Мазмұнға өту

Жаңа

Қызылорда облысында «STOP-трафик» іс-шарасы аясында 4 қылмыс анықталды

Ағымдағы жылдың 29 маусым – 1 шілдесі аралығында Қызылорда облысы аумағында «STOP трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілген болатын. Аталған шараның басты мақсаты – адам саудасына байланысты қылмыстарды ашу, ескерту, жолын кесу және еңбегін қанау мақсатымен адамдарды ұрлау және бас бостандығынан айыру саласындағы қылмыстарды анықтау болып табылады. Шара барысында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҚР ҚК-нің 309-бабы, яғни Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық дерегі бойынша 4 қылмысты анықтап, барлығына қатысты қылмыстық істер қозғады. Атап айтқанда, 29 маусым күні А есімді қала тұрғыны демалушы азаматтарға жеңіл жүрісті жас қыздарды тауып беріп, осы қызметі үшін олардан әр түрлі көлемде ақша алып, пайдакүн…

0
0
381

ШҚО мен Қытайдың сыртқы тауар айналымы 2015 жылдың 4 айында 169,9 млн долларды құрады

Шығыс Қазақстан Облысы және Қытай Халық Республикасы кәсіпкерлері іскерлік кездесу барысында бірлесе жұмыс жасауға дайын екендіктерін жеткізді. Аталған кездесу барысында, ауыл шаруашылығы мен туризмді дамыту және инвестиция тарту мақсатында 4 меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы. Өскемен қаласына Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының Бас елшісі Чжан Вэйдің басшылығымен Қытай және Қазақстан арасында экономикалық қарым-қатынасты нығайту мақсатында 80-нен астам делегация өкілдері келді. «Бүгін бірлескен кәсіпорындар құру бойынша, бірқатар сұрақтарды қарастырып өттік. Соның ішінде, туристік бизнесті және мал шаруашылығын дамыту жобаларына ерекше көңіл бөлінуде. Шілде айының соңына дейін облысқа мамандар тобы келіп, алдағы жұмыс жоспарын құрады. Бі…

0
0
592

Қостанай облысында асыл тұқымды малының төлдерін сату бойынша халықаралық аукцион өтуде

Қостанай облысы Қарабалық ауданында Абердин-Ангус асыл тұқымды малының төлдерін сату бойынша Бірінші халықаралық аукцион өтті. Аукцион ең алдымен «Сыбаға» бағдарламасының қатысушыларына, сондай-ақ асыл тұқымды малды өсірушілер мен басқа да қызушылық танытқан тұлғалар үшін ұйымдастырылды. Аукцион асыл тұқымды төлдерді сатып алудың ең демократиялы тәсіл болып табылады, бұл ықтимал сатып алушылардың малдарды көзбе-көз бағалауға мүмкіндік береді. Аукционға барлығы 310 бас мал сатуға шығарылды, соның ішінде 180 ұрғашы және 130 еркек бұзаулар. Ұрғашы малдардың жасы 12-14 ай, орта салмағы – 350 кг. Еркек бұқалардың жасы 13-14 ай, орта салмағы – 480 кг. Бүгінгі таңда Қазақстанда 50-ден астам шаруашылықтар абердин-ангус тұқымды өсірумен айналысады. Оның ұстаудың тиімділігі – өнім бірлігіне жұмсалғ…

0
0
822

Б.Сапарбаев Маңғыстау облысының еңбек ұжымдарымен кездесті

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды. Сапар барысында вице-премьер өнеркәсіп кәсіпорындары, әлеуметтік нысандар жұмысымен танысып, еңбек ұжымымен кездесті және өңірді әлеуметтік дамыту мәселелері бойынша бірқатар кеңестер өткізді, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрдің ресми сайты. Жаңаөзен қаласында Б.Сапарбаев «Өзенмұнайгаз» АҚ жер асты жабдықтарын жөндеу бойынша кәсіпорнында болып, онда өндірістік процеспен танысты, сондай-ақ мұнай-газ секторы кәсіпорындарының жұмысшыларымен кездесті. Кездесу барысында әлеуметтік саланың өзекті мәселелері бойынша мүдделі сұхбаттасу өтті, ол аяқталған соң вице-премьер проблемалық сауалдарға жауап берді. Премьер-Министрдің орынбасары сондай-ақ ТКШ, әлеуметтік сала кәсіпорындарының қызметімен тан…

0
0
283

Астанада «Қазақ хандары» кітабы таныстырылды

Астанада академик, тарих ғылымдарының доктары Берекет Кәрібаевтың «Қазақ хандары» атты жаңа тарихи-танымдық кітабы таныстырылды. Кітап Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында жарық көрген. Автор бұл еңбегі үшін 20 жыл уақытын сарп еткен. «Менің Қасым-хан туралы алғашқы мақалам 1995 жылы «Егемен Қазақстан газетінде басылып шықты. Ол кезде мақалам 15 беттен тұратын. Кейін маған осы жұмысты жалғастыру ұсынылды. Сөйтіп, Жәнібек, Керей, Бұрындық, Мамаш, Тахир, Буйдаш, Ахмет, Тоғым хандар туралы жазды. 2000 жылы Аруна баспасы ұсыныс жасап,алғашында Керей, Жәнібек, ұрындық,Қасым, Хақназар, Тәуке –қазақь хандары туралы жай брошура жазып шықтым», - деді сөз басында Б.Кәрібаев. «Бұрын-соңды оқулықтар, басқа да зерттеулерден қазақ хандары туралы белгiлi, бiрақ олар жүйелi түрде толық түрде зерттелмеген…

