Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Заманауи спорт нысандары жастарды жетістікке жетелейді

Шымкенттегі Қажымұқан атындағы орталық стадион аумағында ауқымды нысандар шоғырланғалы сәулеттік сәнімен дараланды.

Спорт қалашығы қалыптасып келеді. Мұнда садақ ату, орталық су спорты және жеңіл атлетикалық кешен мен даңқты спортшылар аллеясы бар. Аталған нысандардың қаншалықты тиімді пайдаланылып жатқаны туралы тиісті сала басшылары журналистерге есеп берді», деп хабарлайды shymkenttv.kz.

Облыстық кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі олимпиадалық спорт ойындарының 9 түрінен спортшылар дайындайды. Жаңадан қабырғаға оқ ату, садақ ату және таэквондо түрлерінен бөлімдер ашылып, жұмыстар жүргізілуде. Мұнда республикалық, халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстар ұйымдастырып, оқу-жаттығулар өткізуге толық мүмкіндік бар. Жарты ғасырдан астам тарихы бар жоғары спорт шеберлігі мектебі 9 «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шеберін», 108 «Халықаралық дәрежедегі спорт шеберін», 500-ге жуық спорт шеберлерін тәрбиелеген. Мектепте еңбек еткен 41 жаттықтырушы «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы» атағын иеленген. Осыдан 3 жыл бұрын бой көтерген кешенде жүзу спортына жаны құмар жастар үшін барлық жағдай жасалған. 600 бала аптасына 6 рет тегін жүзу спортымен айналысады. Олар 2014 жылдың өзінде 4 республикалық жарысқа қатысып, жүлделі орындарға ие болған.

Айта кетейік, бір ғана 2014 жылы қаланың 90 мыңға жуық жас өркені осындағы қауызға түсіп, пайдалы спорт түрімен айналысқан. Мамыр айында өткен республикалық жарыста оңтүстік сайыпқырандары 909 ұпаймен қарсылас командаларды басып озып, жүзу спортының жүйрігі атанды. Өңір жастары бұл жетістікке күнделікті дайындықтың арқасында қол жеткізді.

 
0
0
540

Осы тақырып бойынша

Заманауи спорт нысандары жастарды жетістікке жетелейді - Yvision.kz