерлері қатысуда. Биылғы фестивальдің «Алтын Камелия» атты негізгі байқау бағдарламасына 10 елден 20 фильм енді. Әр елден екі туынды ұсынылған. Қазақстандық «Набат операциясы» мен «Ағайындылар» фильмі қытай көрерменіне көрсетіледі. «Набат операциясы» (режиссер Рашид Сүлейменов…

0
0
221

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстанның көлік-транзит әлеуетін арттыру стратегиясы

Мемлекет басшысы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевты қабылдады Кездесу барысында еліміздің көлік-транзит әлеуетін одан әрі арттыру шаралары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан аумағы арқылы жүк тасымалын ұлғайту үшін автомобиль жолдары мен авиахабтар желісін белсенді дамыту маңызды екеніне назар аударды. Сонымен қатар теміржол саласындағы ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы жүзеге асыру мәселесіне айрықша мән берілді. Көлік-логистика секторының ІЖӨ-дегі үлесін ұлғайту мақсатында министрге кедергі келтіретін факторларды сараптап, саланы дамыту тәсілдерін қайта қарау міндеті жүктелді. Мемлекет басшысы көлік дәліздерінің өткізу мүмкіндігін кеңейтіп, Қазақстанның Еуразиядағы негізгі сауда-логистика торабы ретіндегі рөлін нығайту үшін жан-жақты әрі тиімді шаралар қабылдауды тапсырды…

0
0
229

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: Экономика дамуы мен инвестициялар жөніндегі нақты тапсырмалар

➤ Қасым-Жомарт Тоқаевқа елімізде орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған экономиканы әртараптандыру және құрылымдық жаңғырту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берілді. ➤ Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында жалпы инвестиция көлемі 2,3 триллион теңгеден асатын әрі шамамен 20 мың жұмыс орнын құруды көздейтін 45 ірі өнеркәсіптік жоба іске асырылып жатыр. ➤ Премьер-министр Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында көлік саласын дамытуға қатысты Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді орындау бойынша қолға алынған жұмыстар жөнінде баяндады. ➤ Президентке вегетациялық кезең туралы мәлімет ұсынылды. Егістікті су ресурстарымен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы мәселелері тұрақты бақылауға алынып, су үнемдеу технологиялары енгізілуде. Өңірлік штабтар жұмыс істеп…

0
0
149

«Заң мен тәртіп» апталығы. Мемлекет қазынасына қанша актив қайтарылды?

Маусым айының соңғы аптасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласындағы департаментінде «Заң мен тәртіп» апталығы өтті. Аталған шара оңтүстік шаһарға қайтарылған активтер бойынша болды.Агенттік дерегінше, 2022 жылдан бері 1,152 трлн теңгеден астам мүліктік активтер мен ақшалай қаражат ел қазынасына қайтарылған. Оның ішінде 329,4 млрд теңге тікелей бюджетке өтелді. Қайтарылған активтердің қатарына бизнес орталықтар, әкімшілік ғимараттар, коммерциялық нысандар, үйлер, пәтерлер, аяқталмаған құрылыс нысандары, жер телімдері, люкс санаттағы автокөліктер мен ақшалай қаражаттар кіреді.Шетелден 670,5 млн доллар қайтарылды. Оның ішінде: Австриядан – 82,1 млн доллар, Лихтенштейннен – 260,5 млн доллар, БАӘ – 14 млн доллар, Түркиядан – 13,92 млн доллар.Алматы қаласында 4 ірі…

0
0
227