0
0
501

Қазақстанның электрондық үкіметімен 100 миллион қызмет көрсетілді

Электрондық үкіметпен қазақстандықтарға көрсетілген қызметтер саны 100 миллионға жетті. Сонымен қатар осы жылдың алты айы ішінде 19 миллионнан астам қызмет көрсетілді, деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ. Электронды үкімет – ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамтамасыз ететін, мемлекет пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмі. Мемлекеттік органдарға кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын және тағы басқаларын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға мүмкіндік берген де дәл осы механизм. Басқаша айтқанда, электронды үкімет деп лицензияны рәсімдеу үшін ЖСН ғана керек болатын (басқа ақпараттың бәрі дағдылы сұранымдар арқылы алынады), коммуналдық қызмет ақылары мен айыппұлдарды онлайн…

0
0
429

Зейнеп Ахметова: Қыздары тексіз елдің іргесінен ырыс кетеді

Жазушы, этнограф Зейнет Ахметова «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбат берді. Еліміздегі басты мейрамдардың бірі Жеңістің 70 жылдығы. Әңгімесін осы тақырыптан бастаған Зейнеп Ахметова: «Қазақстанда соғыстың зардабын тартпаған бірде бір отбасы жоқ. Аталарымыздың қанымен, аналарымыздың маңдай терімен келген Жеңіс солардың арқасы екенін түсінуіміз керек. Қазақстанның қай түкпіріне барсаң да, «Біздің Баукең»,-дейді. Өйткені, қазақ атамды бөлген жоқ, ата қазақты бөлмеді. Ата туралы түрлі спектакльдер қойылып, фильмдер түсірілуде, көше атаулары бар. Естуімше, биылдың өзінде тағы төрт мектепке атаның есімі беріліпті. Бірақ, атаның әскери ғылымы біздің әскерилердің арасында жақсы жүріп жатқан жоқ. Керісінше, Түркия, Израиль, Куба сынды мемлекеттерде сабақ ретінде оқытылуда. Ал, біздің елде заңды түрд…

0
0
1601

ДСҰ-ға кіруді барлық мәселелердің шешімі деп қарауға болмайды – А. Мамытбеков

АСТАНА. ҚазАқпарат – ДСҰ-ға кіруді барлық мәселелердің шешімі деп қарауға болмайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен «Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөздердің аяқталуы туралы» баспасөз мәжілісінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков айтты. “ДСҰ-ны қандай да бір санаторий немесе барлық мәселелердің шешімі деп қарастыруға болмайды. ДСҰ – бәсекелестіктің жаңа сатысы, жаңа белестер мен жаңа тәуекелдер. Бұл импортшылардың мүмкіндіктерінің артуы”, – деп атап өтті А. Мамытбеков. Оның айтуынша, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жаңа инвестициялар тартуға, дау-жанжалдарды халықаралық соттарда шешуге, сондай-ақ халықаралық сауда ережелерін құруға атсалысуға мүмкіндік береді. “Менің ойымша, ауыл шаруашылығы үшін көптеген мүмкіндікт…

0
0
421

ДСҰ отандық фермерлердi субсидиялауға ешқандай шектеу қоймайды – А.Мамытбеков

Қазақстан Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiрген соң фермерлердi субсидиялау бойынша ешқандай шектеу болмайды. Бұл жөнiнде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде «Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөздердің аяқталуы туралы» атты баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрi Асылжан Мамытбеков мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi. «Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiру бойынша жүргiзiлген келiссөздер барысында ауыл шаруашылығы саласына қатысты мәселелер қызу талқыланған мәселелердiң бiрi болды және күнi кешеге дейiн созылды. Нәтижесiнде, Қазақстан жыл сайын өндiрiлетiн жалпы өнiмнiң 8,5% көлемiнде ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау құқығына ие болды. Ұйымға мүше Ресей мен Украинаға берiлген бұл мүмкiндiк 5% шегiнде болғанын атап өту керек. ДСҰ әдiстемесi бойынш…

0
0
520

Ұлттық тестілеу орталығының директоры талапкерлердің көкейкесті сұрақтарына жауап берді

El.kz редакциясы биылғы мектеп бітірушілері мен жоғары оқу орнына түсуді көздеген өзге де адамдар үшін «Талапкер 2015» атты жаңа айдар ашып, жоғары бакалавр атанамын деуші жастар үшін барлық қажетті ақпаратты жариялаумен айналысып келеді. Осыған орай, мемлекеттік білім грантын жеңіп алу бойынша бірқатар маңызды сұрақтар әзірлеп, Ұлттық тестілеу орталығының директоры Әбдиев Қали Сейілбекұлына жолдаған болатынбыз. Мекеме басшысы журналистік сауалнамаға жауапкершілікпен қарап, қысқа уақыт аралығында мазмұнды жауап берді. – Ауыл квотасы дегеніміз не? Оны кімдер және қалай пайдаланады? Ол қалай жүзеге асады? 30 пайыз деген қайдан пайда болды? Ауыл квотасы барлық мамандықтарға қолданыла ма? Ауыл квотасының иегерлері ауылға қайтуға міндетті ме? Міндетті болса қай ауылға баруы тиіс? – Ауыл квотас…

0
0
629