Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Астанада «Астана Самалы — 2015» атты үрмелі аспаптар фестивалі өтеді

Астана күні қарсаңында Елордада қала тұрғындары мен қонақтарына арналған түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Солардың бірі – «Астана Самалы - 2015» үрмелі аспаптар фестивалі.

Фестиваль 4-6 шілде аралығында еліміздің бас қаласының қалалық алаңдары мен саябақтарында өтеді.

Астана күніне орай ұйымдастырылатын шараға Қазақстан мен Ресей өнерпаздары қатысады.

Шара 4 шілде күні кешкі сағат 18:00-де ашылады. Бағдарлама аясында үрмелі, халық және эстрада әуендері орындалады.

Ал, 5 шілде сағат 10:00-де қалалық әкімдік алаңында Астана әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының үрмелі аспаптар оркестрі, Ұлттық гвардияның ұлттық үрмелі оркестрі, Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының үрмелі оркестрі және Омбы филармониясының үрмелі оркестрі өнерлерін паш етеді.

Күннің екінші жартысында аталған өнер ұжымдары «Студенческий», «Ғашықтар» және «Жерұйық» саябақтарында концерт қояды. Ал, кешкі 17:00-ден 19:00-ға дейін «Бәйтерек» монументінің алдында оркестрлердің бэнд-марафоны өтеді.

6 шілде күні фестивалі аясында Республика даңғылындағы «Астана» ұлттық картина галереясынан қалалық алаңға дейін жалғасатын парад ұйымдастырылады.

Түрлі сыбызғы мен мыс аспаптардың асқақ үні мен таң қалдырар әуендерін естимін десеңіздер, біз ұсынған кестеге көз сала жүріңіздер.

0
0
175

Осы тақырып бойынша

Астанада «Астана Самалы — 2015» атты үрмелі аспаптар фестивалі өтеді - Yvision.kz