Мемлекеттік Туға қойылатын талап қандай?
Егемен ел болып, етек-жеңіміз жиылып, ертеңімізге нық сеніммен қарауға медет болып, дем беретін басты факторлардың бірі – Республика рәміздері. Мемлекеттік ту, елтеңбе мен әнұран еркіндігімізді айғақтап, тәуелсіз, тұғырлы ел екенімізді паш етеді. Содан болса керек, халықтың ұлттық рәміздерімізге деген сый-құрметі айрықша, өзгеше.

Осы орайда, ежелден көшпелі халықтың өмірінде үлкен маңызға ие болған байрақтың рөлін атай өту қажет.
«Көк Тудың желбірегені
Жаныма қуат береді...».
Осы өлең жолдарынан-ақ Мемлекеттік рәміздің мән-мағынасын, оған деген құрметті байқауға болады. Ал, осы Мемлекеттік рәміздерге қойылатын талап қандай?
«Әр Мемлекеттік Тудің стандарты бар. Бірінші – өлшемі. Мемлекеттік Тудың ені – 1 метр, ал, ұзындығы – 2 метр болуы керек. Екінші стандарт – матасына қарай Тудың екі түрі бар. Габардин және политекс. Политекс сыртқа қолданылады , яғни, ғимараттардың төбесіне. Ал, габардин кабинеттің ішіне арналған»,-дейді маман Мергүл Түкенова.
Кестеленіп тігілетін Ту мекеме ішіне қойылады. Ал, басып шығарылатын политекс сыртқа ілуге арналған. Себебі, ол ауа райының қолайсыз жағдайларына шыдамды келеді. Сонымен қатар, дизайнерлер Туда қолданылатын түстің үлес салмағын да өлшеп жасайды.
Егер Мемлекеттік Ту жасатуға тапсырыс беретін болсаңыз, компанияның рәмізді дайындап, басып шығаруға мемлекет тарапынан рұқсат етілген құжаты, яғни, сертификаты болуы керек.
Мемлекеттік рәмізге қойылатын тағы қандай талаптар бар? Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.
Мазмұнды сұхбаттар мен қызықты деректер, ән мен жырдан шашылған шашу сіздерді әр таң сайын 07:00 мен 10:00 аралығында «Қазақстан» ұлттық телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасында күтеді.
