Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Astana Pro Team» велоклубы «Тур де Франс» көпкүндігіне қатысатын шабандоздар тізімін жариялады

Осы жылы 102-рет ұйымдастырылып отырылған «Тур де Франс» көпкүндігіне «Astana Pro Team» велоклубының атынан қатысатын шабандоздар тізімі белгілі болды.

4 шілде күні Нидерландының Утрехт қаласында басталатын велокөпкүндік 26 шілдеде Франция астанасы Париж қаласында аяқталады.

«Astana Pro Team» велоклубының атынан өнер көрсететін спортшылар:

Винченцо Нибали (Италия)

Ларс Бум (Нидерланды)

Микеле Скарпони (Италия)

Андрей Гривко (Украина)

Дмитрий Груздев (Қазақстан)

Льюве Вестра (Нидерланды)

Танел Кангерт (Эстония)

Якоб Фульсанг (Дания)

Рейн Таарамяэ (Эстония)

Естеріңізге сала кетейік, «Тур де Франс» көпкүндігінің былтырғы жеңімпазы «Astana Pro Team» велоклубының капитаны – Винченцо Нибали.

Astana Pro Team (Астана, Қазақстан) – қазақстандық кәсіби велокоманда. UCI ProTeam дәрежесін клуб құрылған 2007 жылы алды.

Команда құрылған жылы-ақ топ мүшесі Александр Винокуров Испанияның Вуэльта турнирін жеңіп алады. Өз тарихында «Astana Pro Team» Джиро д`Италия, Тур де Франс сияқты беделді жарыстардың біразында жеңімпаздар қатарынан көрінді.

0
0
414

Осы тақырып бойынша