Мазмұнға өту

Жаңа

А.Мамытбеков: ДСҰ-ға кіру қарсаңында фермерлерді субсидиялауға ешқандай кедергі туындамайды

ДСҰ-ға кіру қарсаңында фермерлерді субсидиялауға ешқандай кедергі туындамайды, деді ОКҚ брифингінде АШМ басшысы Асылжан Мамытбеков. «Келіссөздер қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 8,5% деңгейінде «сары себет» тікелей субсидия түрінде ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың шараларын қолдануға қол жеткізілді», - деді А.Мамытбеков. Ресей Федерациясы, Украина, Қырғызстан, Молдова, Хорватия, Грузия келіссөздер қорытындысы бойынша тек 5% «сары себет» мемлекеттік қолдау көрсету құқығына иеленді. «ДСҰ ережесіне сай бұл 8,5% екі рет көрсетілуі мүмкін:Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің құнынан 8,5% тең сомалы өнімге қоспағанда (мысалға: пайыздық үстем ақыны арзандату, суға, ЖЖМ субсидиялар); Осы өнімнің жалпы құнынан 8,5% тең сомалы нақты өнімді қосқанда (сүт, ет, бидай жалпы өніміне…

0
0
371

Қазақстан ДСҰ-ға кіруде ауыл шаруашылығы өнімінің 8,5 пайыз жалпы құнын сақтап қалды – Айтжанова

Біздің келіссөздер бойынша нәтижеміз – Қазақстанның ДСҰ-ға кіруде ауыл шаруашылығы өнімінің 8,5 жалпы құнын сақтап қалуында, деді Экономикалық интеграция жөніндегі министр Жанар Айтжанова. «Біздің келіссөз жүргізу үрдісінде біз аса назарды ауыл шаруашылығына аудардық ,себебі біздің елде 40 пайыз халық ауыл шаруашылығымен айналысып отыр. Сондықтан, келіссөздер ауыл шаруашылығын субсидиялау көлеміне әсер етіп, өнімінің өз бағасын сақтап қалу үшін бар күшті салуда. Инфрақұрылымға қолдау көрсету, ауыл шаруашылығы саласын зерттеу шаралары ДСұ құрамында да жүзеге асырыла береді. ДСҰ мүшелерінің бюджеттік қаржысына ешбір әсер болмайды», - деді ол. Сары қоржынға байланысты, министр атап өткендей, өткізілген келіссөздер өте күрделі болды. Қазақстаның ДСұ-ға енуі өте күрделі үрдіс болғаннан кейін к…

0
0
555

Елбасы үзеңгілестері Ұлт көшбасшысы туралы баяндап берді

Елбасының Кітапханасында «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» тақырыбында Тұңғыш Президент үзеңгілестерінің жастармен кездесуі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, шараға Теміртау қаласы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы директорының орынбасары Назира Ильясова, Астана жастарының жетекші ұйымдары, студенттер мен жоғары сынып оқушылары, еліміздің жетекші БАҚ өкілдері қатысты. Шараның мақсаты – Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы және Елбасы лауазымы жолындағы ерен еңбегін үзеңгілестерінің әңгіме-естеліктері арқылы жан-жақты ашып көрсету және танымал ету. Сонымен қатар іс-шара арқылы «Елбасы жолы» ұлттық формуласының теориялық-методологиялық мәселелерін айқындап, болашақ зерттеулерге тың серпін беру көзделген. Кездесу барысында қонақтар жеке-жеке сөз…

0
0
1199

Астанада «Астана Самалы — 2015» атты үрмелі аспаптар фестивалі өтеді

Астана күні қарсаңында Елордада қала тұрғындары мен қонақтарына арналған түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Солардың бірі – «Астана Самалы - 2015» үрмелі аспаптар фестивалі. Фестиваль 4-6 шілде аралығында еліміздің бас қаласының қалалық алаңдары мен саябақтарында өтеді. Астана күніне орай ұйымдастырылатын шараға Қазақстан мен Ресей өнерпаздары қатысады. Шара 4 шілде күні кешкі сағат 18:00-де ашылады. Бағдарлама аясында үрмелі, халық және эстрада әуендері орындалады. Ал, 5 шілде сағат 10:00-де қалалық әкімдік алаңында Астана әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының үрмелі аспаптар оркестрі, Ұлттық гвардияның ұлттық үрмелі оркестрі, Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының үрмелі оркестрі және Омбы филармониясының үрмелі оркестрі өнерлерін паш етеді. Күннің екінші жартысында аталған…

0
0
184

Сұлу болу сырлары қандай?

Бүгін 15:00-де «Әйел бақытын» көріңіз.

Сәнде бастысы – жарасымдылық. Адамның талғамына шектеу қоюға болмайды. Дизайнер мамандар бірнеше жыл қатарынан маңыздылығын жоймайтын,  уақытша сәнге бағынбайтын, классика болып қалатын киімдерді таңдауға кеңес береді.

Бүгінде елімізде сән әлеміндегі соңғы трендтерді барынша халыққа ұсынатын дүкендер көп-ақ. Олар қала тұрғындарының талғамын қалыптастырып та үлгерді.

Қазір жастардан бөлек, жасөспірімдер де сәнді киінгенді жөн көреді.  Сұлу болу сырлары қандай? Ажарлы әлпет пен сәнді киініп жүруді кімнен үйрене аламыз? Бүгін 15:00-де «Әйел бақытын» көріңіз.

0
0
727

«Astana Pro Team» велоклубы «Тур де Франс» көпкүндігіне қатысатын шабандоздар тізімін жариялады

Осы жылы 102-рет ұйымдастырылып отырылған «Тур де Франс» көпкүндігіне «Astana Pro Team» велоклубының атынан қатысатын шабандоздар тізімі белгілі болды. 4 шілде күні Нидерландының Утрехт қаласында басталатын велокөпкүндік 26 шілдеде Франция астанасы Париж қаласында аяқталады. «Astana Pro Team» велоклубының атынан өнер көрсететін спортшылар: Винченцо Нибали (Италия) Ларс Бум (Нидерланды) Микеле Скарпони (Италия) Андрей Гривко (Украина) Дмитрий Груздев (Қазақстан) Льюве Вестра (Нидерланды) Танел Кангерт (Эстония) Якоб Фульсанг (Дания) Рейн Таарамяэ (Эстония) Естеріңізге сала кетейік, «Тур де Франс» көпкүндігінің былтырғы жеңімпазы «Astana Pro Team» велоклубының капитаны – Винченцо Нибали. Astana Pro Team (Астана, Қазақстан) – қазақстандық кәсіби велокоманда. UCI ProTeam дәрежесін клуб құрылғ…

0
0
423

Әнші Берік Сексенбекұлы «Астана» әніне бейнебаян түсірді

Әнші, композитор Берік Сексенбекұлы бүгін «Таңшолпанда» қонақта болып, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті. Жуырда «Астана» әніне бейнебаян түсірген әнші: «Бейнебаянның сөзін жазған – Таңшолпан Абайқызы, әні – өзімдікі», - дейді. Берік Сексенбекұлы қазір «Мәңгілік ел» атты әнді жазып бітіріпті. «Одан басқа да әндер бар. Әндерім дені патриоттық бағытта. Алғашқыда, лирикалық әндерді де жаздым. Бірақ, Астананы көргенде ән жазбау мүмкін емес», - дейді ол. Домбырамен қатар, фагот атты аспапты шебер меңгерген Берік Сексенбекұлы әу баста бұл аспапты меңгеру ойында бомлағанын айтады. «Оқуға түсерде гитарамен ән айтамын, деп келдім. Алайда, онда мектептен алған музыкалық білім керек екен. Менде музыкалық білім болмаған соң, қабылдау комиссиясының мүшелері оқуға түсе алмайтынымды айтты. Содан…

0
0
588

Мемлекеттік Туға қойылатын талап қандай?

Егемен ел болып, етек-жеңіміз жиылып, ертеңімізге нық сеніммен қарауға медет болып, дем беретін басты факторлардың бірі – Республика рәміздері. Мемлекеттік ту, елтеңбе мен әнұран еркіндігімізді айғақтап, тәуелсіз, тұғырлы ел екенімізді паш етеді. Содан болса керек, халықтың ұлттық рәміздерімізге деген сый-құрметі айрықша, өзгеше. Осы орайда, ежелден көшпелі халықтың өмірінде үлкен маңызға ие болған байрақтың рөлін атай өту қажет. «Көк Тудың желбірегені Жаныма қуат береді...». Осы өлең жолдарынан-ақ Мемлекеттік рәміздің мән-мағынасын, оған деген құрметті байқауға болады. Ал, осы Мемлекеттік рәміздерге қойылатын талап қандай? «Әр Мемлекеттік Тудің стандарты бар. Бірінші – өлшемі. Мемлекеттік Тудың ені – 1 метр, ал, ұзындығы – 2 метр болуы керек. Екінші стандарт – матасына қарай Тудың екі тү…

0
0
960

«Таблиғи жамағат» ұйымына соттың тыйым салуының маңыздылығы

2011 жылдың 11 қарашасында толықтырулар мен өзгертулер енгізілген, қоғамда көп талқыға салынып әбден сүзгіден өткен «Діни қызмет және діни бірлестік туралы» заң қабылданды. Өзгертілген зaң Қaзaқстан Республикaсының өзін демокрaтиялық, зaйырлы мемлекет ретінде орнықтырaтынын, әр aдaмның aр-ұждaн бостaндығы құқығын растайтынын, Қазақстан Республикасы азаматтарының діни нанымына қарамастан, тең құқылы болуына кепілдік беретінін, халықтың мәдениеті мен рухани өмірін дамытуда ханафи мазхабындағы ислам және православтық христиан діндерінің тарихи рөлін танитынын, Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтінін, конфессияаралық келісімнің, діни төзімділіктің және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын танитынын негізге алады. Бұл–біздің мүддемізге,…

0
0
1034

Заманауи спорт нысандары жастарды жетістікке жетелейді

Шымкенттегі Қажымұқан атындағы орталық стадион аумағында ауқымды нысандар шоғырланғалы сәулеттік сәнімен дараланды. Спорт қалашығы қалыптасып келеді. Мұнда садақ ату, орталық су спорты және жеңіл атлетикалық кешен мен даңқты спортшылар аллеясы бар. Аталған нысандардың қаншалықты тиімді пайдаланылып жатқаны туралы тиісті сала басшылары журналистерге есеп берді», деп хабарлайды shymkenttv.kz. Облыстық кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі олимпиадалық спорт ойындарының 9 түрінен спортшылар дайындайды. Жаңадан қабырғаға оқ ату, садақ ату және таэквондо түрлерінен бөлімдер ашылып, жұмыстар жүргізілуде. Мұнда республикалық, халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстар ұйымдастырып, оқу-жаттығулар өткізуге толық мүмкіндік бар. Жарты ғасырдан астам тарихы бар жоғары спорт шеберлігі мектебі 9 «Қазақ…

0
0
549